1. Статиканың негізгі ұғымдары. Механикалық қозғалыс, күш, күштер жүйесі, баламалы күштер жүйелері, тең әсерлі және теңгеретін күштер. Статика


Нүкте динамикасының негізгі ұғымдары мен аксиомалары



бет13/17
Дата18.12.2022
өлшемі325,05 Kb.
#163138
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
1-20 мех (копия)
Үш фазалы тізбек, охт 6 апта, Жанұзақова Айғаным.Пед-011
14. Нүкте динамикасының негізгі ұғымдары мен аксиомалары.
Динамика деп материялық денелердің, олардың инерциясын есепке алуымен күштер әсерінен пайда болатын қозғалысын қарастыратын теориялық механиканың бөлімін атайды.
Инерция деп материялық дененің өзінің қозғалыс немесе тыныштық қалпын күштер түспеген кезде сақтап қалу қасиетін айтады. Ілгерілемелі қозғалыстағы дененің инерциясының өлшемі болып табылатын зат мөлшеріне тәуелді физикалық шама дененің массасы m деп аталады.
Нүкте динамикасы төмендегі 4 аксиомаға негізделеді.
1) Күштер түспейтін материялық нүкте (МН), оған басқа күштер әсер етпегенше тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды. Күштер әсер етпегендегі нүктенің қозғалысын инерциялық қозғалыс деп аталады.
2) МН-нің үдеуі оған түсетін күшке пропорционал және сол күшпен бағыттас. Динамиканың негізгі теңдеуі: F=ma.
3) Екі МН бір-біріне модульдері тең және нүктелерді қосатын түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған күштермен әсер етеді.
4) Әр күш бөлек түскенде МН алатын үдеулердің векторлық қосындысы барлық күштер біржолы түскенде алатын үдеуіне тең: m*a=сумма Fk
Материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері: m*x”= сумма Fix,
m*y”=сумма Fiy, m*z”= сумма Fiz.
Қозғалысының дифференциалдық теңдеулерін нүкте динамикасының екі негізгі есебін шешу үшін қолданылады:
а) нүкте қозғалысы бойынша оған түсетін күшті анықтау;
б) нүктеге түсетін күштер бойынша оның қозғалысын анықтау.
15. Материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері. Материялық нүктенің қозғалыс мөлшері. Күш импульсі.


Негізгі қарастыратын объекті - материалдық нүкте-өлшемі ескерілмейтін массасы бар материалдық дене.
Негізгі ұғымдары: материялық нүкте, күш, инерция, нүкте массасы жатады.
Материялық нүкте - өлшемдері жеткілікті аз болатын және оның қозғалысын зерттегенде геометриялық нүкте ретінде алуға болатын кез-келген пішіндегі материалдық дененің қарапайым моделі.
Инерция - материялық дененің өзінің қозғалыс немесе тыныштық қалпын күштер түспеген кезде сақтап қалу қасиеті.
Нүктенің массасы - бұл физикалық шама, ол нүктенің инерциясының сандық өлшемі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет