1-тақырып Балалар мен жасөспірімде


- тақырып Девиантты мінез-құлық және бұқаралық ақпарат құралдары



бет6/10
Дата20.12.2023
өлшемі293,5 Kb.
#197852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
УМК девиантология лекция

8- тақырып Девиантты мінез-құлық және бұқаралық ақпарат құралдары
Қоғамның қазіргі күйінің үрей тудыратын симптомы- мінез-құлқында ауытқушылық бар кәмелетке толмаған балалар санының өсуі болып табылады. Міне-құлықтың асоциалды, агрессивті, деструктивті, аддиктивті формаларының көріну үдерісіне бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), әсіресе теледидар, компьютерлік ойындар, видеофильмдер және т.б. үлкен әсер етеді.
БАҚ- тың теріс ықпалын жақтаушылар адамдар агрессивті болуға өзгелердің агрессивті әрекеттерін бақлай отырып үйренеді деген фактіге сүйенеді. М.Хюсман зерттеушілер тобымен бірге 20 жыл бойы телехабарлар мен агрессивтіліктің арақатыстылығын бақылығын. Олар 30 жаста жасаған қылмыстың ауырлығы 8 жастағы көретін телехабарлармен сәйкес келетіндігін анықтаған. Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасу механизмі (БАҚ)мынандай болуы мүмкін: телехабарларға шамадан тыс құмарлық-агрессивті фантазия-өзін кейіпкермен теңдестіру-мәселелерді шешу мен адамдарға ықпал етудің агрессивті жолдарын меңгеру- агрессивті әрекеттерді қайталау-тұлғааралық қарым-қатынаста мәселелерді шешу үшін агрессияны қолдану-қуаттану-агрессивті әдеттер-дамымаған әлеуметтік және оқу біліктіліктері-фрустрация-телебағдарламаларды шамадан тыс көру.
Агрессивті мінез-құлықтың бақылау арқылы қалыптасуы бірнеше шарттар орындалғанда ғана мүмкін: біріншіден, көрген хабар шынайы болуы және баурап алуы қажет; екіншіден, көрген хабарды агрессия ретінде қабылдау қажет; үшіншіден, агрессия көрермен өзін агрессормен теңдестіргенде ғана агрессия үлгі бола алады, нақты тұлға үшін агрессияның ықтимал нысаны фильмдегі агрессияның құрбанымен ассоцияланады. Еліктеп үйренудің келесі принципиалды шарты агрессия нәтижесінде кейіпкер мақсатына жетеді немесе агрессордық кейпіне кіреді.
БАҚ- тың девиантты міне-құлыққа ықпалын зерттеу үшін зғрттеу әдістері және бұл мәселеде әртүрлі ғылыми психологиялық теорияларды білу керек.
2. Телебағдарламаладың тақырыптық мазмұнына талдау әдістемесі (жасөспірімдер арасындағы танымалдық рейтингі) оның құрамындағы материалдың қызметтік тиістілігін тексеру мақсатында онда берілетін ақпараттарды обьективті зерттеуге бағытталған талдау бірлігі ретінде материалды тұтас сипаттайтын белгісі алынады:
а) Ақпартаттық (жаңалықтар, саяси бағдарламалар);
б) оқу-танымдық;
с) спорттық;
д) көңіл жадырататын (көркем фильмдер, мультфилмдер, сазды бағдарламалар, шоу).
3. «Контент-талдау» әдістемесі. Талдау бірлігі болып мәтіннің жеке үзіндісі алынады (сөз, кейіпкер, байымдау, белгілі бір тақырыппен сәйкес келетін абзац немесе мәтіннің берік бекімеген бөлімі). Телебағдарламалардың мінез-құлықтың ауытқуына тікелей немесе жанама әсер ететін мәтіндері (бұл жерде мәтін деп кез-келген ақпаратты, мазмұнды, бейнені және т.б. түсінеміз) Саны төмендегідей формамен жүзеге асады:
1. Зорлық-зомбылыққа бейімделу- БАҚ тұтынушылардың зорлық-зомбылық құндылықтарын белсенді бейімдеуі;
2. Девиантты мінез-құлықты ақтау- девиантты мінез-құлықты түсіндіру, кешіру үшін қолданылатын дәлелдер;
3. Девиантты мінез-құлықты батырлық ету- бұл жоғары идеялы миссияны орындауға іс-әрекеттерді немесе қылықты жатқызу есебінде дәріптеу;
4. Девиантты мінез-құлықты насихаттау- девиантты мінез-құлықты көрсетуге бағытталған қандай да бір көзқарасты идеяны ілімді, білімді тарату және түсіндіру;
5. Девиантты мінез-құлықты иелену- меншіктену орындау барысында зорлық-зомбылық кезесетін міндеттерді адам ашық түрде өз мойнына алуда жүзеге асады;
6. Девиантты мінез-құлыққа арандату- арандатушылық, девиантты мінез-құлықтың пайда болуына әкелуі мүмкін іс-әрекетке біреуді итермелеу.
4. Эмпатиялық үрдістер деңгейін зерттеу әдістемесі.
Бұл әдістемені эмпатияны (жаны ашуды), яғни өзін басқа адамның орнына қоя білу іскерлігін, басқа адмдардың қайғыруына еркін эмоционалды ықыластыққа қабілетті зерттеу үшін И.М. Юсупов ұсынған. Эмпатия тұлғааралық қарым-қатынастарды теңдестіруге септігін тигізгендіктен, ол адам мінез-құлқын әлеуметтік шартты етеді. Аталмыш әдістеме 36 пайымдаудан тұрады, оларға 5 жауап варианты ұсынылады: «білмеймі», (ұпай), «жоқ»(1 ұпай), «кейде»(2 ұпай), «жиі»(3 ұпай), «әрқашанда дерлік» (4 ұпай), «иә, үнемі» (5 ұпай). Әдістемеде дәйектілік өлшемі бар. Нәтижелерді есептеу 2, 5,8, 9, 10, 12, 13, 15, 16, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 29 және 32 тармақтарға берілген жауаптарға жазылған барлық ұпайларды қосу жолымен жүзеге асады. Нәтиженің эмпатиялық үрдістердің даму шкаласымен арақатысы белгіленеді:
а) 82- ден 90-ға дейін эмпатиялықтың өте жоғары деңгейі;
б) 63- тен 81-ге дейін- эмпатиялықтың жоғары деңгейі;
с) 37-ден 62-ге дейін- эмпатиялықтың қалыпты деңгейі;
д) 12-ден 36-ға дейін- эмпатиялықтың төменгі деңгейі;
е) 11 және бұдан аз ұпай- эмпатиялықтың өте төмен деңгейі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет