1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Даудың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар



бет23/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   112
Байланысты:
дәріс

Даудың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар. Даудың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар- бұл бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар.( ҚР АІЖК 53 б.)
Олардың сипаттамасы:

  • егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы сотттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады;

  • олар сондай ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін;

  • дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту , сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойынына алады (ҚР АІЖК 47б)

Даудың пәніне дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске келесі жағдайларда кірісе алады:

  • өз бастамасы бойынша;

  • тараптардың өтініші бойынша ;

  • іске қатысушыбасқа тұлғалардың ( прокурордың, мемлекетттік және өзін -өзі басқару органдардың) өтініші бойынша.

  • соттың бастамасы бойынша;

Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданға дейін кірісе алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет