1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


Қазақстан әлемдік экономикалық байланыстарда



Pdf көрінісі
бет32/61
Дата04.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#156557
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61
Байланысты:
1-ші та ырып. аза станны азіргі заман тарихына кіріспе

Қазақстан әлемдік экономикалық байланыстарда.
Әлемде болып жатқан оқиғалар, халықаралық қатынастардағы жаңа үрдістер, 
ғасырлар тоғысындағы жаһандану барысының белсенді түрде дамуы дипломатияның 
сипатын айтарлықтай өзгертті. Сонымен бірге салалық – экономика, қаржы мәселесін 


15 
шешу міндеттері де тұр. Бұл сала көптеген елдердің сыртқы саясатында басым бағыт 
болып отыр. Қазақстанда бұдан тыс қалған емес. Сыртқы жаһандық экономикалық 
өзгерістер республиканың сыртқы саяси мекемесі мен министрліктер тарабынан белсенді 
және келісілген жұмысты талап етеді. 
Мемлекеттілікті орнатудың алғашқы кезенінде ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев 
тұжырымдаған Қазақстаннын сыртқы саясатын «экономикаландыру» міндеті ерекше 
өзекті сипатқа ие болды. Дипломаттардың алдына негізгі күш-жігерді Қазақстан 
экономикасының дамуына барынша жәрдемдесуге, ең алдымен, банкроттық шегінде 
тұрған кәсіпорындардың қызметін қалпына келтіру, жаңа жұмыс орындарын құру, ең 
жаңа технологияларды еңгізу үшін қажетті шетелдік инвестицияларды тартуға 
шоғырландыру міндеті қойылды. 
Мемлекет басшысының елдің сыртқы саясатын «экономикаландыру» жөніндегі 
нұсқауларын басшылыққа ала отырып, Сыртқы істер министрлігі инвестициялық 
саясатты түзету жөнінде бірқатар шаралар жасады. Осы бағыттағы істерді қолға алды. 
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы шетелдік 
инвесторлар кеңесінің – ЕҚДБ, Дойче Банк, АБН-Амро, Шелл, Мобил, Эни, Тоталь, 
ЛукОйл т.б. сияқты жетекші шетелдік банктермен және инвестор компанияларымен 
ашық пікір алысуға мүмкіндік беретін аса маңызды кеңес беру, кеңесу органының 
жұмысы жанданды. 
2000; 2002 жылдары Алматыда өткен бірінші және екінші еуроазиялық 
экономикалық саммиттер, 2012 жылдың 22-24 мамыр күндері Астанада өткен 5-ші 
экономикалық форумы тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орта Азия 
үшін бұрын-соңды болып көрмеген оқиғалар. Бұл шаралар Дүниежүзілік экономикалық 
форумның (ДЭФ) қамқорлығымен өтті. Бұл беделді ұйымның Қазақстанда еуроазиялық 
саммит өткізу туралы шешімі республиканы Орталық Азия мемлекеттерінің арасында 
өңірлік көшбастаушы, неғұрлым келешегі мол экономикалық әріптес ретінде танытты. 
Аталған екі саммитке 500-ден астам бизнесмен және саяси жетекшілер қатысты 
2012 жылдың 22-24 мамыр күндері елордадағы тәуелсіздік сарайында өтті. Қазақстан 
елордасында осымен 5-ші рет өтіп жатқан жиын мың құбылған жаһан экономикасының 
бүгінгі бағдарына, дағдарысқа тап болып, еңсесі түскен Еуроаймақты құтқару жолдарына 
арналды 
Әлем назары тағы да Астанаға ауды. Бүгін Астана экономикалық форумының бірінші 
күні. Қазақстан елордасында осымен 5-ші рет өтіп жатқан жиын мың құбылған жаһан 
экономикасының бүгінгі бағдарына, дағдарысқа тап болып, еңсесі түскен Еуроаймақты 
құтқару жолдарына арналды. 
Астана экономикалық форумына 90 елден 8 мыңға жуық делегат қатысты. Оның 
ішінде әр елдің министрлері, кәсіпкерлер, халықаралық ұйым басшылары, профессорлар 
және 11 Нобель сыйлығының иегері болды. Жаһан экономикасын жақын жылдары не 
күтіп тұр? Ешкім дөп басып айта алмасы анық. Алайда, болжам бар. Астана 
экономикалық форумына түкпір-түкпірден келген ғалымдар, экономистер мен 
саясаткерлердің ой-пікірі бір арнаға тоғысты. Эдвард Прескотт Нобель сыйлығының 
иегері. Ол «батпандап кіріп, мысқылдап шығатын дағдарыс атты дертті жоюдың бір 
жолы - сыбайлас жемқорлықпен күрес» дейді. 
Валюта, банк жүйесі, технология, ал, ең бастысы - әлеуметтік саланы дағдарыс 
дендеп барады. Жұмыссыздық, билікке наразы халық, бюджеттік шығындардың 
қысқаруы. Қазір Еуропаның бірқатар елдеріндегі көрініс осы. «Бес саусақ бірікпей, ине 
ілікпейді». Форумда ғалымдар ұсынған G-глобал идеясының түп мағынасы осы. 


16 
Мұндай жағдайда тек ұжымдық күш-жігер ғана оң жолға апаратыны айқын. Ал 
осындай ұтымды бағытты «G-Global» ілкі идеясымен байланыстыруға болады. Өйткені, 
біз «G-8», «G-20» секілді құрылымдар бар екендігі туралы айтқанда, олардың тек 
таңдаулылар клубы екендігіне мән бермей жатамыз. Ал, жаһандық полижүйелі дағдарыс 
бұндай ауқымды мәселеге әлем елдерінің басым көпшілігінің қатысуын талап ететінін 
көрсетіп отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «G-global» идеясы да осы 
тұрғыдан өзекті. 
Елбасының 2014 жылдың қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 
атты Жолдауын жариялады. Елбасы Жолдауынан туындайтын «Нұрлы жол» 
бағдарламасы негізінен экономикалық дағдарыстың алдын алуға, осылай ете отырып, 
барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын төмендетпеуге бағытталғаны белгілі. 
Қазіргі таңда мемлекет отандық кәсіпорындардың жұмысқа қабілеттілігін қолдап, жұмыс 
орындарын сақтау, сонымен бірге, Қазақстан экономикасын құлдыратып алмау үшін 
қаражат бөліп келеді. Бағдарлама аясында осы бағыттағы жұмыс жалғасады әрі алдағы 
уақытта оның ауқымы да арта түседі. Айта кетердігі, «Нұрлы жол» бағдарламасы 
бірқатар басым міндеттерден тұрады. Нақтырақ айтқанда, онда «шұғыла» қағидаты 
бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды құру, индустриялық және 
туристік инфрақұрылымдарды дамыту, бірыңғай электр энергетикасы жүйесін дамыту 
шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту, тұрғын үй-коммуналдық 
шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру 
желілерін жаңғырту, азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру, білім беру 
саласының инфрақұрылымын дамыту шаралары қамтылып отыр.
Тоқтала кететін жайт, бүгінгі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасын бюджеттік қамту 
толық шешімін тапты. Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайыновтың 
айтуынша, Елбасы бекіткен бағдарламаны іске асыруға Қазақстан Республикасының 
Ұлттық қорынан 2015 жылы – 796 млрд. теңге, 2016 жылы – 379 млрд. теңге, ал 2017 
жылы – 3 млрд. АҚШ доллары эквиваленті көлемінде қаражат бағыттау жоспарлануда. 
Сонымен қатар, Халықаралық қаржы институттары есебінен индикативті бірлесіп 
қаржыландыру көлемі 9 млрд. АҚШ доллары шамасын құрайтын болады. Ал ұлттық 
компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты есебінен «Нұрлы жол» 
шараларын қаржыландыру 240,9 млрд. теңгені құрамақ.
Мұндай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылы 2014 жылға қарағанда ЖІӨ-
нің 15,7 пайызға өсу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Ең бастысы әлемдік қаржылық 
дағдарыс қыспаққа алған тұста жұмыссыздықты өршітпеу де бірінші кезектегі мәселеге 
айналғалы отыр. Сондықтан да, бағдарламаны іске асыру кезінде 2015-2019 жылдары 
395,5 мың адамға арналған жұмыс орнын құру көзделеді. Соның ішінде тұрақты жұмыс 
орындарымен 86,9 мың адам, уақытша жұмыс орындарымен 308,6 мың адам қамтылады. 
Тұтастай алғанда, «Нұрлы жол» нәтижесінде 2019 жылы базалық инфрақұрылым сапасы 
бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде Қаазқстанды 57-орынға дейін 
жоғарылату межеленіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет