1-сабақ Сабақтың тақырыбы



бет6/10
Дата24.05.2017
өлшемі4,86 Mb.
#16941
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сайлау алдындағы үгiт

Сайлау алдындағы үгiт - сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет.

Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;



  • Сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулердi, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және заңнамада белгiленген тәртiппен және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткiзу жолымен;

  • Баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары болып табылатын кандидаттардың өзінің лауазымдық және қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынады.

Кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ.

Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады.

Сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады.

Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткiзуге тыйым салынады.

Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның, сондай-ақ олардың сенiм бiлдiрген адамдарының осы тармақта белгiленген ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешімнің күшiн жоюға әкеп соғады.

Қандай да бiр адамның бейнесiн - оның жазбаша келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің жазбаша келiсімінсiз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге тыйым салынады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес белгiленген тiркеу мерзiмi аяқталған кезден бастап, үгіт науқаны аяқталғанға дейiн кандидаттардың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың өздерiнiң сайлау алдындағы бағдарламаларын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында үгiттеуге және насихаттауға құқығы бар.

Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзуi үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткiзуiнiң тең жағдайына кепiлдiк беріледi.

Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшiн бiрдей қаражат бөлiнуіне кепiлдiк бередi. Әрбiр кандидаттың телевизиядан он бес минуттық сөз сөйлеуiне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат берiледi.

Партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар теледидарда Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын, ол белгiлейтiн уақыт көлемiнде саяси пікiр-сайыстарға қатысуға құқылы.

Тиісті сайлау комиссиялары партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттарға плакаттар, листовкалар, ұрандар мен өзге де үгіттiк баспа материалдарын басып шығару үшiн бiрдей мөлшерде ақша бөледi. Барлық үгiттiк баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс. Yгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.

Кандидаттар үгiттiк баспа материалдарын тиiстi объект иесiнiң рұқсатымен өзге де орындарда iлiп қоюға құқылы.

Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға тыйым салынады.

Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына кандидаттар өз сайлау қорларының қаражаты есебiнен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге, қосымша үгіт материалдарын шығаруға байланысты шығындарды төлеуге, сондай-ақ көлiк және iссапар шығыстарының орнын толтыруға құқылы. Бұл мақсатқа кез келген басқа көздерден өзге ақша тартуға, сайлау науқаны барысында кандидаттар пайдаланатын, кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан ақысы төленбеген жеке және заңды тұлғалардың кез келген тауарын, жұмысы мен қызметiн қабылдауға, аталған жеке және заңды тұлғаларға осы қызметтердің көрсетiлгенi үшін кандидат тарапынан жәрдемнің кез келген түріне тыйым салынады.

Кандидатқа, саяси партияларға сайлау алдындағы үгітті жүргiзуге байланысты қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларда олардың осы қызметтердi қабылдауға жазбаша келiсiмi болуға тиiс. Жазбаша келiсiмi жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді және Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеуді Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде Орталық сайлау комиссиясының шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгiзедi.

Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.

Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бестен жетіге дейінгі процентін алған саяси партия осы баптың бірінші тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің елу проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.

Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі процентін алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.

Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.

Кандидаттарды тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

Тіркелгенге дейін кандидат және оның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына табысы және мүлкi туралы декларация тапсырады.

Партиялық тізімдерді тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:


  • Республиканың Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшiрмесi қоса тіркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірме;

  • азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтiнiшi;

  • партиялық тізімге енген әрбір адам туралы өмiрбаяндық деректер;

  • кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;

  • саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат;

  • партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.

Тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім ғана жіберіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:



  • Ассамблея Кеңесінің кандидаттарды ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

  • азаматтың депутаттыққа кандидат болып сайлауға түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған әрбір адам туралы өмiрбаяндық деректер;

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы.

Партиялық тiзiмді тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға екі күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот бір күн ішінде шағым бойынша шешім шығарады.

Партиялық тізімдерді тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда аяқталады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлаудан он күн бұрын басталып, оған бес күн қалғанда аяқталады.

Кандидат өз кандидатурасын қалай алып тастай алады?

Партиялық тiзiмді тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға екі күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот бір күн ішінде шағым бойынша шешім шығарады.

Кандидаттарға қандай кепілдемелер беріледі?

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап және сайлаудың қорытындылары жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиыннан босатылуға құқылы. Кандидаттардың сайлауға қатысқан уақыты олар тіркеу күніне дейін жұмыс істеген мамандығы бойынша еңбек өтіліне есептеледі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап сайлаудың қорытындылары жарияланған күнге дейін олардың келісімінсіз жұмыстан босатыла, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстырыла, сондай-ақ іссапарға жіберіле алмайды және әскери жиындарға шақырылмайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап сайлаудың қорытындылары жарияланған күнге дейін, сондай-ақ депутат ретінде тіркелгенге дейін, Орталық сайлау комиссиясының келісімінсіз, қамауға алуға, еріксіз айдап алып келуге, сот шешімімен әкімшілік жазаға тартуға, қылмыстық жауапқа тартуға, сондай-ақ, тікелей қылмыс үстінде ұсталғаннан және ауыр қылмыс жасағаннан басқа жағдайларда, ұстауға болмайды.

9. Жаңа тақырыпты бекіту – 30 минут (22 %)

Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу:

1. Сайлау, сайлау жүйесінің және құқығының түсінігі.

2. Сайлау құқығының негізгі қағидалары.

3. Сайлау алдындағы үгiт

10. Сабақты қорытындылау – 8 минут (6%)

а) оқушыларды бағалау

б)келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

1. Қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің механизмін;

2. Әкімшілік – құқықтық қатынастардың мазмұнын;

3. Әкімшілік – құқықтық қатынастардың түрлерін;

4. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын меңгеруі қажет.

11.Үйге тапсырма беру – 8 минут (6%)

Сабақтың тақырыбы: Сайлау, сайлау жүйесінің және құқығының түсінігі.

10-САБАҚ

1.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлік құқық негiздерi.

2. Сағат саны: – 90 минут (100%)

3.Сабақтың мақсаты: Әкімшілік құқық - қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні.

оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру ( Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы

6. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

Ұйымдастырылу кезеңі- 5 минут (6%)

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) сабақтың мақсаты мен міндеті



7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білім тексеру – 15 минут (16%)

1. Сайлау, сайлау жүйесінің және құқығының түсінігі.

2. Сайлау құқығының негізгі қағидалары.

3. Сайлау алдындағы үгiт



8. Жаңа сабақ түсіндіру- 40 минут(44%)

Ақпаратты – дидактикалық бөлім:

1. Әкімшілік құқық ұғымы. Әкімшілік құқық атқарушы билік органдарының (Үкімет, министрлер мен ведомстволар, өзге де орталық атқарушы органдар, әкімияттар, сондай-ақ басқа да жергілікті атқарушы органдар) қызметін ұйымдастырумен байланысты қатынастарды реттейді, олардың құрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімшілік құқықпен сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтармен жэне өздерінің кұзіреттеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауы барысында туындаған қатынастары, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықпен байланысты қатынастар реттеледі.

Әкімшілік құқық жалпы әмбебеп жинақталған актінің болмауымен сипатталады, мұның соңғысы құқықтың осы саласымен реттелетін қатынастар құрамының күрделі болуына байланысты. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, әкімшілік-құкықтық қатынастары нормалары бар жэне осы қатынастарды реттейтін өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болатын халықаралық-құқықтық келісімдер болып табылады.

Әкімшілік құқық мемлекеттік билік органдарының билік-өкім басқару өкілеттіктерімен сипатталады. Заңның негізінде және олардың құзіретіне сәйкес қабылданатын шешімдер орындау үшін міндетті болып табылады. Ол өзінің ішкі мазмұны жағынан олардың ерік беру - шешімдер жолданатын адамдардың белсенді іс-әрекеттеріне құқық беру; тыйым салу -белгілі бір әрекеттер жасаудан тартыну талабы, нұсқаулар, яғни белгілі бір әрекеттер жөнінде адамдарға міндеттер жүктеу сипатында болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде, әкімшілік құқық саласының ерекшелігін дәлелдейді, бұл әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілері жағдайының бірдей маңызды болмайтынынан көрінеді. Алайда, осыған қарамастан, әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар, мұның азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін сипатта болатынындай тең болып табылмайды. бұл ұғым азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалады деген сөз емес. Әкімшілік заңнамасында осы қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері айтылады, олар азаматтар мен заңды тұлғалардың, олардың арасындағы қатынастарындағы мемлекеттік органдар мен уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым беру мүмкіндігіндей кұзіретін айқын реттеуден көрінеді.

Сонымен әкімшілік құқық Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің құрамды буыны болып табылады. Әкімшілік құқықтың тағы бір маңызы мынада: қаржы, банк, кеден, салық құқығы және басқалары сияқты құқық салаларының жаңа ииституттарын кұру процессінде әкімшілік-құқықтық нормалар басқарушы, әдістемелік орталық рольді атқарады, және олардың орнығуына, кешенді институттар мен дербес салалар болып бөлініп шығуына көмектеседі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заннаманың міндеті адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитарлық-эпидемиоло-гиялық саулығын, қоршаған ортаны, коғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, белгіленген тәртіпте жүзеге асыратын мемлекеттік билікті, ұйымдардың заңмсн қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.

Қазақстан Республикасының «әкімшілік құқығы» мемлекеттік басқарудың негіздерімен байланысты мәселелерді қамтиды, атқарушы өкіметтің жүйесін ашады, сонымен қатар жеке адамдардың мемлекетті басқарудағы рөлін көрсетеді. Ол экономиканы мемлекеттік басқарудың құқықтық, әлеуметтік дамуы мен мәдениеттің, әкімшілік-саяси құрылымдардың, Қазақстан Республикасы салааралық мемлекеттік басқарудың негіздерін, сонымен қатар басқармалық қызметте заңдылықты қамтамасьп ету нысандары (формалары) мен әдістерін оқытуды қарастырады.

Қазақстан Республикасының «әкімшілік құқығы» мемлекеттік басқару жүйесі мен бұл саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизміне түсінік береді.



2. Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі негізгі саланың бірі. Белгілі құқықтанушы Алексеевтің ойынша құқық миссиясы терең кажеттіліктерден туындаған.

Олар:


- азаматтық қағидаларды (принциптерді) қалыптастыру.

- басқарудағы түрлі мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ету.

- автономды тұлғаның дербес мәртебесін (статусын) сақтау.

Бұлардың бірі әкімшілік құқыққа да қатысты. Қоғамдық

санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің күштеу құралы ретінде қалыптасқан. Әкімшілік құқық конституциялық қылмыстық құқықтар секілді дербес құқық саласы болып табылады. «Әкімшілік» сөзі латынша «басқару» мағынасында, сондықтан бұл саланы көбінс «баскару құқығы» деп те атайды. Сонымен әкімшілік құық дегеніміз мемлекеттік басқару саласында, атқарушы мемлекеттік органдар қызметін жүзеге асыру процессінде қаллыптасатын қоғамдық катынастарды реттейтін заң саласы.

Әкімшілік құқықтық реттеу мемлекеттік басқару аясында карастырылады, сонымен қатар әкімшілік құқық тұрғысынан басқару мазмұнындағы қатынастар мәселесі көтеріледі.

Әкімшілік кұқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік құқықтық реттелуін қарастырып, тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың орындалуын тақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқықтық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айқындап, сонымен қатар басқарушы мен басқарылушы тараптардың қызметін реттейді.

Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:

- қоғамның, мемлекеттік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімшілік биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай жасау.

- атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.

- атқарушы биліктің қалыптасуымен байланысты адамадар мен олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарының нығаюына оң әсер ету.

- азаматтар мен қоғамды - атқарушы биліктің бір жақты озбырлығынан қорғау.

- қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту,

- Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.

- әкімшілік нормалармен, өзге де құқық салаларымен реттелген қоғамдық қатынастарды қорғау.

- қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес басқару саласындағы қатынастарды ығыстыру.



3. Әкімшілік құқық - оқу пәні және ғылым ретінде. Қазіргі әкімшілік құқық - құқық саласы ретінде құқық жүйесіндс жеткілікті деңгейде жеке тұлға құқығын нығайтатын және оны әкімшілік үстемдіктен қорғайтын нормалар пайда болған кезде қалыптасты. Әкімшілік құқық жәй ғана атқарушы биліктің еркін ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар үлкен құбылыс болып саналады. Әкімшілік құқық - өте маңызды, әрі күрделі сала, өйткені мемлекеттік әкімшіліктің қоғамдық мәні зор. Басқару қоғамның барлық саласында бар және оның қызмет көлемі үлкен, мазмұны әр қилы.

Әкімшілік құқық - құқықтық нормалар мен институтардың біртұтас жүйесі. Оларды біріктіретін қағидалары (принциптері), мақсаттары, реттеу әдістері және пәні. Әкімшілік құқық әлеуметтік мүддеге қызмет ете отырып өзге құқық салалары секілді өзінің зандық басымдықтары ретінде азаматтардың кұқықтары мен бостандықтарын қарастырады. Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың бұлжымас-абсолюттік құқық-тарының концепциясы айқындалған.

Әкімшшік құқықтың басты мақсаты - мемлекеттік билік аппаратын заң мүддесіне қызмет етіп, оның талаптарын орындауға бағыттау. Құқық салалары өзара пәні, құқықтық реттеу әдістері бойынша ажыратылады. Зандық әдебиеттерде әкімшілік құқықтың ғылым немесе пән ретінде қатынасы әлі де таластар тудыруда. Әкімшілік құқық пәні дегеніміз оның нормаларымен реттелетін қатынастар жүйесі. Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі жеке сала ретінде қоғамдьқ қатынастардың ерекше тобын реттейді. Олар мемлекеттік басқару саласында пайда болып, дамып, жойылатын қатынастар. Мұндай қатынастар әр қилы, әрі әкімшілік құқық пәнін құрайды. Бұлар басқарушылық қатынастар деп аталады.

Әкімшілік құқық пәні шартты түрде екі бөлімнен тұрады:

1. Аппарат ішілік қатынастар. Мұнда мемлекеттік органдардағы аппарат ішілік жұмыс әдістерін және формаларын, қызметін ұйымдастыру нығайтылады.

2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен, азаматтармен қатынасы.

Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы қатынастар жатыр. Бұл қатынастардың түрлері:

- басқару органдары арасындағы көлбеу (вертикальды) қатынас (Қазақстан Республикасы Үкіметі және Мининистрлік)

- басқару органдары арасындагы бағынушылық қатынас (аудандық әкімшілік және жергілікті орган)

- басқару органдарының өздеріне бағынышты ұйым, бірлестіктермен қатынасы (завод және министрлік).

Әкімшілік құқық пәнімен қоса әкімшілік құқық ғылымына тоқталып өтер болсақ, әкімшілік құқық ғылымы заң ғылымының негізгі бөлігі болып саналады. Ол әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын зерттсйді. Әкімшілік құқық ғылым ретінде

әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы ұғымдар, категориялар және түжырымдар жүйесі болып табылады.

Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару сфсрасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды зерттеп, мемлекеттік басқару аппаратының құқықтық реттелу заңдылығын қарастырады. Ол басқару қатынастарын талдап, мәнін ашып және тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың кең қолданылуын дәріптейді. Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің мәртебесін, басқарудың құқықтық формалары мен әдістерін, мемлекеттік басқарудағы заңдылықты, тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін, әкімшілік процесс мәнін қарастырып, осылардың ғылыми жақтары бойынша мәселелерді қозғайды.

Осы зандылықтарды терең, әрі жан-жақты талдау нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды өзгертуге, реттеуге, бастысы олардың тиімділігін көтеруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар, сілтемелер жатқызылады. Әкімшілік құқық ғылымының да құқық саласы сияқты өзіндік жүйесі бар және олар әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы ішкі байланыстар ішінде қалыптасқан. Әкімшілік құқық ғылымы сондай-ақ әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын және оның өзге де теориялық мәселелерін қарастырады. Жоғарғы деңгейде дамыған әлсуметтік, демократиялық елдерде әкімшілік құқық қоғам дамуының ерекшелігін, деңгейін және басқару органдары қызметінің шынайылығын көрсетеді. Қорытындылай келе .әкімішілік құқық дегеніміз Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқықтық нормаларымен жэне нормативтік-құқыктық актілермен бскітілген, жалпыға міндетті нормалар жүйесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет