1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Талапты өзгерту. Талаптан бас тарту. Талапты тану. Бітім келісімі



бет47/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   112
Байланысты:
дәріс

Талапты өзгерту. Талаптан бас тарту. Талапты тану. Бітім келісімі. Талаптан бас тарту-сотта талап қоюшының өзінің субьективтік құқығын сот арқылы қорғау талабынан бас тартып қлрғалатын азаматтық істі қысқартуға бағытталған. Егер талап қоюшының талабын бөліп қарастыруға болатын болса, онда ол талаптың бір бөлігінен бас тартуға құқылы (талап арызы бойынша материалдық залалды моралдық зиянды өтеуді сұрайтын болса, онда тек материялдық залалды өтеуін талап етіп, ал маральдық зиянды өтеуден бас тартуы мүмкін). Талапты өзгерту.
Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту. ҚР АІЖК-нің 49-бабына сәйкес талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Оны жүзеге асыру үшін талап қоюшы бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жазбаша өтініш беруге тиіс.Талаптың нысанасын өзгерту дегеніміз бұл алғашқы талап нысанасын кейінгісімен орын ауыстыру.
Талаптан бас тарту.АІЖК-нің 49-бабының 1-бөліміне сәйкес талапкер талабынан бас тарта алады. талаптан бас тарту – мүдделі тұлғаның сотқа қойған тлабынан бас тартуы. Ол сот шешімі шыққанға дейін жазбаша өтініш беру жолымен жүзеге асырылады. Сот талаптан бас тартуды қабылдаса өндірісті тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Егер талапкер ішінара бас тартса, онды бас тартпаған бөлігінде іс қарала береді.
Талапты тану- сотта талап қоюшының талаптарын қанағаттандыруға жәңе талап қоюшы үшін лайықты сот шешімін шығаруға бағытталған жауапкердің келісуі.Жауапкердің өзіне берілген субьективтік құқығына сәйкес талап қоюды тану ешкімнің басылымдылығысыз өз еркімен жүргізеді. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы,бұл жөнінде одан қолхат алынады (ҚР АІЖК 49-б. 1-б).
Тараптардың бітімгершілік келісімі- бұл заңмен белгіленген жағдайларға сәйкес сотта материалдық-құқықтық дауды шешуді қысқарту. Бітім келісімнің мәні- дауды өзара бітімгершілікпен шешу арқылы іс жүргізуді аяқтау.Тараптар істі бітімгершілік келісіммен Талаптар істі бітімгершілік келісіммен аяқтай алады, оған талап қоюшы мен жауапкер қол қояды ж/е сотпен бекітіледі (ҚР АІЖК 49- бабының 1-бөлімі).
Бітімгершілік келісімін жасау орнына байланысты сотта ж/е соттан тыс жасалу түрлеріне бөлінуі мүмкін.
Сотта жасалған бітімгершілік келісім- бұл сот отырысында немесе одан тыс жасалған келісім, бірақ сотқа жолданған.
Соттан тыс жасалған бітімгершілік келісім – бұл сот отырысынан тыс жасалған келісім ж-е сотқа жолданбаған. Соттан тыс бітімгершілік келісім жасалу фактісін ж-е оның шарттарын жалпы тәртіп бойынша тарап сотта дәлелдеу мүмкін.
Тараптар бітімгершілік келісімін тек талап қою бойынша іс жүргізу істер бойынша жасауы мүмкін. Сондай-ақ бітімгершілік келісімін азаматтық процестің кез-келген сатысында (бірінші сатыдағы сотта , апелляциялық өндірісінде, қадағалау өндірісінде және атқарушылық іс жүргізу сатыларында) жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет