1-сабақ Сабақтың тақырыбы


Конституция - Қазақстан Республикасының Ата заңы



бет4/10
Дата24.05.2017
өлшемі4,86 Mb.
#16941
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Конституция - Қазақстан Республикасының Ата заңы

Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.

Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә. деп толық сеніммен айтуға болады.

Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әр-алуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.

Негізі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.

Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы “Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.

Дей тұрғанмен, Конституция қабылданған 1995 жылы біздің мемлекетіміздің дамуында күрделі кезең басталды. Сол тұста Қазақстан Президенті қысқа мерзім ішінде бір өзі нарықтық экономиканы қалыптастырудың мықты іргетасына, мемлекетіміздің одан әрі дамуына серпін берген саяси жүйенің тірегіне айналған 147 заң қабылдады.

Осылайша қысқа мерзім ішінде Н.Ә. Назарбаев қол қойған, республикадағы қоғамдық қатынастың түгелдей жуығын қамтитын 147 заң, еліміз бен оның тұрғындарының ең басты заңы - Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдауға қуатты база болды. 1995 жылдың 30 тамызында еліміздің жаңа Негізгі заңын қабылдау сол кезеңдегі Мемлекет басшысының белсенді заң шығару қызметінің өзіндік қорытындысы болды. Конституцияның жобасын әзірлеуге, талқылауға және түсіндіруге қазақстандық қоғамның көптеген бөлігі - ғалымдар, саясаткерлер, шығармашылық зиялы қауым, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілер, жұмыскерлер мен ауылдық елді мекен тұрғындары, студент-жастар тартылды. Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескеру үшін Конституцияны талқылау жұмысына шетелдік сарапшылар да қатысты.



Конституцияның Ата заңдық қасиеттері және даму кезеңдері

Айрықша заңдық күші Конституцияның бәрінен жоғары тұратындығымен және наразылық келтірілмейтіндігінен тұрады.

2. Айрықша заңдық мазмұн Конституцияда ең негізгі қоғамдық қатынастардың бекітілетіндігін білдіреді.

3. Әзірлеудің, қабылдаудың және өзгертудің айрықша тәртібі.

Конституцияны жасау мен қабылдаудың тәртібі, әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылатын «құрылтайшылық билік» терминімен белгіленеді:

Конституцияның жобасы бүкіл халықтық дауысқа – референдумға ұсынылады (1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы).

Республика Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар тікелей өзінің бастамасы бойынша, Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысы бойынша Президенттің шешімімен өткізілетін республикалық референдумда жасалады. Егер Президент оны Парламенттің қарауына беруді шешсе, өзгерістер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Парламенттің шешімі 92-баптың 1-тармағына сәйкес қабылданады.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кем дегенде екі оқылымын өткізу, конституциялық заңдарды қабылдау немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу міндетті болып саналады (62-баптың 6-тармағы).

Қазақстан Конституциясының даму кезеңдері:

Қазақстан Республикасындағы Конституцияның тарихи дамуы қоғам мен мемлекет дамуының негізгі кезеңдерімен байланысты және соған сай келеді.

І. 1926 жылғы 18 ақпандағы Қырғыз Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы.

ІІ. 1937 жылғы 26 наурызда Советтердің Х Бүкілодақтық сьезінде қабылданған Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы.

ІІІ. Қазақ ҚСР-ның кезектен тыс ІХ шақырылған Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1978 жылдың 20 сәуірінде қабылданған Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы.

IV. 1993 жылғы ҚР Конституциясы.

Қазақ ҚСР Жоғарғы Советінің 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған конституциялық құрылысты жасаудың басы болып саналған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы»:

1. Конституция – бұл халықтың жалпы еркін білдіретін, ең жоғары заң күшіне ие және қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-адамгершіліктің аса маңызды қағидалары мен институттарын бекітуші қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы.

2. Конституцияны жүзеге асыру – азаматтардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың оның идеяларын, нормаларын және институттарының әрекеттерін қамтамасыз ету бойынша заңды қызметінің күрделі процесі.

3. Конституцияның заңдық қасиеті – оның басқа барлық заңдардан принципті түрде өзгешеленетін белгілері.

4. Конституцияның заңдық қасиеті: айрықша заңдық күші, айрықша заңдық мазмұны, әзірлеудің айрықша тәртібі.

5.Конституцияның қызметтері: құрылтайшылық, саяси, идеологиялық, заңдық, басқарушылық.

6. Конституцияны жүзеге асыру формалары: орындау, қолдану.

7. Конституцияны жүзеге асыру тәсілдері: міндеттеу, рұқсат ету (дозволение), тыйым салу.



9. Жаңа тақырыпты бекіту – 20 минут (22%)

Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2. ҚР жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі



10. Сабақты қорытындылау – 5 минут (6%)

1. Оқушыларды бағалау

2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау

3. Конституциялық құқық түсінігі, пәні және конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері

4. Конституция - Қазақстан Республикасының Ата заңы

11. Үйге тапсырма беру – 5 минут (6%)

Сабақтың тақырыбы: Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж ҚР Конституциясы: мазмұны, мәні. ҚР конституциялық құрылысы.

7-САБАҚ

1. Сабақтардың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтардың құқықтық мәртебесінің негіздері.

2. Сағат саны: 135 минут (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен, т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады.

оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру ( Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы

6. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

Ұйымдастырылу кезеңі- 7 минут (6%)

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) сабақтың мақсаты мен міндеті



7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білім тексеру22 минут (16%)

1. Конституциялық құқық түсінігі, пәні және конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері

2. Конституция - Қазақстан Республикасының Ата заңы

8.Жаңа сабақты түсіндіру-60 минут (44%)

Ақпаратты – дидактикалық бөлім:Азаматтық құқық түсіні, пәні  және  азаматтық-құқықтық қатынас

Азаматтық құқық - бұл тауар-ақшалай және қатысушыларының теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы. 

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері - жеке тұлға және заңды тұлғалар.

Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады.

Тұлғаның 2 категориясы болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар.

Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.

Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Оған мекеме, ұйым, кәсіпорын жыне т.б. жатады.

Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері, қағидалары

Жалпы, құқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес.

Бір сөзбен айтқанда, заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің кепілі болатын мемлекетті қалыптастыру - құқықтық мемлекетті орнату болып табылады.

Ал құқықтық мемлекет дегеніміз – жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда қабылданып жатқан заңдар жоғары талапқа сай болуы керек. Заңның үстемдік етілуі міндетті түрде. Құқықтық мемлекетте азаматтардың бірде - бір құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс және заңдарда көрсетілген талаптардың, міндеттердің, құқықтардың жүзеге асырылуын мемлекет қамтамасыз етуі қажет.

Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасының құқықтық мемлекетте іске асырылуына арналған. Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады. Құқықтық мемлекет кұру, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету - заңдылыққа негізделген, адам құқықтарын қорғауға бағдарланған мемлекеттің ролін күшейтуді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасын іске асырушы әрбір мемлекеттік органның ролін, оның міндеттері мен қызметтерін талдаудың қажеттілігі туындайды.

Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.

Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмнің болуын қарастырады.

Бұл мәселеде құқық қорғаушы құрылымдарға, оның ішінде ішкі істер органдарына ерекше орын беріледі. Құқық қорғау органдары көп жағдайларда қоғамымызда орын алып отырған жағымсыз жағдайлармен бірінші болып бетпе-бет келеді, олардың міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады.

Біріншіден, адам құқықтарын қорғау демократиялық құқықтық мемлекеттің басты ішкі қызметіне айналуы тиіс.

Екіншіден, бұл мемлекет пен адам мүдделерінің арасындағы басымдылықтарды бөлуді жаңаша қарастырушы негізгі идея.

Үшіншіден, әртүрлі мемлекеттік органдар бұл қағиданы іске асыру барысында түрліше қызмет атқара отырып, адам құқықтарын қорғау ісіне өз үлестерін қосып келеді.

Төртіншіден, адам құқықтарын қорғауда құқықтық мемлекеттің орнын анықтай отырып, біз адам құқықтарын қорғау, сақтау, қамтамасыз ету және кепілдік беру сияқты қызмет түрлерін анық шектейміз.

Бесіншіден, адам құқықтарын қорғау механизмін жүйелілік қағидасы бойынша талдай отырып, біз бұл жүйеде кемшіліктер, қарама-қайшылықтар, қайталаулар орын алып отырғандыгын анықтадық.

Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғанғандықтың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» - деп жазылған.



Конституциядағы көрсетілген Қазақстан Республикасының

азаматтарының міндеттері мен құқықтары

Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда анық тұжырымдалған.

Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы” деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген.

Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған.

Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.

39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы, өмір сүру құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына т.б құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған.

Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді.

Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу құқығы бекітіледі (21,25 бап.), сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін кәсіпкерлік қызметте және заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте еркін пайдалануына құқықтары бар. Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы, экономикалық реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз жасауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабында әр адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр адамның заң мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға, жазаны жеңілдетуді сұрауға құқығы бар.

Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті деп табылған.

Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі.

Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.

Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.

Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызға бөгет бола бастады.

Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.

Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.

Біздің Негізгі Заң дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі-нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады, бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.



  1. Жаңа тақырыпты бекіту – 30 минут (22%)

Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу:

1. Азаматтық-құқықтық жауаптылық;

2. Азаматтық құқық: жалпы сипаттама;

3. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері;

4. Азаматтық-құқықтың реттеу тәсілдері;

5. Азаматық заңдардың қолданылуы.


  1. Сабақты қорытындылау – 8 минут (6%)

а) Оқушыларды бағалау.

ә) Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

1. Азаматтық құқық түсіні, пәні  және  азаматтық-құқықтық қатынас

2. Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі

3. Азаматтардың құқықтық әрекет қабілеттілігі


  1. Үйге тапсырма беру – 8 минут (6% )

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтардың құқықтық мәртебесінің негіздері.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Мәмілелер: ұғымы түрлері, негізгі қызметі;

2. Меншік құқығы;

3. Азаматтық-құқықтық жауаптылық;

4. Азаматтық құқық: жалпы сипаттама;

8-САБАҚ



1.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының жоғары және жергілікті мемлекеттік органдары.

2.Сағат саны – 90 минут (100%)

3.Сабақ түрі: теория

4.Сабақтың мақсаты: 1. Құқық қорғау органдарының ұйымдастыру тәртібі мен қағидасы.

2. Құқық қорғау органдары: әділет минстрлігі, прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, қаржы полициясы, адвокатура.



Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.

Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез-құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларынын көмегімен құкықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.

оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру ( Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы

6. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

Ұйымдастырылу кезеңі- 5 минут (6%)

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) сабақтың мақсаты мен міндеті



7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білім тексеру15 минут (16%)

1. Азаматтық құқық түсіні, пәні  және  азаматтық-құқықтық қатынас

2. Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі

3. Азаматтардың құқықтық әрекет қабілеттілігі



8. Ақпаратты – дидактикалық бөлім:

Құқық қорғау қызметі: ұғымы, белгілері, мақсаттары

Мемлекет пен оның органдарының кызметінде басым бағыттардың бірі ретінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты әрі дәйекті дамуын, халықаралық аренада Қазақстанның қызметін құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру орын алатыны белгілі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін құқықтық нормалар, Занның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратының айғақтайды.

Көптеген мемлекеттік органдар үшін олардың қызмет ауқымы, әрине, аталғандарды, аса маңызды болса да, бірақ нақты шектелгенміндеттер - құқық тәртібі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен өзге құқық бұзушылықтарға қарсы күрес міндеттерін шешумен бітпейді, құқық тәртібі мен заңдылықты қорғау жөніндегі кейбір функцияларды олар өздерінің негізгі міндеттерімен қатар жол-жөнекей орындайды

Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы айналысады. Оларды құқық тәртібін қорғау органдары, яғни ҚР Конституциясымен, басқа да заннамалық және құқықтық ұйғарымдармен жалпы мемлекеттің өмірі мен қызмет тәртібін күзетуге арналған органдар деп атайды.



Құқық тәртібін қорғау органдары ұғымына құқық қорғау органдары ұғымы өте жақын келеді. Бұл ұғымдар өте ұқсас, бірақ бірдей емес. Олар білдіретін органдар тобы сай келмейді. Құқық тәртібін қорғау органдарының барлығы бірдей құқық қорғау деп есептелмейді. Дәл осылайша құқық қорғау қатарына кейбір құқық тәртібін қорғау органдарын жатқызуға болмайды.

Кейбір авторлар құқық қорғау қызметі ұғымын кең және тар мағынада қарастырады. Кең мағынада - бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, олардың іске асырылуын, заңдылығы мен құқық тәртібін қамтамасыз ететін барлық мемлекеттік органдардың қызметі. Тар мағынасында - бұл сол немесе өзге органның құзыретіне сәйкес заңнамада белгіленген нысанда жүзеге асырылатын бұзушылықтардан құқықтық қорғау жөніндегі арнайы уәкілетті органның қызметі.

Алайда, сол немесе өзге мемлекеттік органдарды құқық қорғау қатарына жатқызу кезінде басшылыққа алынуға тиіс өлшемдердің мәнін айқын игеру үшін белгілі шамада шартты түрде алынған, бірақ "құқық қорғау қызметі" атауы сіңісті болған қызмет белгілерін анықтау аса манызды.

ҚР заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері бар:



біріншіден, құқық корғау қызметі әртүрлі қылмыстың түрлері бойынша мәжбүрлеу және өндіру сиякты заңдық ықпал ету шаралар қолдана отырып, тек заңның негізінде жүзеге асырылады.

Бұл жерде құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу шаралары ерекше орын алады;

- екіншіден, қолданылатын заңдық ықпал ету шаралары заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге қатаң сәйкес келуге тиіс;

- үшіншіден, құқық қорғау қызметі заңның негізінде белгілі бір рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады. Мысалы, қылмыс жасағаны үшін ешқандай жаза алдын ала қаралмастан қолданылмайды.

- төртіншіден, құқық қорғау қызметін іске асыру сауатты және дайындалған қызметкерлерден тұратын арнаулы және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.



Айтылғандарды ескере отырып, құқық қорғау қызметі ұғымын айқындауға болады - бұл заңдылықты, құқық тәртібін, қоғамның, мемлекеттің, қоғамдық және өзге де бірлестіктердің, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, заңда белгіленген тәртіппен заңға қатаң сәйкестікте заңдық ықпал ету шараларын (соның ішінде мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары) қолдану арқылы жүзеге асырылатын қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша мемлекеттің оның арнаулы уәкілетті органы атынан жүзеге асырылатын қызмет.

Өз мазмұны бойынша құқық қорғау қызметі күрделі болып табылады. Оның көп жоспарлығы осы мемлекеттік қызмет түрінің негізгі бағыттарымен мазмұны айқындалатын әлеуметтік функциялардың әр түрлігіне қатысты айқындалады. Мұндай бағыттардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

- конституциялық бақылау;

- сот төрелігі;

- соттарды ұйымдық қамтамасыз ету;

- прокурорлық қадағалау;

- қылмыстарды анықтау және тергеу;

- заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау.

Осы бағыттардың, әрқайсысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: ҚР Конституциясының ұйғарымдарын бұзуды жою, азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу, соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау; прокурорлық ден қою құралдарының көмегімен заңды бұзуды анықтау және жою, қылмыс-жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу, сотта нақты істерді қарау үшін материалдар дайындау, кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін ұсыну. Осы нәтижелерге қол жеткізу, ең аяғында, нақты функцияларды іске асыру процесінде пайдаланылатын әдістердің әртүрлігі мен өзгешелігіне қарамастан, құқық қорғау қызметінің жоғарыда аталған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Құқық қорғау органдары: жалпы сипаттамасы және жүйесі

Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттарын (функцияларын) орындау үшін нақты құқық қорғау органдары жұмыс істейді. Заң ғылымында құқық қорғау органдарының тобы туралы бірдей пікір жоқ: біреулері олардың қатарын көбейтіп, ал екіншілері азайтып көрсетеді. Бұл алақұлалық осы мәселенің заңдық тәртіппен реттелмегендігімен түсіндіріледі, сондай-ақ заң актілерінде де құқық қорғау қызметіне түсінік берілмеген.  Бір ав-тор, қылмысқа қарсы тікелей күрес жүргізетіндерді құқық қорғау органдары десе, екіншілері - қылмыстар мен өзгеше қол сұғуларды түбірімен жояды десе, үшіншілері - қоғамдық орындарда тәртіпті қадағалайды дейтіндер.

Ғылымда сот құқық қорғау органы болып табылатындығы туралы пікір қалыптасқан. Алайда, біздің ойымызша, соттарды құқық қорғау органдарына жатқызу дұрыс емес, өйткені сот құқық қорғау органдарынан құқықтық мәртебесімен ерекшеленетін айрықша мемлекеттік орган болып табылады. Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 1-бабының 2-тармағына сәйкес соттардың міндеті "азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Конституция мен заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республика халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Құқық қорғау қызметінің анықтамасын, оның функцияларының (бағыттарының) сипаттамасын және қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, құқық қорғау органдарына мыналарды жаткызуға болады:

- соттардың қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын органдар (ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет және оның облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілері);

- прокуратура органдары;

- қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және тергеуді жүзеге асыратын органдар (ҚР ІІМ, ҰҚҚ, ӘдМ, Қаржы полициясы агенттігінің кейбір алдын ала тергеу және анықтау органдары);

- құқықтық көмек пен құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін органдар (адвокатура, нотариат).

Соттар (аудандық және оларға теңестірілгендер, облыстық және оларға теңестірілгендер, ҚР Жоғарғы Соты) бізше, құқық қорғау органдарына жатады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағына сәйкес "Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, зандылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін зандар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады".

Мемлекеттік билік ҚР Конституциясының 3-бабы 4-тармағына сәйкес біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану аркылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.



Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының "Соттар және сот төрелігі" деген VII бөлімге енгізілген. Бірақ прокуратураға соттармен қатар сот билігі беріледі деп корытынды жасау қате болар еді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаты прокуратураның биліктің сот тармағына кірмейтіні, сонымен пара-пар екі басқа - заң шығару және атқарушы билікке қатысы жоқтығына күмән келтірмейді.

Функционалдық тұрғыдан биліктің әрбір үш тармағына байланысты бола тұрып, прокуратура органдары олардың ешқайсысына да толығымен жатпайды. Прокуратураның мемлекеттік құрылымдағы өзгеше жағдайы билік тармақтарының әрекетін теңдестіруге және олардың оңтайлы жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің дербес түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігіне себеп болады.

Прокурорлық қадағалауды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекеттің атынан арнайы уәкілеттік берілген адамдардың - прокурорлардың - заңдылықтарды бұзуды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру арқылы  заңдардың дәл орындалуын және біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылатын қызмет ретінде сипаттауға болады.

Прокуратураны ұйымдастырудың және олардың қызметінің қағидаттары - прокуратура органдарының көп қырлы қызметінің аса елеулі сипаттары мен белгілерін және оларға қойылатын негізгі талаптарды айқындайтын негізгі, басшылыққа алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет