А) ӨНЕРКӘСIП.
а) Қазақ металлургиялық өңдеу зауытын салып бiтiру және Қарағанды металлургия зауытының құрылысын бастау; ә) қорғасын, молибден, вольфрам өндiрудi ұлғайту; б) Қаратауда кен - руда комбинаты мен Жамбылда суперфосфат зауыты салына бастайтын болып белгiлендi.
ОБЪЕКТIЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ:
► Қазақ металлургиялық зауытының құрылысы аяқталды;
► Қаратау тау - кен комбинатының 1-кезегi, Өскемен қорғасын-
мырыш комбинаты (1946 жыл) iске қосылды;
► Батыс Қазақстанда Қаратон кәсiпшiлiгi iске қосылды;
► жаңадан 6 көмiр шахтасы ашылды.
Соғыстан кейiнгi қиын - қыстау жағдайға қарамастан, басқа республикалардағы сияқты Қазақстанда да өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде халықтың патриоттық сезiмi мен жанқиярлық еңбегiнiң арқасында табыстарға қол жеткiзiлдi. Республикада аймақтық және салалық жарыстар, сондай-ақ көп станокта iстеушiлер, шикiзатты үнемдеу және сапалы жоғары өнiмдер шығару сияқты қозғалыстар кең етек алды.
1952 жылғы қыркүйекте КОКП ХIХ съезi КСРО халық шаруашылығын өркендетудiң бесiншi бесжылдық жоспары жөнiнде директива қабылдады. «Хрущевтiк жылымық» кезеңiндегi басқарудың демократияландырылуы, одақтас республикалардың шаруашылық құқықтарының кеңейтiлуi экономикаға жаңа сарын берiп, оның дамуына ықпал еттi.
Достарыңызбен бөлісу: |