22 ТАҚЫРЫП. СОТ АКТІЛЕРІН ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА ҚАРАУ Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараудың түсінігі. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қараудың негіздері. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы арызды беру мен қараудың тәртібі.
Дәріс Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараудың түсінігі. Шешім, ұйғарым, қаулы, егер ҚР АІЖК 404-бабында тізілген жаңадан ашылған мән-жайлар анықталған жағдайда, қайтадан қарауға жатады. Сот қаулыларын жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау азаматтық іс жүргізудің дербес сатысы болып табылады. Онда процессуалдық қызмет заңды күшіне енген істі қарау сәтінде болған және оны шешу үшін негізгі мәні бар жаңадан ашылған мән-жайлардың болуына байланысты заңды күшіне енген сот қаулысының заңдылығын тексеруге бағытталған. Сонымен, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың объектісі болып, қадағалау сатысындағыдай, заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар және қаулылар болады.
Сот қаулысы күшіне енген соң анық болғандай, оны қабылдау кезінде, тараптардың біреуіне немесе екеуіне де белгісіз болған, іс үшін маңызы бар мән-жайлар табылуы мүмкін. Мүндай мән-жайлар жаңадан ашылған деп аталады. Жаңадан ашылған мән-жайлардың табылуына байланысты сотпен анықталған және мәлім болған мән-жайларға сәйкес шығарылған бұрынғы сот шешімі шындыққа сай келмейтін, дұрыс емес болып шығуы мүмкін. Мұндай сот шешімі өз күшінде қалмауы тиіс. Оның күшін жою үшін ерекше тәртіп орнатылған – жаңадан ашылған мән-жай бойынша қайта қарау, ол соттық қадағалаумен қатар заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараудың екінші формасы болып табылады және азаматтық іс жүргізудің айрықша сатысы болады. Оның айрықшалылығы сот қаулысының күшін жоюдың арнайы негіздерімен байланысты, олар сот практикасында салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды және қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар негізінде қайта қарау бойынша сот өндірісі соттық қадағалаумен бірге заңды күшіне енген сот қаулыларын қайта қараудың екінші формасы болып табылады.