1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдары



бет52/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   112
Байланысты:
дәріс

Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдары. Талап қою және соттың оны өз өндірісіне қабылдап алуы процессуалдық және материалдық –құқықтық салдарға әкеледі. Талап қоюдың негізгі процессуалдық салдары осы сәттен азаматтық іс жүргізудің пайда болуында. Талап-арызды сотқа беру талапкер мен сот арасында процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған процессуалдық әрекеттер (заңды факт) сипатына ие болады. Істі қозғау мүдделі адамның да, судьяның да қалауымен анықталады. ҚР АІЖК 152-бабында талап-арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады делінген. Осы сәттен бастап нақты іс бойынша іс жүргізу басталады.
Азаматтық істі қозғау фактісі белгілі бір құқықтық салдарға әкеледі. Оларды сипаты мен маңызына қарай екі топқа бөлуге болады:
а) Процессуалдық-құқықтық;
б) Материалдық-құқықтық.
1. Талап қоюдың негізі процессуалдық салдары – бұл іс бойынша азаматтық іс жүргізудің пайда болуы, азаматтық істің қозғалуы. Арызды іс жүргізуге қабылдауға байланысты іске қатысушы тұлғалар мен сот арасында процессуалдық қатынастар пайда болады, процессуалдық құқықтар мен міндеттер жүзеге асырылады. Осылай, нақты істі белгіленген мерзімде қарастыру және шешу мәселесі сотқа жүктеледі. Талапкер онымен қойылған талап-арызды шешу үшін барлық қажетті процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыруды талап етуге құқылы; жауапкер талапкерге қарсы өз құқықтарын қорғау әрекеттерін жүзеге асыра алады және т.б.
Процесуалдық құқықтық салдарға келесілер жатады:
а) нақты азаматтық іс бойынша процесстің пайда болуы (мүдделі тұлғалар азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының қатысушылары болады, процессуалдық құқықтар мен міндеттерді иеленеді ) ;
б) баламалы соттылық бойынша мүдделі тұлғаның істі қарастыру орнын таңдау құқығынан және тараптардың істі қарастыру орнын таңдау құқығынан айрылуы.
2. Талап қоюдың материалдық-құқықтық салдарына келесілерді жатқызамыз:
а) талап қою аразыдың ескіру мерзімін тоқтатады;
б) басқа біреудің мүлкін адал иеленуші мүлікті қайтару туралы меншік иесінің аразы бойынша хабарландыру алған күннен бастап барлық түскен немесе түсуге тиіс болған кірістерді өтеуге міндетті;
в) арызбен сотқа шағымдану сәтінде алименттер келешек уақытқа тағайындалады.
Заңда сотқа талап қоюдың басқа да материалдық-құқытық салдары бекітілуі мүмкін. Көптеген жағдайларда талап-арыздың мазмұнына арнайы талаптар қойылады, оларды орындамаған жағдайларда ҚР АІЖК 155-бабы қолданылады, яғни судья талап-арызды қозғалыссыз қалдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет