Орындау өндірісінің органдары. Атқарушылық өндірістің субъектілері – бұл заң мен қарастырылған актілерді мәжбүрлеп орындау процессіне қатысушы азаматтар, ұйымдар және лауазымды тұлғалар.
Заң әдебиетінде атқару өндірісінің субъектілерін төмендегідей топтарға жіктейді:
билік ету қызметтерін орындаушы, яғни атқару органдары - сот орындаушысы жєне приставы;
атқарушылық іс жүргізуге қатысушы тұлғалар;
атқарушылық іс жүргізуге көмектесуші тұлғалар.
Бірінші топқа сот орындашылары, сот приставтары жатады.
Екінші топқа тараптар мен олардың өкілдері кіреді. Бұл жерде заң шығарушының прокурор мен мемлекеттік басқару органдарын атқару өқндірісіне қатысушылардың құрамына қоспауымен келіспейміз.
Үшінші топқа кіретін субъектілер атқару өндірісіне зањды мүдделі емес және оған өздерінің ерекше міндеттерін орындауға қатыстырылады. Олар – тілмаштар, айғақтар, мүлікті сақтаушы, маман және т.б.