1-сабақ СӨзжасам. ТҮбір мен қосымша 1-жаттығу



бет24/56
Дата06.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#37132
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Тапсырма: 1. Қысқарған сөз дегеніміз не? Мәтіннен мысал келтір. 2. Мәтін құрамындағы сан есімдерге толық сатылай кешенді талдау жаса. 3. Айтыс өнері жайында ой өрбіт.
30-жаттығу. Мәтінді оқы.
Естайдың әкесі Беркімбай екі аяғы жоқ мүгедек болған. Естайдың бақытына бір ағасы күйлі болып, Естай жас басынан соның қолында болады. Басқа өнері болмаса да, ағасы Естайдың талабын кес-кестемей, оның ерте оянған сезімнің баюына қолынан келгенінше жәрдем береді.
Естайдың арғы аталарында айта қалғандай әнші-күйші, ақын болмағанмен, нағашы жағынан өнерден құр болмайды. Он бес жасқа келгенде Естай өз айналасында «әнші бала», кейін «әнші жігіт» атанады. Оның бағына ол кездегі Павлодар уезінің жерінде әншілер көп болады. Тек ән емес, өткір сөз, улы қалжың, сықақпен аттары әйгілі болған өнер иесі адамдар көп болады. Әсіресе, ол өреде аты шулы Біржан сал, Ақан сері сияқты әншілерді білмейтін, әнді құрметтейтін кісі сирек кездеседі.
Жасы жиырмаға келмей жатып Естай әннің екі алабын да көреді. Біржан салдың қасында бір жылдай еріп жүреді. 1889 жылы сондай-ақ Ақан серіге шәкірт болады. 1893 жылы екеуінің де тікелей ән үйренеді. Бұл жағдай Естай үшін үлкен бақыт болады. Айтушылар Естай Ақанның «Нұрсиласын» халық арасында бірінші жаюшы болды дейді.
1946 жылы Естай қатты ауырады. Күннен күнге меңдеп, науқасының барысы қауіп туғызады. Сезімтал ақын, әнші күндерінің санаулы қалғанын біледі. Адамшылық, азаматтық қимылды өлеңнен, әннен бастаған, еңбекші халықтың қамын жеуде әнімен алдында тұрған қиыншылықтармен күрескен Естай, соңғы рет соңғы демін де, соңғы лебізін де поэзияға, музыкаға арнайды.
Бірнеше бүктелген, сарғайған қағазға жазған өлеңін, әндетіп айтуға дауысы болмай, жай тақпақтап оқып, отырғандардың біріне ұсынады да, көп ұзамай өзі айтқандай, «Қорланын», «Жай қоңырын», «Бір мысқалын», елін-жұртын артында қалдырып, есіл әнші, ақын, композитор, азамат – Естай көзін жұмады.
Естай «балам жоқ» дегенімен, мәдениеттің мұрагері, сансыз көп Естайдың балалары оның әнін жаттап айтып жүр. Естайдың атын халық ардақтап атауда, оның әндерін шырқауда.
 
Тапсырма: 1.Мәтіндегі сан есімдердің мағыналық түрін ажырат. 2. Ертеде өлшем бірліктерін қазақ халқы қалай анықтаған? 3. Ұрпақ сабақтастығы дегенді қалай түсінесің? (шағын шығарма жаз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет