1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары



бет60/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   112
Байланысты:
дәріс

Істі шешім шығармай аяқтау. Ереже бойынша сот талқысы істің негізі бойынша шешім шығарумен аяқталады. Бірақ кейбір мән-жайлар бойынша сот бұл нормалардан бас тартып істі шешім шығарусыз аяқтайды. Азаматтық іс жүргізу құқығы іс бойынша сот өндірісін тоқтату және арызды қараусыз қалдыру процестерінің аяқталуының екі нысанын қарастырады. Аталған нысандар негіздері бойынша және оларды қолданудың процессуалдық салдарлары бойынша ажыратылады.
Сот өндірісі соттық қорғауға жолдану құқығы болмаған жағдайда тоқтатылады, яғни істің қайта қозғалуына мүмкіндік болмайды. Арызды қараусыз қалдырудың себебі болып соттық қорғалу құқығының болмауы емес, заңмен бекітілген тәртіпте шарттардың сақталмауы болып табылады. Сонымен, сот өндірісін тоқтату – істің тоқтату нысанасы болып табылатын, соттың іс жүргізудің тоқтататын заңмен қарастырылған мән-жайлар.
ҚР АІЖК 247-бабына сәйкес сот іс бойынша сот өндірісін тоқтатады, егер: сол тараптардың арасындағы дау бойынша және сол сол пән немесе сол негіздер бойынша шығарылған, заңдық күшіне енген сот шешімі немесе ұйғарымы болса; талапкердің өз талабынан бас тартуына немесе тараптардың бітімгершілік келісімін жасасуына байланысты сотпен қабылданған жағдайда сот өндірісін тоқтату туралы заңды күшіне енген соттың ұйғарымы болса, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды.
Егер іс ведомстволық бағыныстылық бойынша соттың қарауына жатпайтын болса, онда сот өндірісі аталмыш істі қарастыратын орган көрсетіле отырып, сот ұйғарымымен тоқтатылуы тиіс.
Сот өндірісі тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы, сол пән және сол негіздер бойынша екінші мәрте сотқа жолдануға жол берілмейді (ҚР АІЖК, 248-бап).
Арызды қараусыз қалдыру – арызданушының заңмен бекітілген істі қозғау туралы талаптарды орындамауына байланысты туындаған азаматтық істің аяқталу түрі.
ҚР АІЖК-нің 249-бабына сәйкес, сот арызды қараусыз қалдырады, егер:
1) талапкер осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын-ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса;
2) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
3) арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;
4) осы немесе басқа соттың өндірісінде осы тараптар арасындағы, сол пән және сол негіз бойынша бұрын қозғалған іс бар болса;
5) тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі негізі бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе;
6) өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;
7) өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талапкер екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
8) өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;
9) талап-арызды қайтарып алу туралы өтініш түссе, ал жауапкер істі негізі бойынша қарауды талап етпесе;
10) жоғалған ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздарға құқықтарды қалпына келтіру туралы істер бойынша арыз бұл туралы жарияланған күннен бастап 3 ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе.
Іс бойынша сот өндірісін жүргізу арызды қараусыз қалдырған жағдайда соттың ұйғарымымен аяқталады. Бұл ұйғарымда сот ҚР АІЖК 249-бапта аталған істі қарауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюды көрсетуге міндетті.
Арызды қараусыз қалдыруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы (ҚР АІЖК 250-бап).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет