1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Математикалық-статистикалық әдіс



бет19/52
Дата07.12.2022
өлшемі281,75 Kb.
#161697
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52
Байланысты:
Тезисы Социология каз.2020 г.
Нейрологопедия мақала, Ерекше білім беруді қажет ететін бала.жүр.түзетц дамыту жұмыстары 1-текущий
Математикалық-статистикалық әдіс қазіргі кезде әлеуметтанымдық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Кейде математикалық әдіс пен статистикалық әдісті жеке-дара атайды, шынында бұл екеуі көбінесе іс жүзінде бірге қолданылады, өйткені олар бір-бірімен іштей бірлікте – екеуі де қоғамдық құбылыстар жайлы дәл сан мәліметтерін жинаудың құралы. Бұл екеуін қолданудың арқасында көпшілік пен жеке-дара, ерекше мен жекеше құбылыстардың сандық және сапалық жақтары өзара байланысты, бірлікте қаралып, сандық қатынастар арқылы сапалық жақтарын түсіндіруге мүмкіндік туады.
Кейбір әлеуметтік құбылыстарды сан жағынан өлшеу мүмкін емес. Оларды тек ұғымдармен түсіндіруге болады. Мәселен, қоғам ұғымы, тап немесе мемлекет ұғымы т.б. сондай құбылыстар. Солай бола тұрса да әлеуметтану кейбір құбылыстарды да болса «өлшеу» мүмкіндігін тудырады. Мәселен, «материалдық өндіріс», «тұрғын халықтың қозғалысы» ұғымдарын сандық өлшемдер арқылы зерттеу іске асты.
Әдетте өлшемнің екі түрін айыра білу керек: тар мағынада алғандағы өлшем және кең мағынадағы өлшем. Математикалық әдіспен бірге қолданылатын статистикалық әдістің көмегімен зерттелуші құбылыстардың структуралық элементтері және сондай-ақ ол структуралық элементтердің өзара әсері, ықпалы ашып көрсетіледі. Статистикалық әдістердің ішінен әлеуметтанымдық зерттеулерде көбінесе статистикалық заңдар жиірек пайдаланылады. Бұл заң бір түрге жататын көптеген әлеуметтік құбылыстарды зерттеген кезде белгілі бір заңдылық байқалатынын көсетеді, яғни бір тектес құбылыстардың көпшілік бөлігі бір түрлі сипатта көрінсе, аз бөлігі бұған керісінше көрініс білдіреді.
Әлеуметтанымдық зерттеулерде сондай-ақ салыстыру әдісі де қолданылады. Бұл әдіс салыстыруға болатын ортақ белгілері бар құбылыстардың ұқсастығымен қатар айырмашылығын да табу үшін қолданылады. Бұл әдіс эксперименттің және басқа әдістердің қолданылу мүмкіндігі шектеулі болатын құбылыстарды зерттеуге қолданылады. Бұл әдіс бір құбылыстың бірнеше жағдайлардағы көрінісіне ортақ жалпы мәнді белгілерін анықтау үшін және сонымен бірге қоғам дамуының жалпы заңдарының ерекше көрініс формалары мен жағдайларын ашу үшін қолданылады.
Құжаттардың мазмұнын талдау әдісі. Бұл әдіс ғылыми-зерттеу объектісі болып отырған құбылыстар жайлы жазбаша құжаттардың мазмұнын талдау үшін қолданылады. Қазіргі заманғы адамзат қоғамында әлеуметтік құбылыстар жайлы жазбаша мәліметтердің көлемі барған сайын артып келе жатқанын еске алсақ, қоғамдық құбылыстарды зерттеу үшін қажетті мәліметтер жинаудың әдісі ретінде құжаттар мазмұнын талдауды қолданудын қаншалықты маңызды екендігі өзінен-өзі түсінікті болар.
Құжаттар мазмұнын талдау сапалық және сандық талдау болып екіге бөлінеді. Сапалық талдау қоғамдық құбылыстар жайлы ой-пікірлердің мазмұнына қатысты болса, ал сандық талдау ол ой-пікірлердің қаншалықты және қалай кең тарағанын көрсетеді.
Зерттелуші құбылыстар жайлы мәліметтер жиналып болаған соң оларды ғылыми жағынан классификациялауға /жүйеге келтіруге/ кіріседі. Классификацияның негізі ретінде құбылыстардың зерттелу мақсаты үшін айырықша мәнді белгілері алынады, өйткені сондай белгілер құбылыстарды мүмкіндігінше терең танып білуге негіз бола алады.
Зерттелуші құбылыстарды жүйелі түрде тәртіпке келтіріп, олардың заңдылығын білдіретін ішкі байлыныстарын ашып көрсету үшін, классификация белгілі бір логикалық ережелер мен теориялық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Олар мыналар:
1/ классификация зерттеу үшін мәнді белгісі бойынша жасалуы тиіс;
2/ классификация жүйелі болуы қажет, яғни ол бірден бірнеше белгісі бойынша жасалмай, бір ғана белгі бойынша жасалуы тиіс;
3/ классификация толық болуы тиіс, яғни ол белгі бойынша сол құбылысқа қатысты жағдайдың бәрін қамтуы тиіс;
4/ құбылыстардың әр тобының арасындағы айырмашылықтар елеулі болуы керек.
Зерттелуші құбылыстарды бұлайша классификациялауға кіріспес бұрын жиналған мәліметтерді мұқият ретке келтіріп, мәнді белгілерін анықтап алу керек.
Анкета тарату арқылы жиналған бірнеше жүздеген жауаптарды ретке келтіру, мәселен, былай жүргізіледі: жиналған жауаптарды алдымен барлық категорияларға /топтарға/ классификациялаудың жоспары жасалады. Содан кейін кодпен жазылатын мәліметтер цифрлық символдарға, яғни жауаптардың әрбір категориясына есептеу кезінде пайдалануға болатын сандық белгілер беріледі.
Мәліметтерді ретке келтірудің ендігі кезеңі – белгілі бір сандармен белгіленген жауаптарды перфорациялау /тесу/ жолымен тиісті карточкаларға көшіріп, карточкаларды машинкаға салады, ал машина тиісті сұрақтарға қатысты жауаптарды іріктеп алып, карточкаларды жауаптар категориясына бөледі. Алайда жауаптарды есептеп, классификациялауда машинасыз, қолмен жүргізуге де болады.
Бұдан кейін жиналып, классификацияланған жауаптар статистикалық тәртіпке келтіріліп, түрліше таблицалар түрінде көрсетіледі. Таблицалар әрбір қойылған сұраққа пайыздык шама түрінде жинақталып берілген жауаптар болып табылады. Ғылыми түсіндірме жасау ғылыми зерттеу процесінің қорытындылаушы кезеңі десе де болады, өйткені бұған дейінгі мәліметтер жинау істің түпкі мақсаты – зерттелуші құбылыстардың түсіндірмесін жасау.Ғылыми түсіндірменің мәні зерттелуші құбылыстардың мазмұнын, құрылысы мен атқарар қызметін, сондай-ақ туу, даму және жойылу себептері мен жолдарын танып білуде. Түсіндіру дегеніміз құбылыстарды диалектикалық тұрғыдан жан-жақты танып білу процесі.
Ғылыми түсіндірме беру процесін тар мағынада және кең мағынада ұғынуға болады. Тар мағынадағы түсіндірме тек құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды ғана ашуды білдіреді. Ал кең мағынадағы түсіндірме себепті байланыстармен бірге сондай-ақ олардың даму заңдарын да ашуды білдіреді.
Түсіндірменің тағы басқа да мағыналары бар: себепті түсіндіру, атқаратын қызметін /функциясын/ түсіндіру және телеологиялық /мақсатты/ түсіндірме. Зерттеуші ғалым ғылыми заңдарды аша отырып, өзі ұсынған бастапқы жорамалды /гипотезаны/ не растайды, не теріске шығарады. Ғылыми түсіндірме беру кезеңінде жинақталған мәліметтер ойша талданады, ал бұл үшін түрліше ойлау формалары мен амалдары қолданылады. Атап айтқанда, мәліметтер тәртіпке келтірілген соң құбылыстар арасындағы байланыстар жайлы бастапқы ұсынылған жорамалдар индукциялық және дедукциялық ой қорытындылардың және басқа логикалық ойлау амалдарының көмегімен тексеріледі. Егер байланыстың бар екендігі расталса, оның сипаты анықталады.Ғылымның мақсаты, олай болса, ғылыми түсіндірменің де мақсаты, алдымен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды ашу. Бірақ сонымен қатар басқа байланыстардың да, оның ішінде функциональды байланыстың да маңызы зор.
Түсіндірме беру мен тексеруді бір-бірінен мұлдем бөліп қарауға болмайды, өйткені біртұтас таным процесінің барысында бұдан бұрын жасалған қорытынды әрдайым ұдайы тексеріліп отырады. Бірақ ғылыми түсіндірме жасалғаннан кейін оны арнайы тексеру ісі де жүргізіледі. Сондықтан қорытындыны тексеру жайлы әңгіме болғанда, тексеруді де кең мағынада және тар мағынада қарауға болады. Ғылыми түсіндірме жасалғанның артынша тағы да жаңа мәліметтер жиналып, жасалған түсіндірменің ақиқаттығын тексеру мақсатымен ол мәліметтер теориялық тұрғыдан талданса, мұндай тексеру тар мағынадағы тексеру деп аталады.
Кең мағынада тексеру деп ғылым мен қоғамның бүкіл ұзақ уақыт бойы дамуының барысында ғылыми ақиқаттардың ұдайы тексеріліп отыруын атайды. Мәселен, материяның атомдық құрылысы жайлы қорытынды 2,5 мың жылдан бері әлі тексеріліп келе жатыр.
Білімнің ақиқаттығын тексеретін арнаулы ғылыми пән – логика бар. Логикадағы верификация /латынша ақиқаттықты дәлелдеу дегенді білдіреді/ принципі бойынша қажетті пікірлер /білімдер/ ғана емес, сондай-ақ барлық моральдық /ықтимал/ ақиқаттарды да дәлелдеуге болады. Логикалық дәлелдеу әдісінің көмегімен де арнаулы тексеруді іске асыруға болады. Алынған білімді тәжірибе жүзінде тексеруге нақты мәліметтер жеткіліксіз болған кезде логикалық верификация ретінде дәлелдеу әдістері қолданылады. Бұл әдіс ғылыми білімдердің ақиқаттығын практика жүзінде тексеру уақытын қысқарту қажет болғанда да пайдалаңылады. Білімдерді тексерудің логикалық әдісі ретіндегі дәлелдеудің мәні мынадай: кейбір білімдердің ақиқаттығы бұрыннан негізделген басқа қағидалардың көмегімен дәлелденеді. Бұл дедукциялық жолмен негіздеу деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет