1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


ТАҚЫРЫП. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА АЗАМАТТЫҚ ІСТІ ҚАРАУ БОЙЫНША СОТ ТАЛҚЫСЫ



бет56/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   112
Байланысты:
дәріс

14 ТАҚЫРЫП. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА АЗАМАТТЫҚ ІСТІ ҚАРАУ БОЙЫНША СОТ ТАЛҚЫСЫ
Сот талқысының түсінігі және маңызы. Сот талқысының бөлімдері. Істі қарауды кейінге қалдыру. Азаматтық іс бойынша сот өндірісін тоқтата тұру. Істі шешім шығармай аяқтау. Сот мәжілісінің хаттамасы.


Дәріс
Сот талқысының түсінігі және маңызы. Азаматтық іс жүргізудің үшінші сатысы - бұл сот талқысы. Бұл істі шешумен аяқталатын іс жүргізудің маңызды әрі негізгі кезеңі. Сот талқысы - іс жүргізудің негізгі сатысы, ол орталықтанған кезең болып табылады, өйткені дәл осы кезеңде сот оның алдында тұрған негізгі міндеттерді орындайды: істі негізі бойынша шешу; тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеу; соттық қызметтің тәрбиелік әсерін қамтамасызету, заңды және жеке тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделері мен бұзылған құықтарын қалпына келтіру.
Сотта іс қарау, яғни сот талқысы азаматтық іс жүргізудің маңызды кезеңі болып табылады, онда ең алдымен сот мәжілісінде істі қарау барысында сот субъективті құқықтар және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау, тәрбиелік әрекеттер жүзеге асыру бойынша негізгі міндеттерді орындайды. Мұнда әділ соттың барлық қағидалары толығымен әрекет етеді; дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеулер негізінде істі дұрыс шешу үшін маңызды болып табылатын мән-жайлар анықталады; нақты құқықтардың шегінде тараптардың құқықтары мен заңды міндеттері анықталады және дау бойынша сот мемлекет атынан шешім шығарады. Нағыз осы сатыда сот төрелігі жүзеге асырылады. Мұнда негізінен заңдарды бұлжытпай орындау және жалпыға бірдей ережелерді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында соттардың азаматтар санасына әсер тигізуін қамтамасыз етеді.
ҚР АІЖК 175-бабына сәйкес, азаматтық істі қарау іске қатысушы тұлғаларды міндетті түрде хабардар ете отырып, сот мәжілісінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет