Б) АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
Ауыл шаруашылығында өнеркәсiп саласына қарағанда жағдай ауыр болды. Немiс оккупанттарынан зардап шеккен аудандарға көмек ретiнде республика 318,5 мың бас малды сатса, сонымен қатар 17,5 мың бас iрi қара, 21,8 мың жылқы, 350 мың қойды тегiн бердi.
1947 жылы карточкалық жүйе жойылғанмен, халықты азық-түлiкпен қамтамасыз ету жолға қойылмады.
1950 жылы ауыл шаруашылығын көтеру мақсатымен мәшине-трактор стансаларын, әсiресе ұсақ ұжымшарларды iрiлендiру үрдiсi басталды, партия құжаттарында ол 1951 жылы аяқталды деп тұжырымдалды. Осының нәтижесiнде Қазақстанда 1945 жылы 6 737 ұжымшар болса, 1952 жылы бар болғаны 2 047-сi қалды. Ауыл шаруашылығындағы аталған реформа ойлаған нәтижелерге жеткiзбедi. Елде халықты азық - түлiкпен қамтамасыз ету күн тәртiбiндегi мәселеге айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |