ТЫҢ ИГЕРУДIҢ ЖАҒЫМДЫ ЖАҚТАРЫ:
1) Қазақстан елдiң астық балансын нығайтуда елеулi рөл атқарды. Республика бидайдың бағалы, қатты және күштi сорттарын өндiрудiң орталығына айналды. Аталған бидай сорттарының 60%-ы тың өлкесiнде өсiрiлдi;
2) 1954-1977 жылдар аралығында республикада ауыл шаруашылығының барлық салаларына 21,1 млрд. сом қаржы жұмсалып, шығын 27,2 млрд. сом болып өтелдi. 1990 жылғы ақпанның 15 -жұлдызында Н.Ә. Назарбаев (ол кезде республика партия ОК -нiң 1-хатшысы болатын) ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң республикалық кеңесiнде «Тың игеру басталғаннан астық өндiру 7, ет - 5, сүт - 3 есеге көбейдi. Тың көтеруге жұмсалған қаржы 1977 жылға қарай толық өтелдi», - деп атап көрсеттi. Сөйтiп, 20 жылдан кейiн шығын қайтарымын тапты;
3) әсiресе тың өлкесiнде темiр жолдар, электр көздерi желiлерi және байланыс линиялары тартылып, инфрақұрылымның дамуына мүмкiндiк жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |