1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Істі әзірлеу бойынша процессуалдық әрекеттер



бет54/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   112
Байланысты:
дәріс

Істі әзірлеу бойынша процессуалдық әрекеттер. Сотта істі қарауға әзірлеу судьяға өтініш түскеннен кейін басталуы керек. Әзірлеу уақыты АІЖК-де 7 күн деп белгіленген, ал күрделі істер бойынша бір айға дейін белгіленген. Заң шығарушы әділ соттың тиімділігін жоғарылату, тәрбиелік және алдын-алу жұмыстарының нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында сотта іс қарауды және шешім шығаруды істі қозғау сәтіне барынша жақындатқысы келеді.
Осы сатыны процессуалдық рәсімдеу істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығару (ҚР АІЖК 168-бап) және сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығару (ҚР АІЖК 173-бап) арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық іс жүргізуде істі әзірлеу соттың өзіне тәуелді. Әзірлеу әрекеттерін жүзеге асыруға басшылық ететін судьяға істі қарау сапасы, жеделдігі және толықтығы үшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Әзірлеу әрекеттерінің құқықтық реттелуін процессуалдық форманың маңызды элементі ретінде қарастыру қажет. Судьялар сот өндірісінің қағидалары мен ережелерін бұзбауы керек.
Азаматтық істерді әзірлеу сатысынан тұратын процессуалдық қатынастардың мазмұны әзірлеудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған судьямен жасалатын процессуалдық әрекетерден құрылады. Олардың шеңбері алуан-түрлі және заңмен аятай белгіленуі мүмкін емес. Азаматтық іс жүргізу кодексі олардың жалпы тізімін бекітеді.
Істі әзірлеуді жүзеге асырушы судья, алдымен арыз берушіден түскен материалдармен ғана таныс болады. Сот қызметінің пәні жеткілікті анықталғанша және осыдан шығатын қажетті көлемде дәлелдеу мәліметтерін алу қажеттілігіне дейін ол көптеген процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс. Осы сатыныңі ерекшелігі азаматтық процессуалдық қатынастардың басқа да субъектілері өз процессуалдық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра отырып әзірлеу әрекеттеріне белсенді түрде қатыса алады және судьяға көмектеседі. Ең алдымен, судья іс бойынша дәлелдемелер пәнін анықтайды, яғни азаматтық сот өндірісінің міндеттерін тиісінше орындау үшін деректердің шеңберін анықтайды: дауды дұрыс шешу үшін тараптардың талабы мен қарсылықтарын негіздейтін заңды фактілерді, сонымен қоса азаматтық құқық бұзушылық пен даудың пайда болуына әсер еткен себептер мен жағдайларды анықтамайынша сот алдында тұрған құқықбұзушылықтардың алдын алу міндеттерін орындау мүмкін емес. Осы мқсатта судья берілген талаптар бойынша талапкерден жауап алады және одан жауапкер тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтайды. Қажетті жағадйларда жауапкерді шақырып алады және талап қоюға қандай қарсылықтары бар екенін анықтай отырып, істің мән-жайлары бойынша одан жауап алады.
Айрықша күрделі істер бойынша жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беру ұсынылуы мүмкін (ҚР АІЖК 170-бап). Тараптардан бір уақытта жауап алу істі әзірлеудің тиімді құралы болып табылады. Өзара келіспеушілікті анықтау үшін талапкер мен жауапкер бір уақытта шақырылуы мүмкін. Егер талап қою бірнеше тұлғалармен немесе бірнеше жауапкермен ұсынылса немесе іске үшінші тұлғалар қатысса, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар жағдайларды толық анықтау мақсатында судья олардан жауап алуы керек. Іс үшін маңызы бар жағдайлардың щеңберін бір уақытта анықтағанда судья тарптардың заңды қатынастарының сипатын және осы қатынастарды реттейтін құқық нормаларын белгілейді.
Істі әзірлеген кезде судья поркурордың және мемлекеттік басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы туралы мәселені шешеді; сотпен хабар-ошарсыз деп танылған, жан күйзелісі және есі дұрыс еместігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғалармен неке бұзу істері бойынша іс жүргізуге жауапкердің мүліктік құқығын қорғау үшін қорғаншы мен қамқоршы органдарын қатыстыру мәселесін шешеді, сонымен қатар оның балаларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қоғамдық ұйымдардың және еңбек ұжымының өкілдерін іс қарауға қатыстыру мәселесін шешеді; істің жүруіне мүдделі мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, ұйым, олардың бірлестігі немесе іске қатыспайтын азаматты анықтап алып, оларға азаматтық істі қарау уақыты мен орны туралы хабарлайды (ҚР АІЖК 170-бап). Бұл жерде судья алынатын мәліметтерді бағалауға ерекше көңіл бөліп, жан-жақты, толық әрі объективті зерттеулер, оларға соңғы баға беру тек қана сот талқысы кезінде жүзеге асырылатынынестен шығармауы тиіс. Судья қажетті болуына қарай, істі сотта қаруға әзірлеу барысында талапты қамтамасыз ету бойынша, сот тапсырмаларын жіберу, заттай дәлелдемелерді қарауды тұрған жерінде жүргізу, сараптама тағайындау сияқты процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы (ҚР АІЖК 170-бап).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет