1-тақырып Балалар мен жасөспірімде


- тақырып Дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен жеке тұлғалық ерекшеліктері



бет5/10
Дата20.12.2023
өлшемі293,5 Kb.
#197852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
УМК девиантология лекция

7- тақырып Дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен жеке тұлғалық ерекшеліктері
Қазіргі уақытта зерттеушілердің арасында девиантты мінез-құлық мәселесіне деген қызығушылықтың басмдылығын байқауға болады. Бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу психология, педагогика, криминология, психопатология, әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс салаларында жүзеге асып отыр.
Мінез-құлықтағы бұл ауытқушылыктардың өзіндік тарихы бар. Қазіргі кезде зерттеушілердің арасында кәмелетке толмағандардың дамуындағы кездесетін әртүрлі ауытқушылықтарды қарастыруда «қиын балалар», «қиын жасөспірімдер» сияқты әртүрлі терминдерді қолданып, олардың категорияларына адамгершілік дамуында артта қалған балалар; мінез акцентуациясы барлар; мінез-құлқында ауытқуы бар балалар; аномальді балалар; арнайы қамқорды қажет ететін балалар және т.б. жатқызады. Десек те, аталған терминдер тұрмыстық, клиникалық, құқықтық сияқты бір бағыттағы ақпараттарды көрсетеді. Яғни тәжірибеде бірдей ұғымды қолдану жоқ және де мінезінде белгілі бір ауытқушылығы бар балаларды қандай категорияға жатқызу керектігі де белгісіз. Ауытқушылық, нормативті емес, құқыққа қарсы, қылмыстық мінез-құлық сияқты терминдерді қолдану нақтырақ болып табылады.
Ресейде девиантты мінез-құлықтың мәдени аспектісінің негізін қалаушы Я.И. Гелинский қолданысқа «ауытқымалы мінез-құлық» терминімен тең қолданылатын «девиантты мінез-құлық» терминін енгізеді.
Шетелдік зерттеушілер, Дюркгейм, Шуэсслер және басқалар девианттылықты әлеуметтік нормаларға сәйкестілік немесе сәйкессіздік деп анықтайды. Демек, девианттылық деп осы қоғамның әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыра алмайтын мінез-құлықты айтамыз.
В.А.Петровский, Э.Фроммның көзқарастарындағы нонконформизмнің негізінде адам «Менінің» конструктивті бастамасы тұратыны туралы ойларын айта кеткен жөн. Сонымен қатар девиация әлеуметтік шығармашылык сипатта болуы да мүмкін. Яғни ғылыми-техникалық және өнер шығармашылығында көрініс беруі мүмкін. Девианттылықтың әлеуметтік-негативті сипаты тұлға үшін де, қоғам үшін де кұрылымсыз (деструктивті) болып табылады. Дегенмен ауытқымалы мінез-құлықтың осы типі әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерде көптеп қарастырылып, зерттеушілердің де назарын өзіне аударып отыр.
В.Д. Менделевич девианттылық бұл норма мен патология арасындағы норма деп көрсетеді. Девианттылықты норма іліміне сүйенбей анықтай алмаймыз. Медицинада норма бұл денсаулығы мықты адамдар болса; педагогикада барлық пәндер бойынша үлгерімі жақсы оқушы; әлеуметтік өмірде қылмыстың болмауы. Ең қиыны көптеген адамдарға тән мінез-құлық қасиеттерінің жиынтығы ретінде психологиялық норманы анықтау. Бұл идеал нормасы болып табылады.
Л. Пожардың норманы үш түрлі мағынада қарастыруды ұсынуы да кездейсоқ емес, яғни статистикалык, функционалды (жеке даралык) және идеалды, Бұл жердегі идеалды норма тұлғаның қолайлы әлеуметтік жағдайда өмір сүруінің тиімді тәсілі. Демек әрбір индивидтің дамуында өзіндік ерекше жолы болады, яғни әрбір ауытқуды осы бағытпен салыстырмалы түрде девиация деп атауға болады. Сонымен функционалды (индивидуалды) норма индивидтың жеке даралығын басты назарға алады, бірақ жалпы адамдарға, жағдайларға қатысты қандайда бір қасиеттерді көрсетпейді.
Статистикалық норма көптеген адамдардың қалыпты адамдардың қатарына жататындығы туралы тұжырым.
Сонымен психологиядағы норма мәселесін тұлғаны нақты бір кезеңде қоғамда қабылданған адамгершілік талаптарын қабылдаудағы мінез-құлық эталоны ретінде қарастыру қажет. Демек норма бұл патологияның жоқ болуы, ал ауытқымалы мінез-құлық анық не жасырын психопатологияның бар екенін көрсетеді.
Девиантты мінез-құлықтың психологиялық сипатын тұлғаның ішкі қайшылықтарымен, құрылымсыздық және тұлғаның өзін-өзі бұзуымен байланысты қарастыруға болады.
Девиантты мінез-құлықтың пайда болуының психологиялық себептері тұлғаның ішкі шиеленістеріне де байланысты болып келеді. Девианттылықтың әртүрлі тұжырымдамаларының ішінде 3. Фрейдтің психоаналитикалық бағдарлы зерттеулері негізгілердің бірі болып табылады. Психоанализдегі ауытқушылықтардың негізі «Ол» құрылымын көрсететін санасыз әрекеттермен үнемі шиеленісте болу және де «Мен» және «Жоғарғы Меннен» шығатын әрекеттердің бәріне шектеу қою болып табылады. Сонымен катар 3. Фрейд либидо ол қандайда бір шығармашылық әрекеттің түрі арқылы сыртқа шығады, адам өзін-өзі дәлелдеуге және бостандыққа ұмтылады. Либидоны басу, шектету сексуалды энергияның сублимациясына, мінез-құлыктың садистік пен қылмыстыққа дейін өзгеруіне алып келеді, деп санады. Неофрейдистер деликвенттіліктің табиғатын басқа да ауытқымалы мінез-құлықтың формаларымен - неврозбен, психоастениямен, сексуалды бұзылулармен, агрессивтілікпен, мазасызданудың жоғары деңгейімен сәйкестендіре отырып қарастырады.
Психоаналитикалық жұмыстарда зорлық-зомбылықтың негізгі себебі болып табылатын агрессияға ерекше назар аударылады. Бұзылулардың агрессивтілік энергиясын туа пайда болган санасыз әрекеттер құрайды. 3. Фрейд бойынша Бұл либидо, А. Адлер бойынша - билікке ұмтылу, басқаларға өз үстемдігін жүргізу; Э.Фромм бойынша - кайғыруға, өлімге мазохистік ұмтылу; К.Хорни бойынша - қауіпсіздікке ұмтылу, өз қажеттіліктерін өтеу, ал В, Шути бойынша қоршаған ортаның қолдауы мен мақұлдауына деген қажеттілік.
Бихевнористер мен необихевиористердің өкілдері Б. Скиннер, Е, Торндайк, Д. Уотсоннын дәлелдеуінше қоршаған орта адамның мінез-құлығын толығымен анықтайды, яғни үйрену арқылы адамдар тәжірибені игеріп, нәтижесінде мінез-құлық онын қайталану мүмкіндігін анықтайды.
Девиантты мінез-құлықтың туындауына келесідей факторлар себеп болады:
1. Отбасы, бұл - балалық шақтағы әлеуметтенудің ең басты институты.
Баланың ерте кезден әлеуметтенуі отбасында өтеді, бұл кезең балалардың дамуындағы оның қорғау, даму, өзін-өзі бағалау сиякты негізгі
қажеттілдіктерінің даму кезеңі болып табылады.
Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрделенуіне байланысты ата-аналар көп уақыттарын жұмыста өткізеді де, балаларына уақыттары жетпей жатады. Соның нәтижесінде балалар көп уақыттарын далада өткізеді. Демек, отбасында балалардың өмірі мен әрекетін нақты ұйымдастырып, тұрмыста баланы қадағалап, балаға деген талаптарды дұрыс коя білу қажет.
2. Мектеп, ол - отбасынан кейінгі баланың әлеуметтенуіне әсер ететін негізгі институт. Бала өзіне жауапкершілік деген сезімді дәл осы мектеп кезінде
қалыптастырады. Қазіргі кезде мектеп балаға әлеуметтік ортаға тиімді болуға
көмектеспейді десе де болады, сонымен қатар мектеп балалардың
қажеттіліктері мен күтетін нәтижелеріне сәйкес бағыт-бағдар бере алмайды. Сонымен қоршаған ортасы жасөспірімге әлеуметтік және кәсіби әрекетін таңдауға, тұлғалық және әлеуметтік статусын көтеруге көмектессе, ал «қиын» жасөспірімдер үшін көп жағдайда қылмыстық істер т.б. әрекеттер жасауына итермелейді. Осындай олқылықтарды болдырмау үшін педагогтар тарапынан баланы, оның отбасындағы тәрбие шарттарын дұрыс біліп, балалардың ата-анасымен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмысты жан-жақты білген дұрыс.
3. Ақпараттық құралдар да балалардың ой-өрісінің дамуына, тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына бірден-бір әсер ететін фактор (телевизор, радио, кино, газетжурнал т.б.). Қазіргі қоғам жағдайында ақпараттық құралдар
қоғамдық көзқарастың қалыптасуына, адамдар мен жаңалықтарды бағалауда үлкен мәнге ие. Сонымен қатар ақпараттық құралдар индивидтің дамуы мен
қалыптасуындағы көптеген ауытқулардың пайда болуының бірден-бір себебі болып табылады.
Девиантты мінез-құлықтың қоғамдағы жағымсыз көрініске жататыны анық. Адамзат мінез-құлық нормасынан ауытқымас үшін, балаларға өмірдің жағымсыз қырларын уакытында жеткізіп отыру қажет. Себебі мінез-құлықтың негізі дәл осы бала кезде қалыптасып үлгереді. Девиантты мінез-құлық көбіне тәрбие, білім беру, қоғамдағы әлеуметтік жағдай, отбасылық ахуал сияқты факторларға байланысты туындайтыны анық.
Яғни біздің балаларымыздың білімді, тәрбиелі, мәдениетті, коғамда өздерін ұстай алуды білуі үшін қолымыздан келгеннің бәрінен аянбауымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет