1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Дәріс Ведомстволық бағыныстылықтың түсінігі және түрлері



бет36/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   112
Байланысты:
дәріс

Дәріс
Ведомстволық бағыныстылықтың түсінігі және түрлері. Ведомстволық бағыныстылық- құқық туралы немесе басқа да заңды ісін белгілі органның құзырлығына жатқызуы. Әр орган тек өзіне ведомстволық бағыныстылықтағы ғана сұрақтарды қарастыруға қүқылы. Заңды істердің ведомстволық бағыныстылығы негізгі заңмен және тек кейбір жағдайларда заңға сәйкес нормативтік актілермен анықталады.
Ведомстволық бағыныстылық түрлері:
Жекеше ведомстволық бағыныстылық - бір органның ведомстволық бағыныстылығындағы іс қарастыру, мысылы, азаматты психиатрялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер тек жалпы юрисдикциялық сотта шешіледі.
Көпше ведомстволық бағыныстылық- бірнеше органдар ведомстволық бағыныстылығында іс қарастыру, мысалы,мекемелер,мен жеке тұлғалар арасындағы мүліктік дау аралық сотпен немесе жалпы юрисдикциялдық соттармен қаралып, шешілуі мүмкін.
Балама ведомстволық бағыныстылық- бұл талап қоюшының таңдауы бойынша ведомстволық бағыныстылық.
Аралас ведомстволық бағыныстылық- басқа түрлерге тән белгілері бар ведомстволық бағыныстылық.
Шарттық –бұл тараптардың өзара келісімімен белгіленетін ведомстволық бағыныстылық.
Айрықша - заңмен көзделген белгілі бір жағдай туындағанда істің тек соттың қарауында болуы.
Императивтік - заңмен белгіленген кезек бойынша бірнеше юрисдикциялық органдармен іс қаралуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет