Дәлелдемелердің жіктелуі. Соттық дәлелдемелерді үш негіздер бойынша жіктеуге болады:
істің мән жайлары бойынша дәлелдемелердің байланыс сипаты бойынша:
Тікелей дәлелдеме-сәйкесті деректерді растайтын мән-жайлар анықтаумен тікелей байланысты дәлелдеме ( мысалы,некеге тұру туралы куәлік).
Жанама дәлелдеме – жеке алынған, бірнеше болжам тұжырымдарға, ізденістегі деректер бойынша бірнеше болжамдарға негіз болатын дәлелдеме.
қалыптастыру негізі бойынша;
Жеке дәлелдемелер- тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері,куәнің айғақтары,сарапшының қорытындысы.
Заттай дәлелдемелерге –жазбаша және заттай дәлелдемелер жиынтығы, яғни бұл іс бойынша маңызы бар әртүрлі құжаттар мен заттар.
дәлелдемелерді қалыптастыру процесі бойынша:
Бастапқы- өз көзімен көрген куәнің айғақтарындағы мәліметтер, шарттың түпнұсқасы, жарамсыз тауар және т.б.
Туынды – басқа дәлелдеменің мазмұнын қайталайтын дәлелдемелер.