5.Парехиматоздық дистрофиялар, олардың белоктық (диспротеиноздар), майлы (липоидоздар), көмiрсулы түрлерi, этиологиясы.
Паренхималық дистрофия деп зат алмасу үдерісінің тек жасуша ішінде бұзылуын айтады. Бұлар: белоктық, майлы, көмірсулы паренхималық дистрофиялар деп бөлінеді. Белоктық паренхималық дистрофияларЖасуша ішіндегі белоктар əдетте майлар мен қоспа түрінде (липопротеинді кешен) кездеседі. Тек ферменттер ғана таза химиялық зат түрінде болады. Жасушада белок алмасуының бұзылуымен қатар су-электролит алмасуы да өзгеріп, цитоплазмада су мөлшері өте көбейеді. Белоктық паренхималық дистрофияларға: гиалин-тамшылы дистрофия, гидропиялық (сулы) дистрофиялар жəне түлеу жатады. Гиалин-тамшылы дистрофия жасуша цитоплазмасында гиалин белогіне ұқсас ірі-ірі белок тамшыларының (коагуляттардың) пайда болуымен сипатталады. Гиалин-тамшылы дистрофия гломерулонефритке байланысты дамыған нефроздық синдромда, бүйрек амилоидозында, диабетте айқын көрінеді. Гидропиялық (сулы, вакуольді) дистрофия жасуша цитоплазмасында сұйықтықпен толған вакуольдердің пайда болуымен сипатталады. Кейде цитоплазманың ультрақұрылымдары толығымен деструкцияланып жасуша сұйықтықпен толған баллонға ұқсап қалады, оның ішінде тек жүзіп жүрген ядросы ғана көрінеді. Ағзаның сыртқы көрінісі гидропиялық дистрофияда көп өзгермейді. Бірақ та, ағза қызметі едəуір бұзылады. Даму себептері гидропиялық дистрофия гипоксия нəтижесінде, əр түрлі инфекция, улану, ыстық немесе суық температура əсеріде келіп шығады. Патологиялық түлеу – түлеу үдерісінің күшеюімен (гиперкератоз) немесе оның қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде ұшырауымен сипатталады. Патологиялық түлеудің тума түрі ихтиоз
деп аталады. Ихтиоз теріде балықтың қабыршағындай қатты қатпарлардың
пайда болуымен ерекшеленеді. Бұл сырқатқа байланысты балалар өлі туылады немесе туғаннан кейін тез арада өледі.
Майлы паренхималық дистрофиядеп жасуша цитоплазмасында майдың
көбейіп кетуін, кейде майдың қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде пайда болуын немесе химиялық құрамы басқаша майлардың жиналып қалуын түсінеміз. Жасушада негізінен үшглицеридтер, холестерин эфирлері жəне фосфолипидтер жиналады. Жасушада майдың пайда болуы: жасушадағы май-белок кешендерінің
ыдырап, майдың көрініп қалуына қанда май мөлшерінің көбейіп кетуіне жəне майдың көмірсулар мен белоктар есебінен шамадан тыс түзілуіне байланысты. Майлы дистрофия көбінесе жүректе, бауырда, бүйректе кездеседі. Май жиналу
үдерісі жасушаның жойылуына (деструкция) алып келеді.
Бауырдың майлы дистрофиясы түрлері:
1.Майда тамшылы семіру
2. Ірі тамшылы семіру
Бауырдың көрінісі: сары, үлкейген,
қамырдай жұмсақ.
Себептері:
1. Улы заттардың әсері
2. Алкоголизм
3. Қантты диабет
4. Жалпы семіру
Асқынулары: бауыр стеотозы, бауыр цероззы.
Жүректің майлы дистрофиясы Себептері:
1. Майдың қанда көбеюі (инфильтрация)
2. Май-белок кешендерінің ыдырауы (декомпозиция)
Көрінісі: эндокард жағынан қарағанда ақшыл-сары түстегі жолақтар көрінеді. Бұл көрініс “жолбарыс
терісіне ұқсас жүрек” деп аталады.
Электрондық микроскопта зерттегенде май
тамшылары цитоплазманы бүтіндей жайлап алады, митохондрилер ыдырап, кардиомиоциттердің көлденең жолақтары жойылады .
Бүйректің майлы дистрофиясы Май тамшылары проксимал және дистал өзекшелерінің эпителийіне жиналады.
Дамуының негізгі механизмі:
Инфильтрация
Нефроздық синдром кезінде май тамшылары бүйрек өзекшелерінің эпителийіне сіңеді.
Сыртқы пішіні: бүйрек ұлғайып жұмсарады. Қыртыстық заты ісініп, сырты мен кесінділерінде бозғылт сары реңді дақтар пайда болады.