1. Статиканың негізгі ұғымдары. Механикалық қозғалыс, күш, күштер жүйесі, баламалы күштер жүйелері, тең әсерлі және теңгеретін күштер. Статика



бет16/17
Дата18.12.2022
өлшемі325,05 Kb.
#163138
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
1-20 мех (копия)

Гюйгенс-Штейнер теоремасы: Біреуі массалар центрі арқылы өтетін өзара параллель өстерге қатысты дененің инерция моменттерінің арасындағытәуелділікті, Гюйгенс-Штейнер теоремасы береді: дененің кез келген өске қатысты инерция моменті берілген өске параллель оның массалар центрі арқылы өтетін өске қатысты инерция моменті мен дене массасының өстер арасындағы қашықтық квадратына көбейтіндісінің қосындысына тең (дәлелдеусіз).
Сонымен, Гюйгенс-Штейнер теоремасы былай жазылады: {\displaystyle J=\sum _{i=1}^{n}m_{i}(\mathbf {r} '_{i})^{2},}

мұндағы Oz I – дененің кез келген Oz өсіне қатысты инерция моменті,
Cz I – Oz өсіне параллель дененің массалар центрі арқылы өтетін Cz|өсіне қатысты инерция моменті,
М – дененің массасы,
ал d – Oz және Cz|өстері арасындағы қашықтық


20. Жүйе массалар центрінің қозғалысы туралы теорема. Массалар центрі қозғалысының сақталуы заңы. Жүйе қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема.


Массалар центрі дегеніміз дене қимылын немесе бөлшектердiң жүйесін сипаттайтын геометриялық нүкте немесе қатты дененің кеңістіктегі кез келген жағдайында оның бөлшегіне әсер ететін барлық ауырлық күштерінің қорытқы күші өтетін қатты денемен өзгеріссіз байланысты нүкте..Ал механикалық жүйенің массаларының центрі дегеніміз геометриялық нүкте, яғни механикалық жүйені құрайтын барлық материялық нүктелердің массасын осы нүктелердін сол геометриялық нүкте арқылы өтетін радиус-векторларына кебейтіндісінің қосындысы нольге тең болады.
ЖМЦ қозғалысы туралы теорема: ЖМЦ массасы жүйенің массасына тең және оған жүйенің барлық сыртқы күштері түсетін МН секілді қозғалады.
M•a=сумма F теңдігін координаттық өстерге проекциялап, массалар центрі қозғалысының декарт координат жүйесі өстеріне проекцияларындағы дифференциалдық теңдеулерін табуға болады. M•a=сумма F теңдігінен ілгерілемелі қозғалыстағы денені массасы дененің массасына тең МН секілді қарастыруға болатыны шығады. Қалған жағдайларда денені МН секілді тек дене қозғалысының айналмалы бөлігін ескермеуге болса ғана қарастыруға болады. Материалық жүйенің массалар центрі қозғалысының заңын анықтаған кезде белгісіз ішкі күштерді қарастырмауға болады. Теореманың салдары (ЖМЦ қозғалысының сақталу заңы): ішкі күштер ЖМЦ қозғалысын өзгертпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет