1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ.Абай аудармаларының зерттелуі: М.Әуезов, М.С.Сильченко, З.Ахметов



бет16/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал

22-СҰРАҚ.Абай аудармаларының зерттелуі: М.Әуезов, М.С.Сильченко, З.Ахметов
Абайтанушылардың ең мықтысы М. Әуезов өзініқ ұзақ жылдар бойы ұлы ақынның өмір кешкен жолы мен қалдырған мұрасына үңілген ұлан-асыр еңбегінде Абайдың тілі жөнінде де дұрыс әрі түбегейлі, програмдық сөздер айтып отырды. 1924 жылдың өзінде-ақ М.Әуезов Абай шығармаларының тұңғыш толық жинағын құрастырып, Абайдың қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын анықтап алуға ұмтылды. М.Әуезов ақынның шығармашылық ғұмырының соңғы жиырма жылдан астам кезеңдегі өлеңдерін хронологиялық тәртіппен алып, оларға жан-жақты талдау жасайды. Тарауда өлеңнің шын мәніндегі лирикалық шағын түрлерін алғаш рет енгізген Абайдың жаңашылдық үрдістері сипатталады. Жазушы ақынның әр шығармада әр қырынан көрінген шыншыл реалистігін, суреткерлігін, қоғам өмірі мен адам мінезін бейнелеудегі сыншылдық бағдарын әрдайым ерекше мән бере атап көрсетеді. “Абай өмірі мен шығармашылығы» Аударған М.С. Сильченко,М. О. Әуезовтың «Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы» атты мақаласымен ашылатын кітапта ойшыл ақынның философиялық, қоғамдық-саяси, психологиялық және педагогикалық көзқарастарын, орыс әдебиетімен байланысын, қазақтың жаңа жазба әдеби тілін дамытудағы қызметін және музыкалық мұрасын зерттеген М. С. Сильченко, 3. Ахметов т. б. ғалымдар еңбектері жинақталған. Бірқатар мақалалар Абайдың ақындық шеберлігін саралауға, соңдай-ақ аудармашылық тәжірибесіне арналған. Абай тағлымын бойына сіңіріп, санасында мәңгі тербетіп, жанына қуат еткен З.Ахметов ғылыми-шығармашылық жолында ақын мұрасы жайлы іргелі зерттеу еңбектер жазып, түйінді пікірлер айтып, теориялық негіз қалыптастырды. Сол еңбектердің ішінде абайтану ғылымына зор үлес қосқан «Лермонтов и Абай» (1951), «Абайдың ақындық әлемі» (1995), «Поэзия шыңы – даналық» (2002) атты монографиялық еңбектері, көптеген ұжымдық кітаптары мен сандаған мақалаларын атауға болады.
23-СҰРАҚ.Абайдың өмір сүрген дәуірі: ақын шығармалары негізінде талдау
Біз қазақ халқының ұлы классигі данышпан ақыны А.Құнанбайұлының өмірі мен ақындық еңбегінде тоқталмақпыз.Бірақ Абайдың осы айтылған жайларды шолудан бұрын жалпы Абайдың тудырады дәуірі тарихи ортасы осы кездегі қоғамдық қарым-қатынасы туралы біраз кіріспе айту қажет.19 ғасырдың орта кезінде екінші жартысында Абай кезенде болған жағдайларды білу үшін сол кездегі жалпы Қазақстанның тарихи халін еске алу керек.19 ғасырдың орта тұсында Абайдың балалық шағы өтуі.Бұл кезде Қазақстанда патшалық отарлау саясатының алғашқы дәуірі аяқталған.Әскери түрде отарлау арқылы бірсыпыра жергілікті шаруа халқының қонысы ауысып өздерінің шұрайлы жерлерінен айырылуда.Сондықтан,мысалы құн дауы,қалың мал,көп әйел,барымта сияқты надандық,ескілік әдептің болуы сонымен қатар болысы және билерАбайдың:
Ақша беріп жалғасын.
Ақырында әрең сол алды
Орыс сыяз қылдырса
Болыс елін қармайды
Қу,старшын аш билер
Аз жүрегін жалғайды деп Абайдың шенейтіні сол жаңағы ел ішінде патша өкімет жасаған аппарат. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде біз патшалықтың дәл өзін сынап қарсылық сөз сөйлегенінкездестіре алмаймыз.Бірақ сол патшалықтың қазақ елі сияқты бұратана жұртты билеп отырған системасын және губернатор,ояз,болыс тілмаш,би старшын,клубтары осылардың бәрін барынша әшкерелеп масқара лап мінегенін көреміз.Елдегі ұлықтың үнемі болыс болса соған жасаған бір шабуыл сынында:
Ұрысса орыс,
Елге болыс
Үиден үлкен итке ұқсап.
Өзі ұлысқа
Қадірі жоққа
Қарамай өз халқына
Сөз қайырмай
Жөнді айырмай
Жұртқа шабар талпына деп ақын сол болыстардың барлық сорақы киініп ашып салады.Қазақтың көп жерлерінде қалың шаруалар жатақхана айналды.Күн көрісі тарылған ел кедейлері қаланы өндірісті орындарға,жұмысшыларға,малайлыққа кететін болды.Осының барлығы Абай ақындық еңбек еткен замандасы қазақ ортасында тап негіздің айтқандай ашыла түсуін себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет