1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Азаматтық іс бойынша сот өндірісін тоқтата тұру



бет59/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   112
Байланысты:
дәріс

Азаматтық іс бойынша сот өндірісін тоқтата тұру. . Іс жүргізуді тоқтата тұру – бұл іс бойынша процессуалдық әрекеттерді белгісіз мерзімге тоқтату. Үзіліс – сот мәжілісінің жүрісін судьялардың демалуына немесе процесстің жалғасуына кедергі ететін әрекеттер салдарынан қысқа уақытқа тоқтата тұру.
Үзілістің аяқталуы процестің жалғасуына әкеледі. Айрықша күрделі істер бойынша дәлелді шешім шығару бес күннен аспайтын мерзімге дейін қалдырылуы мүмкін (ҚР АІЖК 229-бап). Сот талқысының аяқталуы шешімнің қорытынды бөлімін жария еткен сәттен бастап саналады. Осы әрекеттен кейін сот ісінің үздіксіз жүру қағидасы тоқтатылады және шешім дайын болғанша басқа істерді қарастыра беруге болады. Істі қараудың кейінге қалдырылуы істі қарауға дайындықтың нашар болуының салдары немесе сот мәжілісіне олардың қатысуынсыз іс қаралмайтын жағдайларда тұлғалардың келмей қалуына байланысты болады.
Сот істі қарауды өз қарауы бойынша кейінге қалдыра алады, мұны факультативті деп атайды, бірақ кейбір жағдайларда тәртіп бойынша кейінге қалдыру заң бойынша міндетті түрде болуы мүмкін.
Іс жүргізуді тоқтата тұру – заңда қарастырылған сот өндірісінің жүруіне кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауына байланысты іс бойынша барлық процессуалдық әрекеттерді уақытша және толық тоқтату.
ҚР АІЖК 242-бабына сәйкес сот іс жүргізуді тоқтата тұруға мынадай жағдайларда міндетті:
1) даулы құқықтық қатынасы құқық мирасқорына жол беретін жағдайларда, іс бойынша тарап болып табылатын азамат қайтыс болғанда немесе заңды тұлға қайта құрылған, таратылғанда;
2) тарап әрекет қабілеттілігінен айырылғанда;
3) жауапкер ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлік іс қимылдарға қатысушы бөлімдерінде болғанда немесе ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлік іс қимылдарға қатысушы талапкердің өтініші болғанда;
4) азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмағанда;
5) іс бойынша қолданылуға тиісті заң немесе басқа да нормативтік құқықтық акті адамдардың және азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтарына қысым жасайтындығын байқаған және осы актінің Конституцияға сай еместігін тану туралы ҚР Конституциялық кеңесіне өтініш жасаған, осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық актілердің конституциялығын тексеріп жатқандығы белгілі болғанда;
6) құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасаған жағдайда.
ҚР АІЖК 243-бабына сәйкес, сот іс жүргізуді іске қатысушы тұлғалардың арызы бойынша немесе өз қарауы бойынша тоқтата тұруға құқылы:
1) тарап ҚР Қарулы күштерінде, басқа әскери бөлімдеріне және әскери құрамаларына шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндеттерді орындауға тартылғанда;
2) тарап істі қарау мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іс сапарда болғанда;
3) тарап емдеу мекемесінде болған немесе оның сотқа келуіне кедергі жасайтын сырқаты болған және ол медициналық мекеменің құжатымен расталғанда;
4) жауапкер ҚР АІЖК 135-бабында көзделген жағдайларда іздеуде болғанда;
5) сот сараптама тағайындағанда;
6) қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету жөнінде сотқа тапсырмамен жолданғанда;
7) қорғаншылық және қамқоршылық органдарына бала асырап алу ісі жөнінде тұрмыс жағдайын зерттеуді тағайындау.
Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін (ҚР АІЖК 245-бап).
Істі тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысушы тұлғалардың арызы бойынша немесе соттың бастамашылығымен іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысушы тұлғаларға азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері бойынша хабарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет