айдамалайды..Су блок-картердің қаптамасын
қақпақтың қаптамасына одан — кері қайтып
радиаторға барады.
Двигатель салқындатушы судың 80—100°С
температурасында қалыпты жұмыс істейді. Ауа температурасы суық
аудандарда бұл тек радиаторды желдетуді
кеміту арқылы ғана іске
асырылады. Бұл мақсатқа ауа сорғышта орнатылған реттеуіш перде
арналған.
Техникалық қызмет көрсету. Салқындату жүйесіне құйылатын су таза
әрі тұщы болуы керек. Егер кермек су пайдаланылатын болса, онда
радиатордың су қаптамасы мен түтікшелеріне тез қақ тұрып, өзінің
жылу өткізгіштігін едәуір кемітеді. Кермек суды тұщыту үшін, оны
қайнату немесе оған каустикалық сода (10 л су-ға 8 г)
қосу керек, сонан
соң сүзу қажет.
Харькойтың СМД двигательдерін шығаратын “Серп и молот” (“Орақ
пен балға”) мотор жасау заводы қақ кетірудің төмендегідей тәсілін
ұсынады. Мынандай ерітінді даярлау керек: әрбір 10 л суға 750—800 г
каустикалық сода және 250 г керосин қосу керек; осы ерітіндіні
салқындату жүйесіне құйып двигательді жүргізіп, 10—15 минут бойы
орташа айналу
жылдамдықта қыздыру керек; осыдан соң оны тоқтату
керек; двигательді 10—12 сағат әлгі ерітінді құйылған күйінде қалдыру
керек; двигательді қайтадан жүргізіп, орташа айналу жылдамдықта 5—
10 минут бойы қыздыру керек. Осыдан соң ертіндіні ағызып жіберіп,
салқындату жүйесін мұқият түрде жуу керек.
Салқындату жүйесіне су құйылған кезде су насосында ауалы
тығынның пайда болуы ықтимал. Сондықтан салқындату жүйесін
сумен толтырған соң двигательдердің аз айналыс
жиілігінде құю
мойны арқылы насостың жұмысын тексеру керек.
Ауалы тығынды болдырмас үшін, су насосынын, корпусында тығынмен
бітелетін тесік жасалған. Салқындату жүйесін былай толтырады;
тығынды бұрап ашады, суды радиаторға насос корпу-сындағы тесіктен
асып төгілгенше құяды, тығынды бұрап жабады.
Егер
двигатель өте қызған болса, радиаторды суық сумен тол-тыруға
болмайды. Егер су құю керек болса, онда двигатель зая жүріс жасап
жүріп тұрғанда құяды.
Күйіп қалмас үшін, салқындамаған двигательдің құю мойнының
тығынын ашқанда сақтық шараларын қолдану керек.
Жұмыс процесінде салқындату жүйесіндегі судық температура-сын
приборлар қалқаныңдағы көрсеткіш бойынша қадағалап отыру керек
Достарыңызбен бөлісу: