1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Соттық шығындардың түсінігі және құрамы



бет33/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   112
Байланысты:
дәріс

Соттық шығындардың түсінігі және құрамы. Соттық қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Осы шығындардың бір бөлігі заңмен бекітілген тәртіпте процеске қатысушылармен төленеді. Сот шығындары мынандай түрлерге бөлінеді:

  1. Мемлекеттік баж;

  2. Іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.

Заңда қарастырылған негіздерде іске қатысушылардың материалдық жағдайын ескере отырып сот шығыындарынан судья босата алады, бөліп төлеуге, кейін төлеуге рұқсат ете алады.
Мемлекеттік баж салығы. Мемлекеттік баж - уәкілдік берілген мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар заңдық мәні бар іс-қыймылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін алатын міндетті төлем, яғни сотпен азаматтық істер қарап шешкені үшін мемлекет кірісіне төленетін ақша төлемі. Мемлекеттік баж сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан , апеляциялық шағымдардан, сондай-ақ соттың құжаттар көшірмелерін бергені үшін алынады.
Мемлекеттік баждың мөлшері ҚР салық кодексінің 90-тарауында қарастырылған. Сонымен қатар онда баж салығынан босатылатын тұлғалардың санаттары және талапкерді босататын істердің санаттары қарастырылған.
Мемлекеттік баж қайтарылады:
1) істиі аралық сотқа бергенде;
2) апелляциялық шағым қайтарылғанда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет