Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту (rwct) технологиясы



бет1/2
Дата04.01.2022
өлшемі88 Kb.
#129127
  1   2
Байланысты:
12- дәріс
Силлабус НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКАЯ РАБОТА МАГИСТРАНТА, ВКЛЮЧАЯ ПРОХОЖДЕНИЕ СТАЖИРОВКИ И ВЫПОЛНЕНИЕ МАГИСТЕРСКОЙ ДИССЕРТАЦИИ, СОР 3 физика - 9 класс (1) (2), ТС ОШ Физика 7 кл рус (2021-2022) (1)

12- дәріс : Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту (RWCT) технологиясы
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезеңін әлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңгейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты.

Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың білімді, саналы жастарын тәрбиеленушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына,иәлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру



  • жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің дамуы мен тенденцияларын қамтитын елуден астам оқыту технологиялары қолданылып жүр. Педагогикалық технологияларды таңдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:

    • алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайына сай болуы;

    • тиімділігі мен жүйелілігі;

    • педагогикалық ұжымдар өздерінің қалауына сәйкес түрлі үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алуы.

Қазіргі кезде ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары осындай философиялық негізді басшылыққа алған. Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» (RWCT) жобасы. Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілеттерін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, бақампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне шығуы. RWCT жобасы бұл:

    • жеке, жұптасып, топта, бірлесіп жұмыс істей білу;

    • оқуда білімді өз бетінше іздеу;

    • білімді терең ұғыну;

    • теория мен практиканы біріктіру;

    • бір-біріне құрметпен қарау, мәдениетті қарым-қатынаста болу;

    • өз пікірін жақтай, дәлелдей білу;

    • ізденіс, еркін тыңдау, жеке пікір, топпен талқылау;

    • қажет жағдайда көзқарасын өзгерту және т.б.

Өткені сын тұрғысынан ойлау- ең алдымен шығармашылық ойлау болып саналады. Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың қызығушылықтарын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі:



    • І кезең – қызығушылықты ояту;

    • ІІ кезең – ойлану үйренуге бағытталған;

    • ІІІ кезең – тақырып туралы ой толғаныс.

Бірінші кезеңде үйрену процесі – ертеде меңгерілген және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктердің өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» және т.б. деген атаулары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін

еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны өткен білімімен ұштастырады.



Екінші кезеңде мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, әр түрлі тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

«V» - білемін;

«-» - білмеймін;

«+» - мен үшін жаңа ақпарат;

«?» - мені таңқалдырады; белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірімен ұштастары алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үшінші кезеңде күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне және басқаларға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой-елегінен өткізеді.

Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», Т кестесі- сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту- педагогикалық технология. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос- Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Жоба 60- қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.

Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Оның мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымды талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.

Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтары деп аталады. Содан кейін 1,2,3,4- ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2,3,4 өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3,4 нөмерлі топтарға оқуға тапсырылады.

«Еркін жазу» - бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін және т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымды оқуға болады.

«Венн диаграммасы» - бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.



Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы

Мақсаты:

Тиімділігі:

Нәтижесі:

Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.

Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы, мұғалімнің сапалы

сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу,

ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.


Оқушының

қызығушылығын арттырады, іскерлік

дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең

білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын

қалыптастырады, оқушыны ізденіске жетелейді.

Сабақта қолданылатын стратегиялар: Мысалы, әдебиет сабағында кез келген кейіпкердің мінезін «Жүрек кордиаграммасы» арқылы ашуға болады.



+ оң қасиеттері

-

  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет