Қадағалау сатысындағы соттың өкілеттіктері. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды наразылықты қанағаттандырмай тастайды;
1-1) заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауға негіздердің болмауына байланысты істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы;
2) бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;
3) бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды, не іс бойынша сот өндірісін тоқтатады;
4) іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
5) бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сот шешімін өзгертеді, не оның күшін жояды, материалдық-құқықтық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.
Қадағалау сатысы сотының қаулылары қабылдаған сәттен бастап заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК, 400-бап).
ҚР АІЖК 401-бабында қарастырылғандай, істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттың қаулыда анықталмаған, не ол бекерге шығарған мән-жайларды анықтауға немесе белгілі бір дәлелдеменің дұрыстылығы немесе дұрыс еместігі туралы материалдық-құқықтың қандай нормасы қолданылуға тиіс екендігі және істі жаңадан қарау кезінде қандай қаулы қабылдануға тиіс екендігі туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқығы жоқ.
Істі қарау азаматтық соттың іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады. Істі қайта қараудағы сот шешімдері оған әкелген дәлелдемелердің негізінде шығарылады. Осыған орай, апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттардың міндеттері мен мақсаттарына сай қызметтері бірдей, яғни төменгі тұрған соттардың соттық қызметтеріне қадағалауды жүзеге асыру.
Сонымен қоса қадағалау тәртібі шешімдердің заңдылығы мен негізділігі тексеру апелляцияллықтан айырмашылығы, оның тексеру объектісі мен субъектісінің шағымдану құқығында.
Азаматтық іс жүргізу құқығы заңдық күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізудің ерекше тәртібін қарастырады.