2
Оның үстіне, зейнетақылардың орташа мөлшері 20 есе (4179 теңгеден 86 мың теңгеге
дейін), ең төменгі зейнетақы 7,8 есе дерлік (3000-нан 36108 теңгеге дейін),
ең жоғарғы
зейнетақы мөлшері 16 есе (7256-дан 117 мың теңгеге дейін) көбейді.
Ал барлық зейнеткерлерге олардың еңбек өтілін есепке алмай төленетін базалық
зейнетақы 2019 жылы 16037 теңгеге жетті. 2016 жылғы қаңтардың 1-іне жеке зейнетақы
шоттарының саны 9,5 миллион немесе 1998 жылмен салыстырғанда (ол кезде - үш
миллион шот) 3,2 есе көп болды, зейнетақы жинақтарының сомасы 5,8 трлн. құрады.
1997 жылы маусымның 20-сында Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» Заң қабылданды. Зейнеткерлік
жасы қайтадан қаралып, ер
адамдар үшін - 63, ал әйелдер үшін 58 деп белгіленді. Қазақстан Республикасының
зейнеткерлік заңнамасына 2016 жылы сәуірдің 6-сында енгізілген өзгертулер мен
толықтыруларға сәйкес, 2018 жылдан бастап зейнеткерлік жасы әйелдер үшін жыл сайын
жарты жылдан қосыла отырып, 2027 жылға дейін 63 жас шегіне жеткенше ұзартылатын
болады. Мысалы, 1964 жылы дүниеге келген әйелдер зейнеткерлікке 63 жаста, ер
адамдармен қатар шығады.
«Қазақстан 2030» Стратегиясында азаматтардың денсаулығы
Қазақстан дамуының
басымдық берілегін негізгі ұзақ мерзімдік міндеттерінің бірі ретінде айқындалды. Халық
денсаулығының жай-күйі қоғамның әлеуметтік бағдарлануының және мемлекеттің өз
азаматтары алдындағы жауапкершілігі деңгейін сипаттайтын әлеуметтік кепілдіктерінің
негізгі көрсеткіші болып табылады.
2009 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының «Ұлт денсаулығы және
денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі қабылданды.
Қазіргі кезеңде ұлттық денсаулық сақтау саласы
азаматтардың денсаулығын, өмір
сүру ұзақтығы мен сапасын жоғары деңгейде ұстауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы мақсатта және ҚР Тұңғыш Президентінің 2010 жылғы ақпанның 1-індегі «Қазақстан
Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы»
Жарлығына; ҚР Тұңғыш Президентінің 2012 жылғы желтоқсанның 14-індегі
«Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»; 2014
жылғы қарашаның 11-індегі «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауларына;
ҚР Тұңғыш Президентінің бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша
«100 нақты қадам» ұлттық жоспарына сәйкес, денсаулық сақтауды дамытудың 2016-
2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: