1. Соғыстан кейiнгi жылдардағы Қазақстанның әлеуметтiк экономикалық дамуы (40-50 жж.)



бет7/39
Дата22.02.2022
өлшемі72 Kb.
#132801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
5 тақырып

Ауылдарда әмiршiл - әкiмшiл жүйе бас көтердi. Жерге қатаң бақылау жасалып, колхозшылардың «артық» деп табылған жерлерi кеңшар қорына (жерiне) қосылды. Сондай-ақ 1957-1958 жж. ұжымшар-кеңшар малының санын өсiру мақсатымен колхозшылардың малдарын тартып алу күшейдi. Сатып алу бағасының төмендiгiне қарамастан, натуралды өнiмдi (ет, астық) өткiзудiң мөлшерi жылдан - жылға көбейiп өстi.


2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ӨМIРI (40 - 50 ЖЫЛДАР)

Соғыстан кейiнгi жылдарда тоталитарлық жүйе қанатын кең жайып, қоғамдық өмiрге жiтi бақылау орнатты.


1946 жылы 14 тамызда партияның «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы» қаулысы қабылданды. Мұнда жазушылар, ақындар, драматургтер, әсiресе талантты және танымал екi зиялы – М. Зощенко мен Ахматова – қатаң сынға алынды. Бұл шын мәнiсiнде сындарлы сын емес, өрескел балағат, орынсыз кiнәлау болды. М. Зощенконың үлкен туындыларын былай қойғанда, «Маймылдың шытырман оқиғасы» («Приключения обезьяны») деп аталатын балаларға арналған әңгiмесiне келiп шүйлiктi. Онда маймылды адамдардың ұнатуы туралы айтылады. Авторға маймылды адамдардан, ең бастысы кеңес адамдарынан, «жоғары» қойғысы келедi, соны көксейдi деп жала жабылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет