1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі



бет12/14
Дата28.01.2018
өлшемі3,32 Mb.
#34536
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

13.5. Экономиканың мемлекеттік реттеудегі құралдары

мен әдістерінің қажеттілігі
Мемлекет экономикаға белгілі құралдар арқылы ықпал етеді, бұл - үкіметтің және шаруашылық субъектілерінің өзіндік мақсаттарына жету үшін экономикалық реттеу шаралары және әдістерімен түсіндіріледі.

Қазіргі жағдайда мынадай құралдар әр елге ортақ болып табылады:

- бағаны реттеу;

- үкіметтік сатып алу;

- трансферттік төлемдер;

- мемлекеттік несиелер;

- дотациялар, субсидиялар, субвенциялар;

- федералды қаржылар (бюджеттік және бюджеттік емес қорлар, кірістер, шығындар);

- федерация субъектілерінің қаржылары;

- мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігі;

- мемлекеттік қарыз (ішкі және сыртқы);

- жергілікті қаржылар;

- фискалдық саясат;

- мемлекеттік кәсіпкерлік;

- шаруашылық заңдылығы;

- меншік объектілерін мемлекетке меншіктеу және жекешелендіру.

Реттеу құралдарының тізбесі ЭМР-ді құқықтық, әкімшілік, экономикалық төте және жанама әдістерге бөлуге мүмкіндіктер береді.

Құқықтық реттеу меншік нысаны мен құқығын, фирма қызметі мен келісім жасау шарттарын, кәсіподақ пен жұмыс берушілердің, т.б. еңбек қатынасы саласындағы өзара міндеттерді анықтайтын заң нормалары мен ережелерінің жүйесінен тұрады.

Әкімшілік реттеу (бекіту, рұқсат беру, мәжбүрлеу шаралары) бағаға, кіріске, есеп ставкасына, валюта бағамына, қоршаған ортаны қорғауға, әлеуметтік т.б. мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады (13.7. кестені қараңыз).

Баға - қоғамның экономикалық әлеуметтік-саяси өмірінің шекті нүктелерінің бipi. Өндірушілер, бөлшек және көтерме саудагерлер, кәсіпкерлер одағы және кәсіподақтың топтық мүдделері бағада тоғысады. Әрбір адам бағамен байланысты. Оның айналысындағы адамдар, топтар, партиялар, парламент, үкімет, мемлекеттер арасында күрес жүреді.


13.7 кесте




ЭМР әкімшілік әдістері

бұл


- мемлекеттік реттеудің қажет нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін, әкімшілік тетіктер

Ерекшеліктері


- қосымша материалдың ынта құрумен немесе қаржылық зиянмен байланысты емес

негізгі пішіндері


- монополияға қарсы шаралар:

- монополды сөзбайласудың алдын-алу;

- басым тауар өндірушілер қызметін бақылау;

- мәжбүрлі кішірейту;

- бағаларды бақылау


Міндетті стандарттарды енгізу


- экологиялық стандарт;

- санитарлық шаралар;

- әлеуметтік стандарттар


Халық тұрмысының ең төмен параметрін

анықтау



- ең төмен кепілденген жалақы;

- жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы;

- транссфертті қолдаулар.

Баға арқылы ЭМР ауқымды мақсаттарға, саясаттың конъюнктуралық және құрылымдық өзгеруіне, инфляциямен күресте әлемдік нарықтағы ұлттық бәсеке қабілеттілігі мен әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға қол жеткізді.

Мемлекеттік темір жол, пошта, телеграф қызметіне тарифтер, тауарлар акциздеріне мемлекеттік монополиялар, азық-түлік тауарларын мемлекеттік қорлардан тұрақты бағамен сату, кеден саясаты, ішкі бағаға әсер етуші жанама салықтар - бұл соңғы 100-150 жылдағы бағаны мемлекеттік реттеу шараларының толық емес тізімі.

Бағаны реттеудің мемлекеттік шаралары заң, әкімшілік және сот сипатында болады. Парламентпен қабылданған заңдар шаруашылық субъектісі мен мемлекет арасындағы баға белгілеу саласында құқықтық негіз құрады және баға құқығы болып табылады. Бұл құқықтың негізінде мемлекет бағаны әкімшілік реттеуді жүзеге асырады, ал заңды бұзғаны үшін айыптылар сот жауаптылығына тартылады.

Экономикалық әдістер, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс,капиталды шоғырландыру дәрежесі, экономиканы және әлеуметтік шарттарды құрылымдау, экономикалық өсу факторларын пайдалануға әсер ету арқылы нарықтық қатынастар сипатына ықпал етуді көздейді. Бұл мақсатта:

- бюджеттік және фискалдық саясат;

- ақша-несие саясаты;

- бағдарламалау;



  • болжам мен жоспарлауды пайдаланады.

ЭМР-дің экономикалық әдісінің құрылымын 13.8 кестеден көруге болады.

Үкіметтік сатып алу нарықтарында, ресурстар мен тауарлардың шаруашылық өміріне мемлекеттік араласуы арқылы жиынтық сұраныстың ұлғаюы есебінен өсуіне ықпал етеді. Бұл әдіс, өз қаржы ресурстарын сұраныс элементтерін қанағаттандыру жолымен жүзеге асырылады, бұл -экономикалық конъюнктураның өcyінe әкеледі немесе керісінше, сұраныста өз қатысуын қысқарта отырып, қоғамдық бақылаудан шыққан кезде, ол өзінің өсуін ұстап тұрады.

Трансферттік дотациялық және басқа шығындар -тауарлар мен қызметке сұраныстың немесе ұсыныстың ұлғаюы және мұқтаждарға мемлекеттік ресурстар бөлігін қайта бөлу болып табылады.

Мемлекеттік несиелер, таза жиынтық ақша капиталының меншік иесі ретінде (мемлекеттің) нарық қатысушыларына, белгілі көлемде - пайыз береді.



13.8 кесте


ЭМР-дің экономикалық әдістері болып табылатындар




Мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері

Heгізгі түрлері:


Төте мемлекеттік реттеу әдісі


Жанама мемлекеттік реттеу әдісі


Негізгі нысандар


Мақсатты қаржыландыру

Ақша-несие әдістері

жолдары: жолдары:



- кәсіпорындарды дотациялау;

- ғылыми-техникалық бағдарламаны қаржыландыру;

- апатпен күрес, экологияны қаржыландыру;

- әлеуметтік ортаны қаржыландыру




- есеп ставкасы;

- бағалы қағаздар нарығындағы операциялар;

- міндетті резервтер нормасын белгілеу

бюджеттік-салық әдістері




Жолдары Жолдары


- мемлекеттік шығындарды ұлғайту


салық салу жүйесі

- салық ставкаларын анықтау;

- салық жеңілдіктерін беру.


Жолдары жедел амортизация


- мемлекеттік сатып алулар

- амортизациялық есептен шығару нормалары;

- амортизациялық есептен шығару тәртібі



Жолдар Сыртқы экономикалық

әдістері



- экономиканың мемлекеттік секторының қызметі


- экспортты ынталандыру;

- экспортты несиелеу;

- шетел капиталын тарту немесе шектеу.

Экономикаға мемлекеттің тұтастай араласуы қандай бip болмасын мәселені шешуде шектеу туғызады, сөйтіп, экономиканы мемлекеттік реттеуде екіұштылық пайда болады. Мұндай екіұштылық мәнін былай тұжырымдауға болады: шектелген мемлекеттік және мемлекеттік емес ресурстар шегінде бip мәселені шешу, балама экономикалық нәтижелердің жойылуына әкеледі. Ең танымал дилемма Зеңбіректер- Май

Өз түсініктемеңізді беріңіз.
Түйін

Қазіргі заманғы мемлекет қоғам мүддесіне қоғамдық игіліктер тиімділігін құру және пайдалануда белгілі функциялар атқарады және белсенді қатысады. Мемлекет экономиканың құрылымдық жаңаруына, экономикалық өсуіне, жұмыспен қамту, азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Мемлекет экономиканы реттеудің әр алуан үлгісін пайдалана отырып, алдыға ұлттық шаруашылықтың қазіргі және келешек келбетін айқындайтын неғұрлым елеулі факторларды қамту мен талдау мақсатын қояды.

Үлгілер экономикаға мемлекеттік әсер ету құрамын ұтымды іріктеуге көмектеседі. Сонымен бipгe мемлекет ресурстардың шектеулі реттеу дилеммаларымен бетпе-бет келеді. Сондықтан да ол іске асыруға ең өзектісін іріктейді және пайдаланады.

Мемлекеттік реттеу идеалдары абсолютті емес, іске асырылуы мүмкін макроэкономикалық мақсаттарға қайшы келмейді. Бұл мемлекеттің қатысуымен одан әрі экономикалық және әлеуметтік прогреске еркіндік береді.
Heгiзгi түрлері

Экономикаға мемлекеттік ықпал ету құралдары.

ЭМР үлгілері(моделдері)

Институционалды-әлеуметтік үлгі (ИӘМ)

ЭМР-дің кейнсиандық үлгісі

Экономикалық реттеудің классикалық үлгісі

Мемлекеттің экономикалық функциялары

Функционалды экономикалық жүйелер (ФЭС) (ФЭЖ)

Қоғамдық игіліктердің тиімділігі.

Игіліктерді мемлекеттік реттеу дилеммасы.

Экономиканы заңмен реттеу

Мемлекет меншігіне алу

Жекешелендіру

Үкіметтік сатып алулар

Мемлекеттің шығындары

Субвенциялар

Трансфертті төлемдер

Мемлекеттік несие

Мемлекеттік қарыз
Практикум

Сіз білуге тиіссіз

1. Нарықтың белгілі дәрежеде әрдайым мемлекетпен реттелетінін дәлелдеу.

2. Мемлекеттің түзетуші, тұрақтандырушы және бөлу функцияларының немен айқындалатынын түсіндіру.

З. Қандай экономикалық және әлеуметтік мәселелерді нарықтың шеше алмайтынын және оларды мемлекет қандай тетіктер арқылы шешетінін дәлелдеу.

4. Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды ұлттық, сондай-ақ ұлтаралық сипатта шешуде мемлекеттің экономикаға араласу себептерінің кешенін түсіндіре білу.

5. Фискалдық саясат - ақша жинау мемлекеттік бюджетті қалыптастыру ғана емес, сонымен бipгe оларды жұмсау саясаты екенін түсіндіре білу.

6. Монетаризмнің негізін салушы М. Фридмен, мемлекет экономикаға араласпауы керек деп есептеді. Нарық жұмысын атқаратын деген қағиданы ұстанды.

М. Фридменге қарсы шығыңыз немесе онымен келісіңіз, бірақ, оны нақты айғақтармен дәлелдеңіз.


Қайталауға арналған сұрақтар

1. Қандай себептермен мемлекет кipic және байлықтың қайта бөлінісіне қатысуы қажет?

2. Мемлекеттік игіліктерге қандай қасиеттер тән?

3. ЭМР-дің классикалық үлгісінің мәнін ашыңыз?

4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің кейнсиандық үлгісінің өзгешелігі неде?

5. ЭМР-дің негізгі құралдарын атаңыз.

6. ЭМР-дің институционалды-әлеуметтік үлгінің басқа үлгілерден ерекшелігі неде?

7. Неге, заңдылық макроэкономиканың даму факторы болып табылады?

8. Ел азаматтары ЭМР тиімділігіне қалай баға береді?

Тестілер

1. Мемлекеттің нарықтық экономикадағы негізгі функциялары:

a) бәсеке ортасын құру

b) меншігі, капиталы және жері жоқ адамдар арасында кірістерді бөлу және қайта бөлу

c) экономиканы дамытуда құқықтық базаны қалыптастыру

d) аллокациондық

e) барлық жауаптар дұрыс



2. ЭМР-дің қажеттілігі мына экономикалық теория бағыты өкілдерімен негізделеді:

a) классикалық

b) неоклассикалық

c) кейнсиандық

d) институционалдық

e) марксистік



3. Қоғамдық игіліктер, бұл:

а) экономиканың мемлекеттік секторындағы кәсіпорындарда өндіріледі

b) мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер тұтынады

c) жеке кәсіпорындарда өндіріледі

d) шектеуге болмайтын, жеке тұтыну

e) ұжымдық кәсіпорындарда



4. Экономиканы тікелей мемлекеттік реттеу әдісіне жататындар:

а) индикативті жоспарлау

b) мемлекеттік тапсырма

с) мемлекеттік субсидиялар

d) мақсаттық бағдарламалар және болжам;

е) барлық жауаптар дұрыс



5. Мемлекет нарықтық экономикада қандай мәселелермен шұғылдануы тиіс:

a) ұдайы өндірістің жалпы тиімді шарттарын жасаумен

b) қоғамда ақша кірістерін бөлумен

c) қолдағы ресурстардан нені қалай және қанша өндіру қажеттігін анықтау

d) өндірілген тауарларға баға белгілеу

e) табыс нормасын белгілеу



6. ЭМР салалық және аймақтық құрылым саласында, атап айтқанда ұйғарады:

а) орталықтандырылған жоспарлауды

b) баға (сигналдары) негізінде ресурстарды пайдалану және бөлуді

с) өндірістің жаңа салалары мен түрлерінің, ғылыми-техникалық прогрестің дамуын көтермелеуді

d) еңбек процесін салаларда жеке операцияларға бөлуді

е) барлық жауаптар дұрыс



14 Тақырып.

МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
14.1. Халықаралық еңбек бөлінісі теориясы

14.2. Халықаралық еңбек бөлінісі

14.3. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері

14.4. Халықаралық сауда және сыртқы сауда саясаты

14.5. Халықаралық валюта - несие қатынасы

14.6. Ғылыми - техникалық өнімдер мен қызметтердің әлемдік нарығы

14.7. Қазақстан - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде
14.1. Халықаралық еңбек бөлінісі теориясы
Экономикалық ғылымда халықаралық еңбек бөлінісі туралы төмендегідей негізгі экономикалық теориялар қалыптасты.

Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі ілімін абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Классикалық осы теория Адам Смит мен Давид Рикардоның XVIII ғасырдағы еңбектерінде айтылған. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіке аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның олқылықтары мынада: мұнда еңбек бөлінісінің жүзеге асуын қысқарған үрдісте - екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек,бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана.

Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда халықаралық еңбек бөлінісіне көптеген факторлар әсер етеді.

XIX-XX ғасырдың басында халықаралық еңбек бөлінісін дамытуда жаңа үрдіс пайда болып, салыстырмалы артықшылық теориясына белгілі өзгерістерді енгізуді талап етті.Ол швед экономистері Эли Хекшер мен Бертели Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген.

Көптеген елдердегі халықаралық өндірістің мамандануын осы авторлар үш фактордың - еңбек капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің әр түрлілігімен түсіндіреді. Мысалы,"арзан еңбектің" артық болуы еңбек көп жұмсалатын өнім (тоқыма, киім, пайдалы қазбаны алу) өндірісіне маманданып, капитал артықтығы- капитал көп жұмсалатын өнім (машина, ірі құрал-жабдықтар) өндірісіне мамандануды айқындайды. Аталған теория халықаралық еңбек бөлінісіне шындық тұрғысынан толық түсінік бере алады.

Американ экономисі В.Леоньев 1953-ші жылы Э.Хекшер мен Б.Олин теориясына тағы бір фактор қосты . Онда елдердегі білікті және біліксіз еңбекті ескеру халықаралық еңбек бөлінісіне кәдімгідей әсер ететіндігін айтты.

Қазіргі кезде американың экономист ғалымы,социолог Майкл Портнердің 1961-ші жылы ашқан "технологиялық алшақтық " теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми- техникалық әлеуетпен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды.

Жаңа енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануына жаңа көздер ашады.

Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған елдердегі экономистер "өнімнің өміршең циклы" теориясына ерекще мән беріп, тәжірибеде қолдануда. Бұл теорияны дүниеге әкелген американың ғалым-экономистері - Раймонд Вернон мен Эдвин Линевилл. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады.

Өнімнің пайда болуын бірінші сатысы кезінде монополия ішкі нарық сұранымын қанағаттандырады. Екінші сатыда монополия басқа елдердегі өндірушілер санын арттыруға ұмтылып, өндіріс шығындары алғашқы екі сатыдағы жағдайға қарағанда төмен болады.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми - техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдайын туғызады, халықаралық сауда дами түседі.

Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болуы, оның дамуы мен тереңдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады. Халықаралық еңбек бөлінісінің қалыптасуы ірі машина өндірісіне байланыстырылып, одан шикізатпен жанар – жағар май өнімдерін барынша арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде қалаға шоғырландырудың өсуін тудырып, азық-түлік тауарларына, ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранымды кәдімгідей арттырады.

Халықаралық еңбек бөлінісін негізінен үш типке бөледі: жалпы, жеке және ерекше. Жалпы халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз-(бұл ұлттық экономикадағы қоғамдық еңбек бөлінісіне тән) еңбек бөлінісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы: өңдеу мен кен қазу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп т.б. Бұл жағдайда жеке елдердің аймақтық мамандануы қалыпты табиғи-климаттық жағдаймен айқындалады. Ал, халықаралық еңбек бөлінісінің байқалуы экспорт- елдердің индустриялдық, шикізаттық және аграрлық бөлуінен білінеді.

Жеке халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз - елдердің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз. Халықаралық еңбек бөлінісінің бұл түріне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелуі тән.

Ерекше халықаралық еңбек бөлінісі деп әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауын айтамыз.Осы аталған технологиялық саты - өндіргіш күштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип болып келеді.

Халықаралық еңбек бөлінісінің аталған типтері көбіне қабысып жатады. Қазіргі жағдайда ерекше халықаралық еңбек бөлінісінің басым болу үрдісі анық байқалады. Сондай-ақ оның барлық типтері бөлшек және кооперациялық мамандандырылумен толықтырылып, өндіріс процесі кооперацияланады. Мысалы, американың “Форд Моторс” концерні құрастыруға қажет материалдарды 25 мың шет ел фирмасынан сатып алады. Осындай жағдай “Рено” (Франция), “Фиат” (Италия), “Тойота мен Ниссан” (Жапония) концерндерінде және т.б. байқалады.

Өндіргіш күштердің өсуі, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі шаруашылық өмірді интеграциялауға алып барады. Немесе елдер мен халықтардың арасындағы тұрақты экономикалық байланысты дамытып, ұлғаймалы өндіріс процесінің ұлттық шеңберден шығуына ықпал жасайды. Өндіргіш күштердің интеграциялануының өсуі, оның бүкіл дүниежүзілік ауқымдағы экономикалық прогресті қамтамасыз ету шеңберін арттырады. Халықаралық айырбас көбінесе түрлі елдердегі кооперативті кәсіпорындардың арасындағы тауардың жеткізілуін ертерек келістіретін орын түріне айналды. Өндірістің кең көлемді дамуы шикізат пен жанар майды ғаламдық деңгейде қамтамасыз етуді алға қояды және өнімді жаппай экспорттауды талап етеді. Импорттық шикізат пен жанар майды тұтыну АҚШ-та 1/3 есе құраса, Батыс Европада шамамен 2/3, Жапонияда 4/5 шамасында. Кәсіпкерлер ұлттық нарық шеңбері ауқымына ерекше назар аударуда. Экспортқа жалпы ұлттық өнімнің АҚШ пен Жапонияда-10%, Канада, Франция, Германия, Англия, Швеция, Италияда-20-25%-ы шығарылады екен.

Өндіргіш күштерді интеграциялау бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың бір-бірімен байланысын тереңдете түседі. Халықаралық еңбек бөлінісіің жетістігін қолдана отырып, дүниежүзілік шаруашылыққа енетін әрбір ел қоғамдық еңбекті үнемдеуге мүмкіндігі бар. Әсіресе, қажетті машина, жабдықтар, тұтыну тауарлары, қызмет көрсету өндірісінің жаңа түрлерін жасай отырып, оларды басқа да елдермен алмасуы керек . Халықаралық еңбек бөлінісінің бүкіл дүниежүзілік мүмкіндігін пайдалану нәтижесінде елдер арасында экономикалық қатынастардың қалыпты, жан-жақты байланыстардың болуына жағдай туады.

Бүкіл дүниежүзілік халықаралық еңбек бөлінісі - халықаралық экономикалық тұрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті орнатудың басты факторы болып табылады.
14.2. Халықаралық еңбек бөлінісі
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н.Н.Барнский оны – экономикалық жағрапиялық негізгі ұғым деп атады.

Халықаралық еңбек бөлінісі – адам қоғамының дамуы туралы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке аумақтардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар біріншіден, халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден, әлеуметтік – экономикалық жағдайларында, даму деңгейінде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрінде және т.с.с. Мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрлерінің белгілі бір аумаққа бекітілуіне әкеп тірейді.

Бұл жекелеген экономикалық аудандарға қатысты, сондай-ақ халықаралық еңбек бөлінісінің арқасында өзара байланысқан тұтас елдерге де қатысты.Ол ежелгі кезде туған, бірақ, дүниежүзілік шаруашылықтың шығуына байланысты дүние жүзін қамтыды.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің өнімінің белгілі бір түрлерін өндіруге белгілі бір қызмет көрсетуге оларды айырбастауға мамандануынан көрінеді. Халықаралық еңбек бөлінісі уақыт ішінде өзгереді.

Жеке елдердің, өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және белгілі бір қызмет көрсетуге мамандануы өндіруші елдің оларды өз қажетінен артық өндіруін қажет етеді. Ол халықаралық мамандану салаларының, яғни көбінесе өнімді экспортқа шығаруға бағытталған және халықаралық еңбек бөлінісінде елдің “келбетін” бірінші кезекте айқындайтын салалардың қалыптасуынан нақты көрініс табады.

1-мысал. Жапония электроника жасау жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Бүкіл шығарылатын электрониканың шамамен алғанда жартысын ол басқа елдерге экспортқа жібереді. Электроника өнеркәсібі оның халықаралық мамандану саласы.

2-мысал. Канада дәнді –дақылдарды жинау жөнінен дүние жүзінде бесінші, ал экспортқа шығару жөнінен екінші орын алады. Астық шаруашылығы оның халықаралық мамандану саласы. Өз кезегінде, халықаралық мамандану тауарлар мен қызметтің халықаралық айырбасын қажет етеді. Бұл айырбас халықаралық экономикалық байланыстардың дамуынан, жүк тасқындарының саны мен қуатының артуынан көрінеді, оның үстіне, өндіру орны мен тұтыну орны арасында қашанда үлкен немесе кіші аумақтық алшақтық түзіледі.

Дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық еңбек бөлінісі дүние жүзінің барлық елдерін қамтып болғаннан кейін, соңғы онжылдықтарда тереңге қарай өсуде. Олар күрделеніп, жаңа формалар табуда. Халықаралық маманданудың және айырбастың тереңдеуі бірқатар елдердің ұлттық шаруашылығының ерекшеленуіне себепші болады. Сөйтіп, халықаралық еңбек бөлінісінің жаңа, жоғарғы сатысы - халықаралық экономикалық интеграция пайда болды. Ол жеке елдер тобының олардың мемлекет аралық келісім саясаты негізінде тым терең және тұрақты өзара байланыстарда дамуының заңды процесі болып табылады.

Ал,1973-ші жылы төрт мемлекет қосылды: Англия, Дания, Исландия, Греция, 1986-шы жылғы қаңтардан бастап Испания, Португалия қосылып - “Еуропа он екілігі” дүниеге келді. Ұлттық Еуропа парламенті құрылып, өз мәжілісін Страсбург (Франция) қаласында өткізеді. Қызмет саласына қауымдастықтың бюджет-қаржы істерін бақылау жатады. Министрлер Кеңесі ЕЭҚ-тың үкіметаралық органы болып Министрлер Кеңесінің шешімі серіктес- мемлекеттің заңдарымен пара-пар саналады. Кеңес жұмысының аясына қауымдастық қызметінің негізгі сұрақтары толық енеді. Әр мемлекеттің басшысы Кеңес мәжілісіне жарты жыл төрағалық жасайды. Төрағалықтың алмасуы алфавиттік ретпен ауыстырылады.

Еуропалық экономикалық қауымдастық аумағына енген елдерден кеден салығы алынбайды. Сондықтан, тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өзара еркін қозғалып отырады.

Жан басына шаққанда азық-түлік өндіруден Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері АҚШ-ты басып озды. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, автомобиль шығаруда Жапония мен АҚШ-қа басты бәсекелес болды.

Ал, 1967-ші жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің сауда экономикалық тобы(АСЕАН) құрылды. Оған алты мемлекет мүше болды: Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур,Тайланд, Филиппин, Латын Америкасы аумағында 1980-ші жылы сондағы елдерден ең ірі экономикалық сауда тобы құрылды. Мақсаты- аймақтағы сауда мен экономикалық ынтымақтастықты дамыту, басқа елдермен сауда- экономикалық байланыстарды ұлғайту, келешекте латынамерикалық жалпы нарық құру болып табылады. Бұл қауымдастыққа 11 ел кіреді:Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Колумбия, Мексика, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор. Штаб-пәтері Монтевидо (Уругвай) қаласында орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет