1 - б, 2 -б, 3 - б, 4 - б, 5 - а, 6 - а, 7 - с, 8 - а, 9 - с, 10 - с Тест тапсырмалары әрбір оқушыға жеке парақпен беріледі. Аяқтаған соң көршілерімен алмасып, флипчартқа шыққан тест жауабымен бір-бірін бағалайды. Топ басшысына айтады. Топ басшысы бағалау парағына түсіреді. Қорытынды баға шығарады.
10 жауап дұрыс – “5”
9 – 6 жауап дұрыс – “4”
5 – 4 жауап дұрыс – “3”
Бекіту сұрақтары:
Атом орбитальдарының гибриденуі дегеніміз не? Түрлері қандай?
Сызықты, бұрышты, пирамидалы молекулаларға мысалдар келтіріңдер және оларды ковалентті байланыстың бағытталу негізінде түсіндіріңдер.
Метан, аммиак және су молекулаларына ортақ не бар? Құрылысы бойынша олар немен ерекшеленеді?