1-ші рейтингтің СҰРАҚтары кіріспе. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының саласы



бет2/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,78 Mb.
#33259
1   2   3   4

Бақылау сұрақтары:

1. Сұрыптау ұғымы.

2. Малдарды фенотипі және генотипі бойынша бағалау дегенді қалай түсінуге болады.

3. Фенотипі және генотипі бойынша бағалаудың айырмашылығы неде.


3 дәріс

Тақырыбы: Жұп таңдау
Сабақтың мақсаты: Жұп таңдаудың әдістерін меңгеру
Дәріс жоспары:

Жұп таңдау түрлері және оларды жіктеу


Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру. Алматы, Қайнар, 1987.

2. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция, Алматы, 2006ж.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысының негізі маңызы жағынан сұрыптаумен тең, сабақтас жүргізілетін зоотехниялық жұмыс – жұп таңдау.

Жұп таңдау деп сұрыпталған мал ішінен өздерінен өнімінің көрсеткіштері бойынша артық ұрпақ беретін аталық және аналық малдан жұп құруды айтады. Яғни, жұп таңдау дегеніміз, мысалы, таңдап алған сиырдан жақсы бұзау алу үшін, оны қандай бұқаның ұрығымен ұрықтандыруды немесе нақтылы бір таңдап алған биені қандай айғырмен шағылыстыруды шешу.

Сұраптау мен жұптаудың әсер ету бірлігіне сүйенетін жануарлар

тұқымын, табынын жетілдіру процесін селекция деп атайды. Оны адамның еркімен басқарылатын эволюция деп атаған Н.И. Вавилов селекцияға өте дәл анықтама берген. Селекция жануарлар ұрпағының ауысуы барысында жүзеге асады, өйткені сұрыптау мен жұптау әрекетінің бірлігі нәтижесінде әрбір келесі ұрпақ өзінен бұрынғы ұрпақтан сапа жағынан артық болып шығады. Мұндай ауысу тезірек әрі сапалы өтетін болса, селекциялық процесс соғұрлым жедел жүреді.

Сұрыптау мен жұп таңдау селекция ғылымында тел ұғым. Мал тұқымын асылдандыруда бұл екі әдіс бірігіп селекцияның негізін құрайды және сондықтан бір-бірінен бөліп қарауға болмайды, оларды бірінен соң бірін үзіліссіз жыл сайын қатар жүргізу мал тұқымын (табынды) асылдандыруда ойдағыдай нәтижеге жетудің басты шарты.

Сұрыптау және жұптау процестерінің творчестволық сипаты мынада: адам жануарларды күтіп-бағу мен өсіруге байланысты әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы әсер ете отырып, жұптастыру мен шағылыстырудың белгілі бір жүйелерін қолдану арқылы оларда белгілі бір сапалық өзгерістер болып келеді. Маманның қырағы көзі қоршаған ортаның әр түрлі факторларының және ата-енелерінің тұқым қуалаушылық қасиеттерінің әсерінен туатын мұндай өзгерістерді байқап, олардың ең құндыларын сұрыптайды. Аталықтарды табында қажетті белгілерді сақтап, нығайтып және күшейте түсетіндей есеппен жұптастырады. Мәселен, бірнеше ұрпақ алмасуында, жүйелі түрде сұрыптау және жұп таңдау жұмыстарын іскер пайдалана білуде алғашында кейбір жануарларда ғана әзер байқалған қажетті ауытқушылықтар бүкіл табынға тән жақсы байқалатын белгілерге айналады.

Көп жағдайда комбинациялық өзгергіштіктің немесе мутацияның салдарынан кейбір жануарларда тіпті 1 ұрпақта айқын байқалған жаңа

қасиеттер пайда болады. Сұрыптау және жұп таңдау нәтижесінде мұндай өзгерістер сақталып, бүкіл жануарлар тобына тән өзгерістерге айналады, олардың нәтижесінде алдағы уақытта жануарлардың жаңа топтары, тұқымдары қалыптасуы мүмкін. Қоянда, қаракөл қойында, қара күзенде, түлкілерде тері жүнінің түрліше реңді болуы осыған мысал бола алады.

Демек, селекционерлердің жануарларға қандай жолмен және әдістермен әсер еткеніне қарамастан, ол табынды жетілдіруге қажетті материалды ғана алады, ал сұрыптау мен жұп таңдау жасампаздық роль атқарады. Сұрыптау мен жұптаудың әсер етуі нәтижесінде керекті белгілер мен қасиеттер нығайып, күшейе түседі, жануарлардың жаңа типтері, тұқымдық топтар мен тұқымдары пайда болады.

Жұп таңдау – жануарлардың қолда бар тұқымдарын жақсартушылардың және жаңа, едәуір құнды топтары мен тұқымдарын шығарудың ең пәрменді тәсілі. Сонымен қатар, бұл асыл тұқымды мал өсіру саласындағы ең маңызды және күрделі мәселелердің бірі. Ата-енелерінің бағалы қасиеттері ұрпағына барлық уақытта бірдей өте бермейтіні ертеден ақ байқалған. Егер зауыттық жануарлардың қасиеттері ұрпағына нашар берілетін болса, онда жануарларды жұптауда қате жіберілуі мүмкін деп жазған болатын кезінде Г. Натузиус, яғни бұл атасының қасиеттері енесінің қасиеттеріне сай келмеген деген сөз.

М.М. Щепкин желісті жылқыларда жұп таңдау мәселелерін зерттей келе, кейбір айғырлардың белгілі бір биелермен жұптасуынан ғана бағалы ұрпақ алынатынын анықтаған. Жұптау белгілі дәрежеде сұрыптаудың жалғасы бола отырып, селекция жүргізілетін белгілерді нығайтып қана қоймай, оларды дамытады да.

Жұптау нәтижелері, негізінен алғанда, жұптастыруға іріктелген жануарлардың тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Әрбір аталықты

барынша тиімді жұптау үшін және оларды таңдалған аналықтармен жұптастыру нәтижелерін алдын ала болжай білу үшін жекелеген жануарлардың, табындардың және тұтасымен алғанда тұқымның ерекшеліктерін, ондағы өткен жылдардағы мал жұптаудың нәтижелерін

терең әрі жан-жақты зерттеп отыру қажет.

Белгілі ғалым селекционер П.Н. Кулешовтың «Табынды жұп таңдау арқылы жақсарту көп білім мен шыдамдылықты және де мақсаттылықты қажет етеді. Кездейсоқ нәрседен немесе тек табандылықтан табынның кенеттен жақсаруын күтуге болмайды» деген пікірі осы уақытқа дейін маңызын жойған жоқ.

Шағылыстырылатын мал жұбын анықтағанда жұп таңдауда алға

қойылатын мына төмендегі негізгі мақсаттарды басшылыққа алады. Біріншіден – табын малына тән ұнамды қасиеттерді, өнімділік белгілерді

ұрпақтан ұрпаққа бекіту; екіншіден – ата-енесіне тән кейбір кемшіліктерді келесі ұрпақта жою немесе жөндеу.


Бақылау сұрақтары:

1. Жұп таңдау ұғымы.

2. Жұп таңдаудың қандай түрлерін білесіз.

3. Жұп таңдау мен сұрыптаудың айырмашылығы не.



4 дәріс
Тақырыбы: Мал тұқымдары туралы ілім
Сабақтың мақсаты: Малдың тұқымдарын және тұқымдық топтарын білу

Дәріс жоспары:

1. Мал тұқымы туралы түсінік

2. Мал тұқымының құрылымы

3. Мал тұқымын жерсіндіру
Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру. Алматы, Қайнар, 1987.

2. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция, Алматы, 2006ж.
Мал тұқымы туралы түсінік. Үй хайуанаттарының белгілі бір түрі, яғни әр түлік мал тұқымдарына бөлінеді. Мал тұқымы жабайы түрлерде

кездеспейді. Мал тұқымы зоологиялық емес, зоотехникалық ұғым. Мал

тұқымы деген ұғым алғаш ХІІ ғасырда малдың жекелеген жақсы тобы

шығарылып, оларды басқа мал тобын жақсартуға пайдалануға байланысты қалыптаса бастаған.

Мал тұқымы туралы ғалымдардың берген анықтамасы өте көп. Бірақ олардың әрқайсысы мал тұқымы ұғымының мәнін толық қамти алмайды. Бірі оның бірілігіне, тұрақтылығына мән берсе, екіншісі ұқсастығына, үшіншісі біртектілігіне т.б мән береді. Көптеген анықтамаларды негізге ала отырып, мал тұқымы деп белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайда адам еңбегі нәтижесінде қалыптасқан, шығу тегі мен тарихы ортақ, тіршілік ортасында талғамы бір, ұқсас, дене құрылысы мен өніміділік ерекшеліктері бірдей және бұл қасиеттерін ұрпағына тұрақты толық бере алатын, түліктің бір үлкен тобын айтамыз.

Сонымен мал тұқымын адам өзінің белгілі бір қажеттілігін қамтамасыз

ету үшін көп жылғы еңбегі арқылы шығарады. Мал тұқымының басты

қасиеттері: шыққан тегінің бірлігі, белгілі бір табиғи және технологиялық жағдайда өніп - өсуге бейімділігі, тұқымның өздеріне тән, шаруашылыққа айқын белгілі болған тиімді қасиеттерінің болуы, сол қасиеттерінің беріктігі мен белгілерінің өзгергіштігі және қажетті мөлшерде сандық құрамының болуы. Мал тұқымының бұл қасиеттері бір-бірімен өте тығыз байланысты, бір-біріне себепші, бірін-бірі толықтырып отырады, жалпы мал тұқымының қалыптасып, талапқа сай дамып отыруының басты шарттары.

Анықталған тұқымға қажетті малдың саны оның құндылығына, бейімділігіне, өсімталдығына байланысты. Д.А.Ксиловскийдің есептеуінше, тұқымның сандық құрамында кем дегенде 4500 аналық, 150 аталық бас болуы қажет. Қазіргі уақытта тұқымның сандық құрамы әр түлік бойынша, жаңа мал тұқымын бекіткен нұсқауда көрсетілген. Тұқым мал

шаруашылықта негізгі өндіріс құралы. Мал өнімін молайту қажеттігіі талабына сай интенсивті мал шаруашылығын ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі-жоғары өнімді мал тұқымын өсіру. Сондықтан шаруашылықта селекция жұмысын ұйымдастыру қажетті және тиімді мал тұқымын таңдап алудан басталады, мұның өзі мал шаруашылығын

рентабельді жүргізудің алғы шарты болып саналады.

Мал тұқымының құрылымы. Мал тұқымының құрылымы күрделі.

Олардың құрамына шыққан тегі бір болғанымен генотипі (тұқым қуалаушылық қасиеттер жиынтығы) әр түрлі мал кіреді. Бірақ мал тұқымы әр

түрлі генотиптердің жай қоспасы емес, онда әр түрлі генотиптер белгілі бір

жүйеге келтірілген. Мал тұқымдары өзіндік ерекшеліктері бар әр түрлі

құрылымдық бөліктерден тұрады. Мал тұқымдарының құрылымдық бөліктеріне аймақтық тип (отродье), тұқым ішіндегі тип, зауыттық тип,

аталық із (зауыттық линия) және аналық ұя (семейство) жатады.

Аймақтық тип ауа райында ерекшеліктері бар жер жағдайында жақсы бейімделген, тұқымның үлкен бір бөлігі. Кез-келген тұқымда аймақтық тип болуы шарт емес. Ол тек ареалы кең, әр түрлі аймақтарда өсуге жақсы бейімделген мал тұқымдарының құрамында болады. Мысалға Украинада өсетін қырдың қызыл сиырының республикамызда қазақстандық аймақтық типі бар. Сиырдың симменталь тұқымы бойынша қазіргі уақытта елімізде украиналық, воронеждік, қазақстандық т.б аймақтық тип қалптасты. Олардың әрқайсысының өсіп отырған экологиясына бейімделу нәтижесінде өзіндік ерекшеліктері бар.

Сонымен аймақтық тип тұқымның экологиялық жіктелу нәтижесінде пайда болады. Тұқым ішіндегі әртүрлі аймақтық тип болуы, оны одан әрі жетілдіруге қолайлы жағдай туғызады. Соңғы уақытта мал тұқымын асылдандыру жұмысын кең масштабты көлемде жүргізуге көшуге байланысты тұқымды жақсарту үшін, аймақтық типті ұтымды пайдаланудың мүмкіншілігі артып отыр.



Тұқым ішіндегі тип. Мал тұқымы құрамында жалпы тұқымға ортақ қасиеттерімен қатар өнім бағытында, дене бітім мен пішінінде, тіршілік ортасы әсерлеріне төзімділігіне қарай болатын ерекшеліктері бар тұқым топтары болады. Мысалы Орловтың желісті жылқысының тұқымында үш түрлі ішкі тип бар: сом денелі, салмақты, ұшқырлығы сәл төмен (Лужок айғыр ұрпақтары сипаттас); ірі денелі, бітімі мығым, ұшқырлығы қарқынды (Громадный мен Крепыш, Ловчий мен Улов және т.б айғырлардан тараған ұрпақтар). Алатау сиырының құрамында сүтті-етті және етті-сүтті бағыттарға бейім екі түрлі өнімдік типтер қалыптасқан.

Зауыттық тип - өнімінде өзіндік ерекшеліктері бар және оларды

ұрпақтарына тұрақты бере алатын, асыл тұқымды мал өсіретін зауыттың

табыны. Зауыттық тип селекционерлердің ұзақ жыл бойы бір мақсатта

жүргізілген қатаң сұрыптау, тиянақты жұп таңдау және малды жүйелі

азықтандыру нәтижесінде қалыптасады.



Аталық із(зауыттық линия) – деп мол өнімді еркек малдан тараған соған ұқсас жоғары өнімді мал тобын айтамыз. Аталық ізге оның негізін салушыға туыстық қатысы бар және өнімді линия стандартына сәйкес келетін барлық малдарды жатқызады.

Аналық ұя (семейство) – деп мол өнімді ұрғашы малдан тараған,

анасына ұқсас өнімді, ұрғашы ұрпақтар тобын айтамыз. Бұл топ та мақсатты

жүргізілген селекциялық жұмыстар негізінде қалыптасады. Өздеріне тән

өнімділік, биологиялық ерекшеліктерін ұрпақтарына тұрақты бере алады.

Құс шаруашылығында бұл ұғымға шағылыстыруға тағайындалған қораз бен

тауықтар тобы және олардан алынған ұрпақтарды жатқызады. Малдың бір түрі ішінде кездесетін құрылымдық бөліктердің бірі-тұқымдық топ (породная группа).

Тұқымдық топ - деп адамның белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайда жүргізілген творчестволық еңбегінің нәтижесінде қалыптасқан, құнды өнімдік, немесе биолгиялық ерекшеліктері бар және оны ұрпағына жеткілікті дәрежеде бере алатын мал тобын айтамыз. Тұқымдық топтың мал тұқымынан басты айырмашылығы, оның саны мен генаологиялық құрылымы ұзақ уақыт өзара шағылыстыруға әлі жеткіліксіздігінде. Тұқымды топтың саны қажетті мөлшерге жетіп, өнімдік құнды ерекшеліктері мен нәсілдік қасиеттері сақталса, оны жаңа мал тұқымы ретінде бекітеді.

Жоғарыда айтылған құрылымдық бөліктер мал тұқымын қоғамның

қажетіне сай жетілдіріліп отыруға қажетті шарт. Мал тұқымының күрделі құрылымын сақтау үшін, асылдандыру жұмысын үздіксіз жүргізу қажет. Шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша тұқым арасында қажетті өзгергіштік туғызу және де тұқымның біртұтастығын, біршама тарихи тұқрақтылығын сақтау, тек қана жүйелі селекциялық жұмыс нәтижесінде ғана іске асырылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Малдың тұқымдары және тұқымдық топтары деген не?

2. Аталық із және аналық ұя ұғымы.

5 дәріс
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы малын өсіру әдістері
Сабақтың мақсаты: Мал өсірудің негізгі әдістерімен міндеттерін

жеттік білу



Дәріс жоспары:

1. Таза тұқым өсіру мақсаты мен міндеті, оны қолдану жағдайлары

2. Инбридинг

3. Аталық із бен аналық ұя бойынша өсіру, оның мақсаты мен

міндеттері
Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру. Алматы, Қайнар, 1987.

2. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция, Алматы, 2006ж.
Мал өсіру әдістері деп шағылыстырылатын малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырып, жүргізген жұп таңдау жүйесін айтады. Негізінен мал өсіру әдістерінің үш түрін ажыратады: таза тұқым өсіру, будандастыру және түраралық будандастыру. Таза тұқым өсіру әдісі деп ұрпақтан ұрпаққа бір тұқымның малын өзара шағылыстыруды айтады.

Будандастыру дегеніміз тұқымдары бөлек малды шағылыстыру. Түраралық будандастыру деп екі түрдің малын шағылыстыруды айтады.

Бұлардығ әрқайсысы мал тұқымын асылдандыруда нақтылы бір селекциялық

мәселені шешуге бағытталған. Олардың биологиялық мәні, генетикалық

әсері әр түрлі. Дегенмен де мал өсіру әдістерін бір-біріне қарсы қоюға

болмайды. Себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты.

Жұп таңдау нәтижесіне шағылыстырылатын екі малдың туыстастық

байланыстылығы мен оның дәрежесі үлкен әсер етеді. Шындығында тек

селекционерлер ғана емес, жалпы адам баласы әр уақытта айрықша мән

берген, оның негізі туралы көп толғанып, пікір айтысқан, оған деген көзқарастары талай өзгерген мәселенің бірі туыстас малды өзара шағылыстыру. Кейін бұл әдіс ағылшынша инбридинг деп аталып кетті.

Қазіргі уақытта инбридинг деп туыстығы жағынан жақын малды

шағылыстыру (әкесін ұрғашы ұрпағымен, еркек ұрпақтарын енелерімен, т.б.)

жүйесін айтады. Қазіргі генетика ғылымы инбридингтің екі жақтылығының

бірсыпыра сырын ашып, оны селекция тәжірибесінде ретті пайдалануға

мүмкіншілік берді.

Генетикалық көзқарас бойынша инбридингті қолданған уақытта келесі ұрпақта барлық гендердің гомозиготтығы артады, нәсілдік қасиеті біртектене түседі. Инбридинг нәтижесінің екі жақтылығының негізі осында. Туыстас малды өзара шағылыстырғанда олардың ұрпағында жақсы қасиеттерінің де гендер гомозиготтығы артады және алынған ұрпақтың жаңағы туыстас малдың ортақ тегіне генетикалық ұқсастығы көбейеді.


Бақылау сұрақтары:

1. Инбридинг ұғымы.

2. Таза тұқымды мал өсірудың мақсаты не?
6 дәріс
Тақырыбы: Будандастыру және гибридтеу
Сабақтың мақсаты: Будандастырумен гибридтеудің мал

шаруашылығындағы маңыздылығын түсіну


Дәріс жоспары:

1. Будандастыру мен гибридтеудің биологиялық ерекшеліктері

2. Мал шаруашылығында гибридтеуді пайдалану жетістіктері
Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру. Алматы, Қайнар, 1987.

2. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция, Алматы, 2006ж.
Будандастыру малдың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне тікелей әсер ететін, адам баласының ежелден қолданып келген

тәсілі. Біз осы әдіс арқылы жаңа нәсілдік қасиеті бар, белгілі бір қасиеті жетік

дамыған немесе әр түрлі өнімдік қасиеттердің жаңа бірлестігі бар будан

аламыз. Оларды мұхият сұрыптау және белгілі бағытта жұп құру арқылы жаңа мал тұқымы шығарылады.

Бұлардың негізінде будандастыру арқылы алынған ұрпақта, гетерозиготалықтың күшеюі, соның нәтижесінде белгілердің комбинативтік өзгергіштігінің көбеюі жатыр. Соңғы жағдай жоғырыда айтқан мал тұқымын шығаруға мүмкіншілік туғызды.

Будандастырған уақытта гетерозиготтылықтың күшеюіне байланысты будандарда гетерозис атты биологиялық құбылыс жиі кездеседі. Гетерозистік құбылыс деп будандардың аталық және аналық тұқымдардан өнімі жағынан басымдылығын айтады. Өндірістік мал шаруашылықтары үшін маңызы зор.

Мал тұқымдарын будандастыруда көздеген мақсатқа жететін нәтижеге байланысты будандастыру мынадай бес түрге бөлінеді: сіңіре будандастыру, қан араластыра будандастыру, заводтық будандастыру, өндірістік, кезек будандастыру.

Будандастырудың әр түрлі жолдарын пайдалану арқылы мына төмендегі зоотехниялық мәселелерді шешуге болады:

1. Өнімі төмен жергілікті мал тұқымын тез арада түбегейлі өзгерту; 2. Өсіріп отырған мал тұқымының кейбір кемшіліктерін қысқа мерзімде жақсарту;

3. Жаңа мал тұқымын шығару;

4. Гетерозис құбылысын барынша пайдалану.

Гибридтеу деп - екі түрге жататын малды шағылыстыруды айтады. Гибридтеудің ғылыми тәсіл ретінде жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын және ұрықтану процестері мен олардың шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен. Дегенмен де гибридтеуді пайдаланудағы негізгі мақсат - жабайы және жартылай жабайы жануарлардың адам игілігіне пайдалану. Осы тұрғыдан гибридтеуді екі түрге бөледі. Оның бірі күнделікті пайдалануға жарайтын мал алу үшін, ал екіншісі - малдың жаңа тұқымдарын шығару үшін кеңінен қолданылады. Сонымен қатар гибридтеудің қан араластыру немесе бір түрді екінші түрмен сіңіре будандастыру мақсатымен қолданылады. Бірақ бұл гибридтеудің сирек кездесетін түрлері.

Күнделікті пайдалануға жарайтын мал алу үшін қолданылатын гибридтеу көне заманнан белгілі. Адам осыдан төрт мың жылдай бұрын

жылқыны есекпен будандастырып, жүк артуға, қара жұмысқа пайдалануда басқа малдан анағұрлым төзімді, әрі күшті, ұзақ тіршілік ететін алғашқы ұрпақ қашырды алды. Сол сияқты айыр түйе мен аруананы будандастырудан қоспақ алу ертеден қалыптасқан; бұдан алынған ұрпақ ата-енесіне қарағанда жұмысқа көнбісті, әрі өнімді болды.



Гибридтеу. Әр түрге жататын жануарларды шағылыстыруды гибридтеу (түраралық немесе шалғай будандастыру) деп атайды. Осының нәтижесінде алынатын ұрпақты гибридтер дейді. Гибридтерді шығу тегі бірдей және әр түрлі гибридтермен шағылыстыруды да мал өсіру әдісі ретінде гибридтеуге жатқызады. Бүл өте қиын будандастыру әдісінің негізгі міндеті - адамның материалдық мәдениетіне жануарлардың бағалы жабайы және жартылай жабайы формаларын енгізу. Гибридтеу - тіршілікті зерттеу ғылымдарында қолдану шеңбері кең тәсіл. Өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым куалаушылығын, үрықтану процестері мен шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен.

Гибридтердің ұрпақ беру немесе бермеу қабілетіне қарай гибридтеуді былайша бөледі: шаруашылыкқа пайдаланылатын жануарларды (мысалы, қашырдың шығарылуы) шығаратын және жануарлардың жаңа тұқымдары мен түрлерін шығару үшін пайдаланылатын гибридтеу. Осыған байланысты жануарларды гибридтеудің мынадай төрт түрі бар: өнеркәсіптік, сіңіре, тұқым түзуші және түзетуші (кірістіре) гибридтеу. Бүлардың ішіндегі кең таралғандары - өнеркәсіптік (пайдаланушы) гибридтеу және тұқым түзуші гибридтеу.

Мал шаруашылығында гибридтеуді пайдаланудағы негізгі мақсат -

жабайы және жартылай жабайы жануарларды адам игілігіне пайдалану. Осы

түрғыдан гибридтеу екі бағытта қолданылады:

1) өндірістік будандастыру жолымен, яғни екі түрдің өкілдерін шағылыстыру арқылы, мол өнімді тек бірінші ұрпақ гибридтерін алу.

Мысалы, жылқының биесін есектің айғырымен шағылыстыру арқылы жүк тартуға, мініске жылқыдан да, есектен де анағүрлым төзімді, әрі күшті және үзақтіршілік ететін қашыр алу ертеден қалыптасқан тәсіл.

2) жаңа мал тұқымын шығару. Бүл бағыттағы жүмыс зауыттық немесе кірістіре будандастыру жолымен жүргізіледі. Мысалы АҚШ-та шортгорн сиырын үнді зебуімен гибридтеу нәтижесінде санта-гертруда, шароле мен герефорд сиырларын бизонмен шағылыстырудан бифали атты етті бағыттағы жаңа тұқымдар шығарылған.

Табиғи жағдайдың өзінде екі түр өкілінің бір-бірімен шағылысуы сирек

кездесетін қүбылыс. Себебі эволюция барысында екі түрдің шағылысуына жол бермейтін біршама кедергілер қалыптасқан. Осы кедергілерден өту жолдарын ашу биология саласындағы ғылымдардың басты мәселелерінің бірі. Өйткені, бір түрмен селекция келешекте мүмкіншілік шегіне жеткен уақытта оның жететін жаңа белестерін ашудың жолы басқа түрмен гибридтеу болмақ.

Жануарларды гибридтеуде көптеген қиывдықгар кездесуде. Олардың ішівдегі ең бастылары мыналар: 1) түрлердің өзара будандаспауы; 2) гибридтердің ішінара немесе толық бедеулігі. Түрлердің будавдаспауының және гибридтердің бедеу болуының негізгі себептері генетикалық факторлар болып табылады: гаметалардағы хромосомалардың әр түрлі жиынтығы мен қүрылымы, олардың тіршілікке қабілетті зигота түзе алмауы, өзінің морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне қарай сперманың бөгде жүмыртқа клеткасының қабықшасын бүзып, оған ене алмауы. Егер гибридті зигота түзілген болса да, эмбрионалдық патологияның нәтижесінде іштегі төл қалыптасуының алғашқы сатыларында ақ жойылып кетеді. Мүның себебі, организмнің иммунды қорғаныш денелері ішке енген бөгде белоктарға қарсы күресіп, оны жояды. Ата-енелеріндегі айырмашылықтарға байланысты гибридтерде аталық және аналық жыныс клеткаларының түзілу процесі бұзылып, олар бедеу болып шығады. Гибридтердің стерильдігі гонадалар мен митоздың дамуындағы ауытқушылықтарға байланысты.

Қазіргі кезде цитогенетиканың қауырт дамуы гибридтер бедеулігінің цитогенетикалық себептерін егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді. Оларды үш топқа бөлуге болады: а) кариотиптегі хромосомалар санының сәйкессіздігі; б) хромосомалар құрылысындағы морфологиялық құрылымдық айырмашылықтар; в) хромосомалардың мінез-қүлығына, олардың морфологиясына әсер етпейтін ген қүрамының өзгеруі.

Қазіргі уақытта ғалымдар кейбір түрлердің будандаспаушылығын

жоюдың бірқатар әдістерін жасауда. Оларға мыналар жатады: жануарлардың

бір түрінің қанын екінші түріне қүю, бірнеше түр жануарларының спермасын

араластыру, реципрокты (кері) будавдастыру қолдану, гормовдық препараттар, арнайы сперма сүйылтқыштар пайдалану, гонадаларды көшіріп

қондыру, ұрпақ алу және өсіру үшін қажетті жағдайлар жасау. Жас аналықтардың гибридті ұрпақты көп беретінін тәжірибелер көрсетті: өздері

будандастыру нәтижесінде алынған жануарлардың гибридтеуге жарамдылығы және өсімтал ұрпақ туу қабілеті жоғары болады.

Гибридтердің стерильдігі немесе тіршілікке бейімділік қабілеті жөнінен жынысына байланысты айырмашылықтардың болатындығы байқалған, олар гомогаметалы аналық (хх) жынысқа қарағанда, гетерогаметалы (ху) жыныстың гибрид аталықтарында жиі байқалады. Сірә, бұл құбылыста цитоплазмалық тұқым қуалаушылық және белгілерді тұқым қуалай қабылдаудың аналық эффекті әсер ететін болса керек, оларды ата-енелерінің жынысын ескере отырып будандастыру үшін жұп таңдауда пайдалануға болады (реципрокты жұп құру). Біз түрлердің будандаспаушылығын және гибридтердің бедеулігін жоюдың негізгі әдістерін ғана көрсеттік. Генетиканың, молекулалық биологияның, биотехнологияның, гендік және клеткалық инженерияның қазіргі қауырт дамуы таяудағы болашақта жануарларды гибридтеудегі бедеулік проблемасын толық шешуте мүмкіндік береді.

Алайда бұл әдісті жетілдіруге ұлпалар өсірудегі клеткалардың соматикалық гибридтелуі жануарларды түр аралық гибридтеудің эксперименттік моделі ретінде пайдаланылады деп күтуге болады. Хромосомалардың физикалық және химиялық мутагендермен зақымдалуы, сондай ақ биологиялық активті қосылыстар супермутагендердің микродозасын қолдануды жануарларды гибридтеудегі бедеулікті жоюдың перспективалық жаңа әдістеріне жатқызуға болады.

Жылқыны есекпен будандастырып, қашыр алуды гибридтеудің ежелгі формаларының бірі деуге болады. Қашыр өсіру Ежелгі Римде кең дамыған. Қашыр — төзімділігі, ұзақ жасайтындығы және жұмыс қабілеті жөнінен ешбір жануар тең келе алмайтын жүк көлігі. Оны есек пен биені будандастыру арқылы шығарады, есекті айғырмен жұптастырудан қарта қашыр туады. Қашыр жылқыдан ірі, әрі бағалы, бірақ, әдетте, бедеу болып келеді. Бұл жануарларды "өз ішінде" өсіру мүмкін болмады.

Көптеген зерттеушілер "сүтті зебу тәрізді" мал алу үшін 1 ұрпақтың гибридтерін "өз ішінде" өсіру тиімді емес деп есептейді. Мұнда ауыспалы будандастыру да дұрыс баға алмады. Сүтті гибридтерді зебу қанының 1/8-1/16 үлесі деңгейінде және бастапқы зауыттық тұқым қанының 7/8 және 15/16 үлесі деңгейінде алудың болашағы бар деп есептеледі. Бірқатар авторлар II ұрпақтың гибридтерін (зебу қанының 1/4 үлесі және бастапқы зауыттық тұқым қанының 3/4 үлесі) өсіруді жақтайды. Зебу қанының үлесін кеміткен сайын гибридтердің қан паразиті аурулары мен сыртқы факторлардың қолайсыз жағдайларына төзімділігі кемиді.

Ірі қараны гаялдармен және африкалық ватуси малымен

будандастырудан да гибрид алынған. Африкалық канна бөкені шалғай

гибридтеу үшін ең қолайлы түр болып табылады. Бұл бөкендердің ішіндегі

ең ірі түрі: еркегі — 700 кг, ұрғашысы 540-500 кг тартады. Ұрғашылары жақсы сауылады, лактация ішіндегі сүттілігі 700 кг-нан аспайды, бірақ сүтінің майлылығы 10-14 пайызға дейін жетеді. Канна бөкенінің сүті шипалық және бактерицидтік қасиеттерге ие. Оның сүтінен ашытылған айран әдеттегі жағдайларда көптеген жылдар бойы бұзылмайды. Қазіргі кезде канна бөкені аталығының спермасын қынапқа құйып алып, гибридті формалар шығару үшін сиырларды қолдан үрықтандыру әдісі жасалған.



Мал шаруашылығында гетерозисті пайдалану. Гетерозис деп - жануарлардың тіршілік қабілеті, өсу энергиясы өсімталдығы, дене бітімінің мықтылығы, ауруларға төзімділігі жөнінен таңдаулы ата-енелерінен асып түсу қабілетін айтады. С.А.Рузский және басқа ғалымдар будандастыру нәтижесінде алынған ұрпақ ата-енелерінің орташа көрсеткіштерінен асып түсетін, шаруашылыққа пайдалы белгілері бар жағдайларды гетерозис эффекті деп есептеді, бірақ мұнда олар ата-енелерінің тандаулы қасиеттерінен аспауы тиіс.

Гетерозис алуға бағытталған селекция асыл тұқымдық сұрыптау мен жұп тандау теориясымен және практикасымен тығыз байланысты, жануарлар өнімділігін арттыру жолдарының бірі болып табылады. Өзінің генетикалық табиғаты жөнінен гетерозис инбридті депрессияға қарама-қарсы. Оның гибридтердің немесе будандардың 1 ұрпағында ғана жақсы байқалуы — басты ерекшеліктерінің бірі. Бұдан соң гетерозис бірте-бірте "сөніп", будандарды басқа будандармен шағылыстыру арқылы алынған келесі ұрпақтарда гетерозис эффектін сақтауға арналған шаралар қолданылмаса, жойылып кетеді. Гетерозис бұдан бірнеше ғасыр бұрын белгілі болған және мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы тәжірибесінде пайдаланылған, бірақ бұл қүбылыстың көптеген теориялық мәселелері әзірше жеткілікті зерттелмеген. Гетерозис эффектін тудыратын тұқым куалау факторлары үйлесімділігінің механизмін ашу әрекеті әлденеше рет жасалған. "Гетерозис" терминін ғылымға А. Шелл (1914) енгізген, ол гетерозис деп гетерозиготалықтың әсерінен туған гибридтік күшті түсінген. Д.А.Кисловский гетерозисті түсіндіру үшін облигатты гетерозиготалық болжамын ұсынған. Бұл болжам бойынша организмде екі жақты — пайдалы және зиянды әсер ететін гендер болады, гетерозиготалы күйдегі осындай гендері бар организм тіршілікке барынша қабілетті болып келеді.

А.Шелл мен О.Ист аса басымдық болжамын ұсынды, ол Д.А.Кисловский ұсынған облигатты гетерозиготалық болжамына жуықтайды. Оның мәні мынада: жоғары гетерозиготалылық организмнің физиологиялық қызметінің алуан түрлі және күшті болуын гомозиготалылыққа қарағанда жақсы қамтамасыз етеді. Х.Ф.Кушнер көптеген эксперименттердің негізінде мал шаруашылығында пайдаланылатын гетерозис құбылысының бес формасын бөліп көрсетті:

1) I ұрпақгың гибридтері немесе будандары тірілей массасы және

тіршілік қабілеті жөнінен өздерінің ата-енелерінен асып түседі;

2) I ұрпақтың будандары дене бітімінің мықтылығы, ұзақ жасауы,

жұмыс қабілеті жөнінен, өсімталдығына толық немесе ішінара зақым келген

жағдайдың өзінде, өз ата-енелерінен асып түседі;

3) I ұрпақтың будандары тірілей массасы жөнінен аралық орын алады,

бірақ өсімталдығы мен тіршілік қабілеті жөнінен ата-енелерінен айтарлықтай

асып түседі;

4) жеке алынған әрбір белгі бойынша тұқым қуалаудың аралық типі сақталады да, ал ақырғы өнімі жөнінде көтеріңкі гетерозис байқалады;

5) будандар немесе гибридтер өнімділігі жөнінен таңдаулы ата-енелерінен аспайды, бірақ ата-енелерінің орташа арифметикалық көрсеткіштерімен салыстырғанда едәуір жоғары деңгейде болады.

Гетерозисті жануарларды шығарудың түрліше әдістері тәжірибеден

өткен. Оларға түр аралық гибридтеу тұқымаралық будандастыру, тұқым

ішінде гетерогенді жұп кұру, аталық іздер, аралық кросстар, арнайы құрылатын инбредгі іздердің кросстары, әр түрлі жағдайларда өсірілген жануарларды жұптастыру жатады. Бұл әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар және барлық белгілер бойынша емес, тек белгілі бір белгілер бойынша ғана пайдаланылуы мүмкін. Гетерозисті алуға қандай әдістің пайдаланылғанына қарамастан, аталықтың жеке ерекшеліктерінің зор маңызы бар. Оның шығу тегі неғүрлым бағалы және өзінің қасиетгерін ұрпақтарына беру кабілеті неғұрлым жоғары болса, басқа жағдайлардың бәрі тең болғанның өзінде де оның ұрпағында гетерозис құбылысы жоғары дәрежеде байқалады. Гетерозистің жануарлар өнімділігін арттырудағы және олардың шаруашылыққа пайдалы басқа да белгілерін жақсартудағы орасан зор ролі көптеген ғалымдарды оны ұзақ сақтау немесе бірнеше ұрпақтың бойында сақтау жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Д.А. Кисловский гетерозисті тұқым аралық кезек (ауыспалы) будандастырудың кейінгі ұрпақтарында да сақтап калу мүмкіндігін алғашқылардың бірі болып теориялық түрғыдан дәлелдеді. Ол бұлайша будандастыруда сіңіре және өнеркәсіптік будандастырудың жақсы жақтары мен ерекшеліктері өзара ұштасады деп тұжырымдады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет