Істі қарауды кейінге қалдыру- істі негізі бойынша қарауды сотпен тағайындалған уақытқа жаңа сот мәжілісіне ауыстыру. Сот талқысы істі қарауға кедергілердің болуына байланысты кейінге қалдырылады. АІЖК-нің 189-бабында сот талқысын кейінге қалдыру екі жағдайда мүмкін болады:
1) заңмен қарастырылғанда; Мысалы, сот мәжілісіне іске қатысушы тұлғалардың біреуікелмей қалғанда; іске қатысушы тұлғалар дәлелді себеппен келмей қалса; куәнің, сарапшының, маманның мәжіліске келмей қалуы; аудармашының келмей қалуы және т.б.
2) осы сот мәжілісінде істі қарау мүмкін еместігін сот таныған жағдайда. Мысалы, жаңа дәлелдемені тапсыру қажет болса; қарсы талап қойылса; тиісті емес жауапкер ауыстырылса; іске жаңа қатысушыларды кіргізу қажет болса; өтінішті қанағаттандырса.
Істі қарауды кейінге қалдыру туралы сот ұйғарым шығаруы тиіс. ол жеке шағымдалуға, наразылық беруге жатпайды.