1 СӨЖ. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау


Педагогикалық процестің қозғаушы күштері



бет5/9
Дата08.02.2022
өлшемі70,88 Kb.
#119598
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ПЕдАгогика СӨЖ

Педагогикалық процестің қозғаушы күштері
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Оқыту мен тәрбие процестерін бір-бірінен ажыратуға болмайды, бірақ бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тәрбие процесі – бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған әлеуметтік ортаның, үй жағдайының, түрлі адамдардың ықпалы ерекше әсер етеді. Сондықтан тәрбие процесін, оқыту процесі сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау өте қиын. Мысалы, оқушылардың мінез-құлқындағы адамгершілік сезім мен сенімнің және дағдының бірлігін тексеруге бола ма? Әрине, тексеру өте қиын, өйткені мұндай қасиеттер балада жастайынан, бүкіл өмірі бойы қалыптасады.
Тәрбие процесі әр уақытта динамикалы (қозғалысты), жылжымалы болады. Сондықтан, педагогикалық ықпал бір балаға жағымды, ал екінші балаға теріс әсер етеді. Осыған байланысты тәрбие процесінде баланың көңіл-күйін, психикалық жағдайын, тұрған орнын еске алған жөн. Сонымен қатар әр түрлі сыртқы және ішкі факторлар балаға өте күшті немесе өте әлсіз әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайды да мұғалім оқу-тәрбие процесінде естен шығармауы қажет.
Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.
Сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, металл тотығының гидраты мен қышқыл арасындағы бейтарап реакцияны оқушыларға басқаша дәлелдеп, түсіндіруге болар ма екен? Әрине, басқа анықтама беруге болмайды, өйткені, бұл реакцияның нәтижесінде тек қана тұз бен су пайда болады. Мұндай реакцияны бейтарап реакция деп атайды.
Оқыту мен тәрбие процестері – оқытудың даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Бұл екі процесс жеке адамды жан-жақты дамытып, қалыптастырудың үстем функциясы болады.
Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А.С. Макаренко диалектикалық ғылым деп санайды. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылығында ашылады.

Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Ленердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған.


Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Педагогикалық процестің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады:
1. Оқыту мен тәрбие қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Орта мектепте бұл заңдылықты іске асыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты болды. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми-техникалық прогреске сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді;
2. Тәрбиенің, оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызды. Л.С. Выгодскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ал бала дамуының «ең таяу даму аймағын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму аймағы», одан әрі «актуалды даму аймағына» көшуі тиіс, яғни бұл аймақта оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды;
Оқытусыз тәрбиені іске асыруға болмайды, себебі адам баласы белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды.
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі.
Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына белсенділіктін ролі өте зор. Іс-әрекеттің барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі. Қарым-қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойында адамгершілік қасиеттері (қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады.
Тәрбие және оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңейеді, тереңдейді. Мысалы, оқыту процесінде баланың ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады.
Жеке адамның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан жаңа факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық сөздермен, ережелермен толтырылған сауат емес, ол шырақ, оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтымақтығымен тұтандыру керек. Демек, жеткіншектер тек айналадағы дүниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.
1. Тәрбие мен оқыту іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші рөлі тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты. Іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, спорт, еңбек, көркемдік, қоғамдық-саяси іс-әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиді, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады.
Іс-әрекеттің процесінде қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас – бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір құбылысы, ол информациялық, нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады.
Қарым-қатынас оқушыларды адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, айналадағы орта туралы мол информациялармен байытып, ой-өрісін дамытады.
Қарым-қатынасты нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ, оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағымен реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық номалардың көзі – идеология, қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық практикасы.
Қарым-қатынас – таным процесі. Таным және қарым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.
2. Педагогикалық процесте оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.
Жас ерекшеліктері мынадай жағдайда еске алынады:
а) оқу жоспарланып, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын т.б. жасағанда;
ә) организмнің дене және психикалық дамуы барысында;
б) оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы жұмыстардың процесінде.
Жеке адамның дербес ерекшеліктері:
а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик);
ә) мінез жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына қатынасын білдіретін негізгі психикалық сипатта;
б) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер. Қабілет – адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.
Білім беру және тәрбие жұмыстары жеке адамның жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылады.
Педагогикалық процесте коллектив пен жеке адамның өзара байланысы. Жеке адамды қалыптастырудың негізгі көзі коллектив болады. Коллективсіз жеке адам дамымайды, азғындайды, кері кетеді.
Совет ғалымдары Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский коллективті қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасайды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас – коллективтің даму процесі. Педагогикалық процесте коллективтің басты борышы - әрбір адамның түлеп өсуіне қамқоршы болу. Тәрбиенің ерекшелігі, оның коллективті бағытта іске асырылуында, өйткені тәрбие екі жақты, бір текті процесс.
Міне, осы тұрғыдан жаңашыл мұғалімдердің тәрбиешілер мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы творчестволық ынтымақтастықтың шешуші шарттарының бірі болады.
3. Педагогикалық процесс міндеттерінің, мазмұнының, формаларының және әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары.
Педагогикалық процестің барлық элементтерінің мақсаттары және міндеттері, яғни олар мұғалімнің,тәрбиешінің және тәрбиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды. Бұл заңдылықтар:
а) оқыту мен тәрбиенің мазмұны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты;
ә) оқыту мен тәрбиенің формалары, оларды ұйымдастырып өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты;
б) оқыту мен тәрбиенің әдістері олардың мақсаттарымен анықталады.
Егер педагогикалық процестің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылығы ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет