2 тақырып. «Ежелгі Қытай философиясы». Орындалу мерзімі-5апта
Сұрақтар: 1. Конфуции ілімі
Конфуций ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор “5 ізгілікті” ұғындыруға арналған. Конфуций ғарыш пен әлемнің пайда болуы, эволюциясы мәселелерімен әуестенбеген деген пікір бар, өйткені ол рухтар мен о дүние мәселесіне көңіл бөлмеген. Бұл Конфуцийдің:” “Өмірдің не нәрсе екенін білмей тұрып, өлімнің не екенін білу мүмкін бе?”, – деген, сондай-ақ: “Адамдарға қызмет ете білмей тұрып, рухтарға қалай қызмет көрсетуге болады?” – деп түйген қағида іспетті ой-тұжырымдарынан аңғарылады. Ол адам проблемасын , оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл бөлді
2. Даосизм ілімі.
Даосизм (қытайша «дао цзяо” – «жол ілімі”) б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын «Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) «Чжуан-цзыда” баяндалады. 3. Легизм. Легизмнің ерекшеліктерін қоғамдық құбылыстарға тарихи көзқарастардың элементтері құрады. Жаңа аристократияның жекеменшіктік мүдделері қауымдық өмірдің архаистік ұстанымдарына қайшы келгендіктен, оның идеологтарына дәстүрдің беделіне емес, әлеуметтік шарттардың бұрынғымен салыстырғандағы өзгерістеріне шағынуына тура келді. Ежелгі тәртіптерді қалпына келтіруге шақырған достарға, конфуцийшілдерге және моистерге қарсы легистер ескіге қайта оралудың мүмкін еместігін дәлелдеп бақты.болған
Достарыңызбен бөлісу: |