1-сабақ Сабақтың тақырыбы



бет7/10
Дата24.05.2017
өлшемі4,86 Mb.
#16941
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

9. Жаңа тақырыпты бекіту-20 минут (22%)

Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу:



1. Қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің механизмін;

2. Әкімшілік – құқықтық қатынастардың мазмұнын;

3. Әкімшілік – құқықтық қатынастардың түрлерін;

4. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын меңгеруі қажет.

10. Сабақты қорытындылау-5 минут (6%)

а) Оқушыларды бағалау.

ә) Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау

1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару.

2) ҚР Мемлекеттік басқару органдарының құрылымы.

3) Атқарушы органдар. Мемлекеттік аппараттың түсінігі, нысандары, қызмет түрлері.



11. Үйге тапсырма беру- 5 минут (6%)

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлік құқық негiздерi.

Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу.

Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді теориялық сабаққа арналған дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу.

Әкімшілік құқық, жергілікті басқару құқығы және т.б

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:


  1. Әкімшілік құқық түсінігі, пәні, қайнар көздері

  2. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы

  3. Қазақстан Республикасының азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі

  4. Атқарушы билік және мемлекеттік қызмет

  5. Мемлекеттік басқару заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету амал-тәсілдерінің жүйесі

  6. Әкімшілік  қадағалау түсінігі

11-САБАҚ

1.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк басқару.

2. Сағат саны – 135 минут (100%)

3.Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік қызметшінің  мемлекеттік  органдарда  мемлекеттік биліктік  міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған  лауазымдық  өкілеттіліктердің ресми қызметінің барысын түсіндіру, Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі, мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады.

оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру ( Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы

6. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

Ұйымдастырылу кезеңі- 7 минут (6%)

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) сабақтың мақсаты мен міндеті



7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білім тексеру – 22 минут (16%)

1. Қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің механизмін;

2. Әкімшілік – құқықтық қатынастардың мазмұнын;

3. Әкімшілік – құқықтық қатынастардың түрлерін;

4. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын меңгеруі қажет.

8. Жаңа сабақ түсіндіру- 60 минут(44%)

Ақпаратты – дидактикалық бөлім: Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 2-бабында: «Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген.

Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі.

Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.

Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекеттік аппарат» және «мемлекет механизмі» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік аппарат – бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі.

Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.

Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:


  1. тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;

  2. құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:

а) құқықтық шығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;

б) құқық қолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;

в) құқық қорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет.

Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне тоқталып өтелік.

Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).

Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады.

Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері ұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының құрылымы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар жатады:

1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;

2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;

3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;

4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті

ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары жатады.

Мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардан тұрады.

Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме.

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

- мемлекеттік билік органдары;

- мемлекеттік атқару органдары;

- сот билігі.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары – бюро, жұмыс органдары – тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:

1) заңдар қабылдайды;

2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;

3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;

4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;

5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;

6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;

7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 9-бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.

Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.

Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.

Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.



Атқарушы органдар. Мемлекеттік аппараттың түсінігі, нысандары, қызмет түрлері

Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкіметті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орынбасарлары, Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика Президенті құрады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі төмендегідей: Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика үкіметі өз міндеттерін атқара береді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтелік:



  1. мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

  2. Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

  3. Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;

  4. Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;

  5. Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;

  6. Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

  7. Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;

  8. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  9. Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.

Үкімет құрылымы төмендегідей: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өздерінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премъер – Министр және оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.

Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитеттің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы болып табылады. Ол министрлігінің, министрлік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.

Енді, Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру сұрақтарына тоқталып өтетін болсақ.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-тарауы Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыруға арналған.

Үкіметтің отырыстары айына кем дегенде бір рет өткізіліп отырады. Үкіметтің отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президенті шақырады.

Үкіметтің отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етеді, ол болмаған кезде міндеттердің бөлінуіне сәйкес Премьер-Министрдің міндетін атқаратын Премьер-Министрдің орынбасарлары төрағалық етеді. Үкімет ерекше маңызды мәселелерді қарағанда оның отырыстарында Республика Президенті төрағалық етеді.

Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі Үкімет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

Үкімет отырыстары ашық нысанда өткізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін. Үкімет отырыстарын әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет Регламентімен белгіленеді.

Республика Премьер-Министрі Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі; Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста Үкіметтің атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; Үкімет мүшелерінің орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдап отырады; заңмен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді атқарады.

Сот билігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында Қазақстан Республикасының Әскери соттары болады.

Республиканың тәуелсіздік алуына байланысты 1993 жылы қабылданған Республикалық Конституцияда сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені көрсетіліп, сот билігінің өзге мемлекеттік биліктердің қатарында екендігіне кепілдік берілді. Аталған Конституция судьялардың сайлануы мерзімін 10 жылға дейін ұзартты.

1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданған мемлекетіміздің жаңа Конституциясының дүниеге келуінен басталды. Жаңа кезең бойынша сот құрылымына тек Республика Жоғары Соты және жергілікті соттар жататындығы белгіленіп, бұл соттар тұрақты судьялардан тұратын болды. Сөйтіп, бұрынғы Конституциялық Сот және Жоғарғы Төрелік Сот таратылды.

2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен байланысты. Жарлықпен Республикадағы соттар қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің ықпалынан толығымен шығарылды.

9. Жаңа тақырыпты бекіту-30 минут (22%)

Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу:

1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару.

2) ҚР Мемлекеттік басқару органдарының құрылымы.

3) Атқарушы органдар. Мемлекеттік аппараттың түсінігі, нысандары, қызмет түрлері.

10. Сабақты қорытындылау-8 минут (6%)

а) Оқушыларды бағалау.

ә) Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау

1) Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы.

2) Әкімшілік жауаптылықтан босату.,

11. Үйге тапсырма беру- 8 минут (6%)

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару. Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу. Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді теориялық сабаққа арналған дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу. ҚР Мемлекеттік басқару органдарының құрылымы



Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары;

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару органдарының құрылымы;

3. Атқарушы органдар. Мемлекеттік аппараттың түсінігі, нысандары, қызмет түрлері;

4. Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидалары;

5. Жергілікті әкімшіліктің негізгі құқықтары;

6. Мемлекеттік басқарудың ұйымдатырылу құқықтары

12-САБАҚ



1. Сабақтың тақырыбы: Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауаптылықтан босату.

2. Сағат саны – 90 минут (100%)

3.Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: : Әкімшілік құқық - қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет