1-слайд. Баяндама: «Мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілін үйретудің негізгі бағыттары»



бет1/4
Дата29.03.2022
өлшемі19,39 Kb.
#137121
  1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама 2021-2022 Шолпан


1-слайд.
Баяндама:
«Мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілін үйретудің негізгі бағыттары»


«Қостанай қаласының мектеп-бақша гимназия» мекемесі
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Молдагулова Шолпан Ихсановна

2 -слайд.
Мақсаты:
1. Мұғаліммен бірге қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту;
2. Балалардың тыңдау зейінін қалыптастырып, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру;
3. Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.
3-слайд.
Қазақ халқында «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» деген керемет сөз бар. ХХІ ғасырдың өзекті мәселесі – ол заман талабына сай білім беру. Өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйрету тек қана сөздерді қайталау арқылы ғана емес, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады.
Сабақта ойын әдісін және көрнекіліктерді , слайдтарды қолдану балалардың тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттырады, сенімдерін оятады.
4-слайд.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысында балаларға қазақ тілін үйретудің білім - деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.
Әсіресе балабақшада, мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілін үйрету – аса маңызды жауапкершілікті жүктейді, себебі алғаш рет балабақша мен даярлық тобына келіп отырған бала, бастапқы кезеңде не жазуды, не оқуды білмейді, не әріп танымайды, сондықтан баланың болашақта қазақ тілінде қалай сөйлеуі, қазақ тілін қалай меңгеруі баланың мектепке дейінгі алған біліміне де байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет