1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Соттағы өкілдіктің негіздері мен түрлері



бет28/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   112
Байланысты:
дәріс

Соттағы өкілдіктің негіздері мен түрлері. Сотта өкілдік туындау негіздеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

Шартты өкілдік ету – еңбек шартына немесе тапсырма шартына негізделген өкілдік ету. Мұнда өкілдік беруші ( тарап., үшінші тұлға) басқа тұлғаға ( өкіл етушіге ) сотта оның ісін жүргізуін тапсырады.
Өкіл етуші ретінде іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады ( ҚР АІЖК-нің 187- б. 7- т)
Заңды өкілдік ету- заның тікелей көрсетілуіне негізделген өкілдік ету:

  • әрекетке қабілетсіз ( 14 жасқа дейінгі, есі дұрыс емес), әрекет қабілетіне толық ие емес (14-18 жаста) немесе әрекетке қабілеті шектеулі ( маскүнемдіктен, нашақорлықтан ) азаматтардың жеке және мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ата – аналарымен, асырап алушыларымен, қамқоршылар немесе қорғаншылармен;

  • хабар-ошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша – мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адаммен;

Құрылтай құжаттары бойынша өкілдік ету - төмен тұрған ұйымның арнайы тапсырмасынсыз, олардың мүдделерін қорғауға жоғары тұрған ұйымның өкілдік ету құқығы;
Қоғамдық өкілдік ету – өз мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің өкілдік етуі;
Ресми өкілдік ету - тапсырма бойынша өкілдік ету, өз сипаты бойынша заңды өкілдік етуге жақын.
Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс- әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет