Процессуалдық құқыққабылдаушылық. Процессуалдық құқыққабылдаушылық- бұл даулы не сот шешімімен аңықталатын құқықықтық қатынасының іс жүргізуінен жақтардың біреуінің шығуына байланысты істе тарап немесе үшінші тұлға болып танылатын тұлғаны ауыстыру.
Процессуалдық құқыққабылдаушылық материалдық құқық бойынша келесі жағдайларда болады:
1.Әмбебептық (универсалды) мирасқорлық (мұрагерлік, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы );
2. Сингулярлы мирасқорлық, яғни жеке субъективтік құқық мирасқорлығы ( талапқа жол беру немесе басқа тұлғаның қарызын өзіне аудару )
АІЖК-нің 54-бабына сәйкес, процессуалдық құқыққабылдаушылыққа азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта құрылуы, жойылуы жағдайында, талап ету құқығының ауысуы, борыштың ауысуы жағдайларында жол беріледі.
Материалдық құқықта құқыққабылдаушылыққа жол берілмесе азаматтық іс жүргізуде де жол берілмейді. Мысалы, неке бұзу, алимент өндіру, жұмысқа қайта алу және т.б. істер бойынша жол берілмейді.