1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Дәріс Азаматтық процесске прокурордың қатысу міндеттері



бет25/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   112
Байланысты:
дәріс

Дәріс
Азаматтық процесске прокурордың қатысу міндеттері Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме – дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы мұның өзі заңмен көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда міндеттті. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекетттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы.
Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарн және заңды мүддделерін , ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін. қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады.
Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.
Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қоюды қараусыз қалдырады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет