1. Соғыстан кейiнгi жылдардағы Қазақстанның әлеуметтiк экономикалық дамуы (40-50 жж.)


ПЛЕНУМ РЕФОРМАНЫҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРIН ТӨМЕНДЕГIДЕЙ ДЕП КӨРСЕТТI



бет26/39
Дата22.02.2022
өлшемі72 Kb.
#132801
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
5 тақырып

ПЛЕНУМ РЕФОРМАНЫҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРIН ТӨМЕНДЕГIДЕЙ ДЕП КӨРСЕТТI:
► жоспарлауды жақсарту (жоспардың төменнен бағыт алуы);
► кәсiпорындардың шаруашылық дербестiгiн кеңейту (өнiмнiң
қандай түрi сұраныста және оны шығару мүмкiндiгi ескерiлдi);
► экономикалық ынталандыруды күшейту. Жоспардан тыс өнiмге
үстеме ақша, сыйлықтар беру арқылы жұмысшыны ынталандыру;
► кәсiпорындарды шаруашылық есепке көшiру.
Қарастырылған мәселелер маңызды және онда белгiленген мiндеттер өмiр талабынан туындап, дұрыс көтерiлген едi. Бiрақ 1965 жылғы шаруашылық реформасы жартыкештiк сипатта қалып, аяғына дейiн жеткiзiлмедi. Қайтадан экономиканы басқарудың бұрынғы әдiстерi көрiнiс тауып, күшейе бердi (жоспарға өзгертулер енгiзу жиiледi, мекемелердiң құқықтары шектеле бастады, орталықтың бұйрығы күшейдi), реформа әрбiр жеке жұмыс орнына жетпей, мекемелердiң көлеңкесiнде қалыс қалды. Ең бастысы – елдегi саяси жүйенiң сол қалпында өзгерiссiз қалуы экономиканы басқарудың қандай да бiр озық әдiстерiн енгiзген күннiң өзiнде де оң нәтижелерге жеткiзбейтiндiгi ескерiлмедi.
Дегенмен, Кеңес мемлекетi қабылдаған он екi бесжылдықтың iшiндегi реформа басталған 8-бесжылдық (1966 - 1970 жылдар аралығын қамтыды) табыстарға қол жеткiздi. Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң үлесi осы жылдары 1,5 есеге өстi. Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң өсуi 60-жылдардың 2-жартысында 28%-ды құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет