Тараптардың дәлелдеу міндеттері. Азаматтық істер бойынша дәлелдеу міндеттері тараптарға жүктелген. АІЖК-нің 65-бабына сәйкес, әр тарап өз талабы мен қарсылығын негіздейтін мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Тараптардың дәлелдеу қызметтері мынадай:
дәлелдемені жинау;
табыстау ;
зерттеу.
Дәлелдемені жинау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады:
Дәлелдемені зерттеу және бағалау.Әрбір дәлелдеме- қатыстылығы, жол берілуі, растығы ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткілікті тұрғысынан бағалануға тиіс.
Дәлелдемені зерттеу сот мәжілісінде жүргізіледі (тараптардың түсініктерін тыңдау, куәнің түсінігін алу, сарапшының қорытындысын жарилау, жазбаша және заттай дәлелдемені қарау; хаттаманы жарилау арқылы).
Дәлелдемелер күттірмейтін жағдайларда, сот мәжілісіне әкелу мүмкін болмаса, жазбаша және заттай дәлелдемені қарауды тұрған жерінде жүргізеді. Оның нәтижелері хаттамаға енгізіледі.
Дәлелдемелерді бағалау – дәлелдемелердің іске қатыстылығы, жол беру, сенімділігі және жеткіліктігін анықтау (АІЖК-нің 77-бабының 1-бөлімі).