40-50 жылдарда Қазақстанда «БЕКМАХАНОВ IСI» қозғалды. Ермұқан Бекмаханов 1915 жылы қазiргi Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай жерiнде дүниеге келген. Ол мектептi және жоғары оқу орнына даярлайтын бiр жылдық курсты аяқтады. 1933 жылы Воронеж мемлекеттiк педагогикалық институтына қабылданып, 1937 жылы оның тарих факультетiн бiтiрдi. Ағартушылық қызметiн Алматыдағы орта мектептiң мұғалiмi қызметiнен бастап, басынан аласапыран оқиғаларды өткiзген 1948 -1949 жылдарда Қазақ мемлекеттiк университетiнiң Қазақ КСР тарихы кафедрасының меңгерушiсi, КСРО тарихы кафедрасының профессоры дәрежесiне дейiн жеттi.
Достарыңызбен бөлісу: |