Талаптың түсінігі және элементтері. Талап - құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субьективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғаның сотқа жүгіну.
Талаптың элементтері-бұл талаптың құрамалы бөлшектері. Оларға:
Талаптың мазмұны- талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі,яғни сотқа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі.
Талаптың нысанасы- бұл талап қоюшыныңсоттан шешуді сұрайтын материалдық-құқықтық дау.
Талаптың негіздемесі- талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.