17. Күш жұмысы мен қуаты. Нүктенің кинетикалық энергиясы. Нүкте кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема.
Күш жұмысы қозғалыстың берілу шамасымен немесе бір денеден екінші денеге өтетін энергия шамасымен сипатталады: dW=F*dr. Мұндағы dr - нүктенің элементар орын ауыстыру векторы.
Күш жұмысының СИ жүйесіндегі бірлігі – джоуль, 1 Дж = 1 Н·м.
Егер де күштің проекциясы Fr-тұрақты болса, онда формуладан A = Fr *s шығады. Егер де
F(күш векторы) тұрақты жəне траекторияға жанама бойымен бағытталған болса бұл формуланы қозғалыс траекториясы түзу, немесе қисық сызықты болса да пайдалануға болады.
Күш қуаты деп күштің белгілі бір уақыт бірлігінде жасайтын жұмысына тең шаманы айтады:
P= dW/dt= (F*dr)/dt
Нүктенің кинетикалық энергиясы деп оның массасы мен жылдамдығының квадратының көбейтіндісінің жартысына тең скаляр шаманы айтады: Еk= mV^2/2.
18. Механикалық жүйе туралы ұғым. Жүйе массасы мен массалар центрі.
Механикалық жүйе (МЖ) деп өзара әрекеттесетін Материялық нүктелердің немесе денелердің жиынтығы аталады. Материалық дене оны құрайтын бөлшектердің МЖ-сі болып келеді. Нүктелерінің қозғалысы байланыстармен шектелмейтін МЖ еркін материялық нүктелердің жүйесі деп аталады
Жүйе массасы деп жүйе нүктелері массаларының қосындысын атайды M=Σmk. Жүйенің массалар центрінің (ЖМЦ) орны келесідей анықталады: rc=m_k•r_k/M
19.Жүйенің және дененің инерция моменттері. Гюйгенса-Штейнер теоремасы. МЖ-нің өске және нүктеге қатысты инерция моменттері: J(l)=Σm(k)∙h(k)^2,
J(O)=сумма m(k)∙r(k)^2,
Мұндағы: hk мен rk – дененің массасы mk нүктесінің l өсіне дейінгі және O нүктесіне дейінгі қашықтықтары.
Қатты дене үшін өске және нүктеге қатысты инерция моменттері: J(l)=интеграл h^2•dm , Jo= интеграл r*2•dm.
Дене үшін инерция моменттері: Jx=интеграл(y^2+z^2)dm,
Jy=интеграл(x^2+z^2)dm,
Jy=интеграл(x^2+y^2)dm