Талапты қамтамасыз ету. Талапты қоюды қамтамасыз ету- іске қатысушы адамдарлың арызы бойынша сот шешімін орындауды кепілдік ету үшін заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес соттың іс-әрекеті.Талапты қоюды қамтамасыз етуге, егер мұндай шараларды қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе, істің барлық жағдайларында да жол беріледі (ҚР АІЖК 158-б).
Талапты қоюды қамтамасыз ету мақсаттары:
Іске қатысатын адамдар талап қоюды қамтамасыз ету туралы жазбаша нысандағы арызды сотқа ұсынады.Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және іске қатысатын басқа адамдарға хабарламастан ол сотқа түскен күні шешеді. Бұл сот талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығарады.Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым сот шешімдерін орындау үшін ҚР АІЖК-нің 237-239 баптарымен белгіленген тәртіпте дереу орындалады.