1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары



бет40/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   112
Байланысты:
дәріс

Соттық дәлелдемелердің түсінігі. Соттық дәлелдемелер- азаматтық іс бойынша тараптардың талаптар мен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер.
Соттық дәлелдемелер – іс жүзіндегі деректер. Іс жүзіндегі деректер дегеніміз істі дұрыс шешу үшін маңызды заңды фактілер мен мән-жайлар туралы ақпараттар.
Дәлелдеу пәні. Дәлелдеудің пәні- істі қарап,шешу үшін сот растығын анықтауға тиіс заңды фактілер. Дәлелдеу пәніне талап негіздемесінің деректері жатқызылады, яғни талап қоюшымен талап негіздемесі ретінде көрсетілген заңды фактілер, сондай-ақ талапқа қарсылық негіздемесінің деректері, яғни жауапкермен талапқа қарсы негіздемесі ретінде көрсетілген заңды фактілер.
Дәлелдеу пәніне жататын заңды фактілер іздестірілуіші фактілер деп аталады. Дәлелдеу пәні фактілер тобынан тұрады:

  • талаптың негізі болатын фактілер;

  • талапұа қарсылықты негіздейтін фактілер;

  • қарсы талапты негіздейтін фактілер;

  • үшінші тұлғаның талабын негіздейтін фактілер.

Дәлелдеу пәніне кірмейтіндері:

  • жалпыға мәлім фактілер;

  • преюдициалды фактілер;

  • презумпциялық фактілер;

  • жалпыға танымал фактілер;

  • даусыз фактілер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет