1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Істерді қадағалау тәртібінде қараудың процессуалдық тәртібі мен мерзімі



бет97/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   112
Байланысты:
дәріс

Істерді қадағалау тәртібінде қараудың процессуалдық тәртібі мен мерзімі. Қадағалау шағымдары мен наразылықтарын шешім заңды күшіне енгеннен кейін 1 жыл ішінде беруге болады.
Қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы мынадай негіздер бойынша:
1) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы заң талаптарына сай келмесе;
2) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы заңды күшіне енген осы сот актісіне сәйкес шағым жасауға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар тарапынан берілсе;
3) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы 1 жыл мерзім өткен соң берілсе және оны қалпына келтірудің дәлелді себептері болмаса;
4) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы оларды мәні бойынша қарағанға дейін кері қайтарып алынса;
5) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына соттылық ережесін бұза отырып берілсе;
6) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайтынсот актілеріне берілсе, олар берген адамдарға қайтарылуы тиіс.
Қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған жағдайда оларды жалпы негізде қайтадан беруге болады.
Сот актісін сот қадағалауы тәртібінде қайта қарау туралы қадағалау шағымы облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының, ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша тиісті қадағалау алқасының үш судьясынан құралған сотта алдын ала зерделенеді және қаралады. Қажет болған жағдайда азаматтық іс сұратылуы мүмкін.
Қадағалау шағымы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде, ал іс сұратылған жағдайда – іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.
Қадағалау шағымы алдын ала қаралатын күн туралы прокурорға, сондай-ақ шағым берген адамға хабарланады, алайда олардың келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғауға негіз бар немесе жоқ екені туралы мәселені шешуге кедергі болмайды (ҚР АІЖК, 393-бап).
Қадағалау шағымын алдын-ала қараудың нәтижелері бойынша сот:
1) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау және қадағалау шағымын азаматтық істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
2) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы;
3) қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарады.
Қадағалау шағымын алдын-ала қараудың нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі қадағалау шағымын берген адамға жіберіледі.
Қадағалау сатысы шағым жасалған сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы сот қаулысын алғаннан кейін тараптарға қадағалау шағымының көшірмелерін, сот отырысы өткізілетін күнді, уақытын, орнын көрсете отырып істің қадағалау сатысында қаралатыны туралы хабарлама жібереді.
Қадағалау сатысындағы іс қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулымен бірге қадағалау сатысына берілген не прокурор наразылығы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралуға тиіс (ҚР АІЖК, 395-бап).
Егер қадағалау шағымының және оған қоса тіркелген құжаттардың мазмұны шағым беріліп отырған сот қаулыларының заңдылығына не күдік тудыратын болса, қадағалау шағымдарын алдын-ала қарауды жүзеге асыруға құқылы адамдар істі талап етіп алдыруға құқылы. Сот шешіміне наразылық білдіру құзыретті адамдардың істі сұратып алумен мезгілді қадағалау тәртібімен тексеру үшін сот шешімінің орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
Қадағалау тәртібімен наразылық білдіру барлық шешімдерге, ұйғарымдарға, сонымен қоса негізгі бөлімге де келтіруге болады. Негізгі бөлімге білдірілген наразылық сот қадағалау тәртібіне сай наразылықты негізделмеген деп санап ұйғарымның шешімін өзгертеді.
Қадағалау сот өндірісінің міндеттері ҚР АІЖК-нің 397-бабында бекітілген. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық шегінде, бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексереді.
Қадағалау сатысының соты заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында қадағалау шағымының немесе наразылықтың шегінен шығып, шағымдалған шешімнің заңдылығын толығымен тексеруге құқылы.
Қадағалау тәртібіндегі наразылық бойынша сот қаулылары ҚР АІЖК 398-бабына сәйкес қарастырылады. Қадағалау сатысындағы сот мәжілісі төрағалық етушіні қандай сот шешімі және кімнің шағымы бойынша қайта қаралып отырғанын, сот құрамына кімдердің енетінін және сот мәжілісі залында іске қатысушы тұлғалардан кім келіп отырғанын жариялаумен ашылады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабар етілген, шағым берген адамның болмауы сот мәжілісін жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті.
Мәлімделген қарсылықтар мен өтінімдер шешілгеннен кейін сот тыңдауын жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда төрағалық етуші қадағалау шағымын берген адамға сөз береді. Егер мұндай адамдар бірнешеу болса, олар өздері ұсынатын сөз сөйлеу кезегін сот назарына жеткізеді. Егер олар келісімге келе алмаса сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет